Назализация жайлы жазыңыз Маха
Мұрындау (лат. nasus, «мұрын») — дыбыс арқылы мұрын тембрін алудан тұратын және таңдай қабықшасының көтерілуінен және дауыстың бір уақытта ауыз бен мұрын арқылы шығуынан болатын дыбыстың өзгеруі. Мұрынның алдындағы позициядағы дыбыстар (дауысты және дауыссыз дыбыстар) тілде мұрыннан өтуі мүмкін; мұрындықтың одан әрі дамуымен мұндай дыбыстар мұрынға айналуы мүмкін; осы тектес мұрын дауыстыларынан кейінгі мұрын дауыссыз дыбыстары жиі жоғалады. Дәл осындай жағдай орыс және басқа славян тілдерінің атасы болып табылатын жалпы славян тілінде де болды.
Мұрын жолмен жазалатын әріпке мысал: Ң әріпі (бұрын соңды нг болған дегендей)
20. Жазба тіл, оның ауызша тілден ерекшеліктері Маха
Б.Куртенэ тек сөйлей ғана білетін адам мен сөйлей де жаза да білетін адамның санасында айырмашылық барын айтқан.
Ауызша тілдің өзіне тән ерекшеліктері.
Ауызша тілде ең алдымен, сөз экономиясы болады.
Ол: коммуниканттардың паралингвистикалық, экстралингвистикалық, суперсегментті тәсілдер қорына: интонация, жест, тон, темп, мимика, затты көрсете алу, имплицитті семантика, фонға ие болуынан;
конситуация коммуникацияның толық мүшесі болуынан, қоғамдық-әлеуметтік контекстің болуынан;
осыған байланысты сөздердің семантикалық байланысының күштілігі, морфологиялық формасыз, шылауларсыз байланыса беруінен;
аналитизм, инверсияның күштілігінен;
коммуниканттардың санасында вербалданбайтын жасырын мазмұнның болуынан шығады.
Ауызша тілдің көбіне екі жақты болатыны
яғни коммуниканттардың бір-бірін көріп отыруы, мобильділік, қайта реакция жасау мүмкіндігі оның құрылымына әсер етеді. Сондықтан бір сарынды баяндау болмайды, сөз тіркестері қарапайым, коммуникантқа әсер етуші функциясы динамикалық түрде ашық болады, автокоментатор, сөз қайталау жиі пайдаланылады.
|