Жазудың қызметтері Маха Жазу


Жазба тіл санадағы түсінік, пайымдаулардың толыққанды ашылып



бет12/49
Дата25.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#199143
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
Байланысты:
Латын сессия

Жазба тіл санадағы түсінік, пайымдаулардың толыққанды ашылып берілуін қамтамасыз етеді.



  • Жазба тіл ауызша сөйлеудің кем-кетігін толтырып, әлсіз жер-лерін байытады





  • Сөйлеу ойлауға қарағанда баяуырақ, жазу сөйлеуге қарағанда баяуырақ.


  1. Жазу теориясындағы фонема ұғымы Қымбат

Фонема (гректің рhоne – дыбыс, дауыс деген сөзінен алынған) – негізгі тіл единицаларының бірі: тілдің ең аз мөлшердегі мағыналық жігін ажырату единицасы; яғни фонема – тілдің дыбыстық құрылысының ары қарай бөлуге келмейтін ең кішкене мағыналы бөлшегі, сөз мағынасын, сөз тұлғасын ажыратуға себі бар тілдегі ең кіші дыбыстық бірлік (единица). Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салған орыс және поляк тілін зерттеуші И.А. Бодуэн де Куртенэ болып табылады. «Некоторые отделы сравнительной грамматики славянских языков» (1881 ж.) деген еңбегінде фонема сөздің ешбір бөлшектерге бөлінбейтін бөлшектері екенін айтады.


Фонема жөніндегі теорияны негіздеп, оны жан-жақты қарастырған И.А.Бодуэн де Куртенэнің шәкірті ғалым Л.В.Щерба болатын. Ол «Русские гласные в качественном и количественном отношении» (1912 ж.) , «Фонетика французского языка» деген еңбектерінде фонема туралы жан жақты талдау жасайды. Фонемаларды бір-біріне қарсы қойып, сөз мағынасын ажырататындығын анықтаймыз. Осы мәселені фонология заңдылықтарының бірі ретінде тіл біліміне енгізген, фонема оппозициясы жөніндегі теория Н.С.Трубецкой есімімен тығыз байланысты. Осы орайда, қазақ әліпбиіндегі «х»дыбысының тіліміздегі фонологиялық қызметі жөнінде айта кеткен жөн. Мысалы, қош – хош, қабар – хабар т.б. сөздерде «х» фонема қызметін атқара алмай тұр. Себебі сөз мағынасына әсері жоқ. Сондықтан бұл дыбыс орыс тілінен енген сөздерде ғана фонемалық мәнге ие болады. Мысалы, химия, цех. Орыс тілінде кейбір дауыссыз дыбыстардың жуан-жіңішкелігі екі фонема болып, фонологиялық қызмет атқарады. Мысалы, мел – мель, угол – уголь; осы сөздер құрамындағы «л»жуан және жіңішке айтылатын екі фонема деп танимыз. Себебі сөз мағынасына әсер ете алады. Сонымен, фонеманың негізгі қызметі сөз мағынасына қатысты деп білеміз. Дәлірек айтқанда, фонема сөз мағынасын ажырату, сөз мағынасын өзгерту қызметтерін атқарады екен. Қазақ тілінде барлық дауысты фонемаларды қарама-қарсы қойып, олардың мағына айқындау қызметін атқаратындығына көз жеткізуге болады. (Мысалы: жол – жұл, жақ – жық, жөн – жүн). Ал дауыссыз фонемалар өздерінің әр түрлі айырым белгілері арқылы мағына айқындауға қатысады. (Мысалы: тал – дал, шақ – жақ, мал – бал). Дауыссыз дыбыстардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік болып бөлінуінің фонематикалық маңызы жоқ, олардың бұлай айтылуы негізгі фонеманың реңктері деп танылады. Демек, фонема туралы айтқанда негізгі фонема, яғни инвариант фонема мен оның реңктері арасындағы айырмашылықтарды білген жөн.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет