Қыпшақ тілінде консонантизм ыңғайында пайда болатын дыбыстық құбылыс Дариға
Қыпшақ тілі ол біздің қазақ тілі. Дауыссыз дыбыстарға байланысты пайда болатын құбылыстар, мысалға с-ның ш-ға айналуы, й-дың ж-ға айналуы. Қыпшақ тілінде пайда болатын құбылыс ол біздің й мен емес ж мен сөйлесуіміз. Біз қазақ тілінде тас деп айтамыз, қыпшақ тілінде көне түркіде таш болып айтылған. <қ>, <ғ> дауыссызы басқа дауыссыздарға қарағанда ерекшеленетіндіктен жеке-жеке әріп арнадық дейді, сондай-ақ <ж>, <ш> фонемалары жіңішке тілалды ғана болып айтылатынын ескертеді. Сонымен бірге ғалым ЖТ-да мынадай морфонологиялық алмасулардың таңбаланатынын кӛрсетеді: <б>-<у> (табыб-тауыб ), <м>-<н> (Махамбет, ‡мбет), <н>-<д> (кімді), <д>-<н> және 0 (кімнен; мен(д)ен-менен). Ал сӛз басындағы л, р әріптерінің алдына әнтек естілсе де ы, і қысаңдарын жазу дұрыстығын оларға күшейткіш буын лап-лас, рап-рас деп емес, ып-рас, ып-лас болып жалғанатынына негіздейді. Мұнда байқалатын ӛзгелешік [и] дыбысы бірде і, бірде j белгісімен, <ғ>-ны қ таңбасымен, [дж] дыбыс тіркесін – n әрпімен және <л> фонемасын латын графикасындағы l-мен берілуі болып табылады.
(Осылай алмасуларын түсінікті етіп жазасыңдар, ғалым сөзі анау-мынау деп керек емес)
Дауыссыздардың қосарлануы Алина
Қосарлы дауыссыздар —
Сөз ішінде бір дауыссыз дыбыстың қайталанып келуі. Кейбір кірме сөздердің түбір морфемаларындағы ұяң, үнді қосар дауыссыздардың бір сыңары әдетте басқа ұяң дыбысқа ауысып (уммәт — умбет, һамма — әмбе) немесе мүлде түсіп қалады (махаббат — махабат, ләззат — ләзат). Бір дауыссыз дыбыстың түбір сөзде қосарланып келуі қазақ тілінде сирек құбылыс. Мысалы: ашшы (ащы), түшшы (тұщы), қатты, тәтті;
Созылыңқы дауыссыздар. Айтылуында созылыңқылық байқалатын дауыссыз дыбыстар. Қосарлы дауыссыздар жалпы тіл білімінде "Гемината" деп аталады.
«Қазақ» этнонимінің жаппай қолданыла бастауы Алина
Қазақ — Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер «қазақ» терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездескен. Ғалымдар Византия императоры Константин Багрянородныйдың (10 ғ-дың орта шені) Кавказдың солт.-батысында жатқан “Казакия елі” деп айтқан мәліметтерін келтіреді (Н.М. Карамзин, А.Вамбери, т.б.). Осының негізінде Қазақ халқы 10 ғ-дан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалды. Бірақ, түпнұсқада (грекше) “з” әрпі емес, “с” әрпі берілген. Демек, ел атауы касакия деп оқылуға тиіс. В.Минорский Константин Багрянородный хабарын түсіндіре келе, Касакия деп касогтар айтылатынын дәлелдеді. Қазақия және Қазақ халқы атауына зерттеушілер мұсылман дүниесінің жазба деректемелерін де тартты. Мысалы, араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масудидің “Өсиет және қайта қарау кітабы” деген шығармасында Кубань өз. маңындағы кавказ халықтары мен тайпаларының атаулары арасында кашак этн. қауымы – әл-касакия жазылған. Неміс шығыстанушысы И.Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос – касогтардың атауын беретіндігін анықтады. Авторы белгісіз парсы тілді “Худуд әл-алам” деген геогр. еңбекте Қара т. жағалауында орналасқан Касаг қ. туралы (этн. қауым емес) деректер келтірілген. “Повесть временных лет” шығармасында Святослав (965) пен Мстиславтың (1022) касогтармен жүргізген соғыстары туралы мәліметтер бар. Касог термині алғаш 8 ғ-дың аяғы – 9 ғ-дың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касак, касакия, касак, казак, касог атаулары алдыңғы орта ғ-лардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын (немесе тайпалар бірлестігін) білдірудің әр алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің касог, касахия (казакия) атауымен байланысы туралы пікір мейлінше декларативтік сипатта, олардың арасындағы тарихи сәйкестік әлі де болса зерттелуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |