Ең алғашқы дыбыстық жазу қай ғасырда пайда болыд және оны қай халық ойлап тапты? Қымбат
Таза күйінде консонантты дыбыстық жазу б.з.б. ІІ-мыңжылдықтың ІІ-жартысында пайда болса, вокалданған дыбыстық жазу б.з. І-мыңжылдығының басында пайда болған. Дыбыстық жазу (әріп жазуы) – жазудың дамып жетілген түрі, тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Дыбыстық жазулардың ең көне түрлері – финикий, арамей және грек жазулары. Консонантты жазу ең алғаш египет жазуында пайда болды. Оның себебі, В.А. Истриннің айтуынша, ежелгі египет тілінің семит тілдерімен (ассиро-вавилон, финикий, арамей) ортақ бел- гілері болуында, яғни дауыссыз дыбыс ерекше грамматикалык мағынаға ие болды да, дауысты дыбыс көмекші функцияда жұмсалды. (Консонантты деген дыбыстық деген)
Пратүркілік с дыбысының даму барысында пайда болған аллофон Қымбат
Аллофон — бір дыбыстың айтылуындағы ауытқу, басқаша айтқанда, фонеманың жүзеге асырылуы, оның айналасындағы нақты фонетикалық жағдайға негізделген нұсқасы.
«С» дыбысының аллофоны көп жағдайда «Т» болады.
Саяз-таяз деген сияқты сөздерді алуға болады. (Бір-бірімен синоним сөздер)
Көне ұйғыр алфавитіне назар аударып, «Бабырнама» мен «Кодекс Куманикус» жәдігерліктерін, көне бұлғар ескерткіштерін зерттеген неміс шығыстанушысы туралы жазыңыз Аида
«Кодекс куманикус» жазба ескерткішінің жазылу тарихы, оның тілдік ерекшеліктері жайында көптеген ғалымдар зерттеп те, жазып та келеді. Олардың қатарынан 1828 жылы «Қыпшақтар кітабы» жайында алғаш мақала жазған Г.Клапротты, А.Гаркавецті, Я.Дашкевичті, Ә.Құрышжановты, Н.Келімбетовті, М.Жолдасбековті, А.Кыраубаеваны және басқа да ғалымдарды атап өту керек. Жақында осы ғалымдардың қатарына «Кодекс куманикус» – бабалар болмысының баяны» атты ғылыми кітабымен журналист-қаламгер Зәкім Жайлыбай қосылды.
«Алтын шыққан жерді белден қаз» дегендей, автор 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірерде жазған «Кодекс куманикус» ескерткішіндегі септік жалғаулары және оларды қазіргі түркі тілдерімен салыстыру» (қазақ, қарақалпақ, ноғай, құмық) атты диплом жұмысын орта жолда тастамай, оны жаңа ой-пікірлерімен толықтырып, іргелі зерттеу жүргізіпті. Зерттеуші З.Жайлыбай ғылыми еңбегін «Кодекс куманикус» – бабалар болмысының баяны» деп өте орынды атаған. Себебі осы әдеби жәдігер арқылы кейінгі ұрпақ өздерінің бабаларының әлемді тітіреткен ұлы держава құрып, қыпшақ тілінің қазіргі ағылшын тілі сияқты халықаралық қатынас тілі дәрежесіне жеткенін мақтаныш етеді. Автордың зерттеу нысанына алған осынау жазба ескерткішті зерделеу барысында өзіндік соны пікірлерін Тәуелсіз елдің азаматына сай талғаммен ұштастыра отырып, ұлттық дүниетаным тұрғысында қазіргі қазақ тіл білімі саласында алар орны жоғары, маңызды да келелі мәселелерді қамтығандығы байқалады.
«Кодекс куманикустің» бірінші бөлімін ең алғаш француз тіліне аударып бастырып шығарған көрнекті ориенталист, синолог, академик Генрих Юлий Клапрот (1783-1835) болды. Ол өзінің «Азия туралы зерттеулер» деген диссертациялык жұмысында қолжазбаны «Ф. Петрарка кітапханасынан
алынған латынша-парсыша-куманша сөздік» деген атпен жариялады (Париж, 1828 ж.) «Кодекс Куманикусті» екінші рет түгелдей (екі бөлімін де) латын тіліне аударып, 1880 ж. Г. Кун Будапешт қаласында бастырды. Баспа үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «Алғы сөз» бен үлкен «Кіріспе» бар. Кіріспеде кумандардың тарихы, олардың басқа түрлі халықтармен (хазарлармен, печенегтермен, массагеттермен,Туран ойпатынжайлаған тағы басқа тайпалармен,орыстармен)қарым-қатынасы, ру-тайпалық құрылысы, (аномастика мен топонимика бойынша) ерекшеліктері, діні, саяси-әлеуметтік құрылысы сияқты мәселелер сөз болады.
«Кодекс Куманикус» үшінші рет В.В.Радловтың аудармасымен Санкт-Петербургте басылып шықты (1887). Бірақ бұл толық аударма емес: Г.Кун баспасының әр жерінен бір үзінді алған да, оны орыс алфавитінің үлгісімен траяскрипциялап, неміс тіліне аударып берген.
Бұл басылымның мазмұны мынадай:
1)Алғысөз. Онда куман тілінде келтірілген 15 жұмбақ талданады.
2) Куманша-немісше сөздік (2217 сөз).
3) Жеке сөйлемдер мен сөз тіркестері.
4) Куман текстері мен олардың аудармалары:
5) Сөз тізімі (3024 сөз).
6) Түзетулер (33 сөз).
1936 ж. Дания ғалымы К.Гренбек қолжазбаның түпнұсқасын (факсимилесін) басып шығарды. Бұл «Кодекстің» 4-рет басылуы еді. Мұның өзі ескерткіштің кейінгі зерттеушілеріне тұпнұсқамен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызып, кейбір сөздің дұрыс-бұрыстығы туралы осыған дейін болып отырған айтыс-тартыстан құтқарды.
«Кодекс Куманикустың» соңғы, бесінші баспасы да К. Гренбектің қолынан жарық көрді. Ол куманша-немісше сөздік есебінде арнаулы алғы сөзімен қоса жарияланды (1942 ж., Копенгаген, 2728 сөз). Онда алғы сөзден басқа куман сөздерінің орфографиясы мен орфограммасы, куман тіліндегі дыбыстардың айтылу ерекшеліктері, сөз жасау тәсілдері жайында бірқыдыру әңгіме болады. Мұндағы куман сөздері латын әріптерінің негізін де жасалған ғылми транскрипциялық жүйемен берілген. Әр сөздің түпнұсқасы қолжазба бойынша дәл көрсетіліп отырылды. Сөйтіп, К.Гренбек баспасының арқасында куман сөздерінің оқылу принциптері бір ізге түсіп, көп жеңілдік тапты. Соңғы іргелі зерттеулердің бірі А.Н.Гаркевицтің толық басылымын ерекше айту керек. Бұл басылымда «Кодекс куманикус» туралы мәліметтері мен ғылыми аудармалары толыққанды зерттеліп ұсынылған.
Қазақ ғылымында «Кодексті» бірінші болып белгілі тілші-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбжан Құрышжанов зерттеп, көптеген еңбектер жазды. 1956 жылы ол «Кодекс Куманикус» тілінде септіктердің тұлғалары мен мағыналары» деген тақырыпта кандидаттық, 1968 жылы «ХІІ-ХІV ғасырлардағы ескі қыпшақ ескерткіштері» деген тақырыпта докторлық диссертациялар қорғады.
Достарыңызбен бөлісу: |