Ауызша тілде жаңа сөздер, грамматикалық формалардың жаңа жұмсалымы көп болады.
Ауызша тіл, ойлауға қарағанда баяу, жазба тілге қарағанда тез.
Жазба тілдің өзіндік ерекшеліктері.
Жазба тілдің жалпы графикалық ерекшелік, графикалық және графемдік ерекшеліктері бар.
Мәтіннің парақ бетіне орналасуы, азатжол, көз тынысы, (үлкен ашық жол), қаріп түрлері (майлы, ашық, көлбеу әріп), үздікті жазу, асты сызылған жазу, қаріп түсі жатады.
Жазба тілдің қолданып отырған графикасы, әріп саны, әріп тіркесі, әріп
диакритикасы, тыныс белгілер жатады.
Әліпбидегі әріп мәндері, графеманың мазмұн межесі мен тұрпат межесі, тілдің фонологиялық құрылымының графемаларға сәйкес келуі, бір әріптің бір/бір-неше фонеманы, бір/бірнеше фонеманың бір графемаға сәйкес жазба тілдің оқылу және жазылу жүйесі жатады.
Жазба тіл көбінесе екі жақты емес, біржақты акт болатындықтан, ол тілдің ойқұраушы, ойды жарыққа шығарушы қызметіне сай келеді
Жазба тілдің қосымша коммуникация құралдары болмайды
Жазба тілдің қосымша коммуникация құралдары (жест, ми- мика, интонация) болмағандықтан екі түрлі түсінік тудыру қаупі болмас үшін сөйлем жайылма, құрмалас түрлерімен беріледі.
Жазба тіл уақыт пен кеңістік жағынан шектеусіз қызмет ететіндіктен оның лексикалық қоры қарапайым сөйлеу, жергілікті, кәсіби, жаргондық элементтерді алмауға тырысады.
Жазба тіл ауызша тілдің мазмұн байлығын қаріп түрлерімен байытады
(курсив, бояулы, ашық), тыныс белгілермен, азатжол, көп нүкте, лепті, сұраулы белгілермен, ситуацияны баяндау, сөйлеушінің бет әлпетін суреттеумен береді.
|