Жазудың жалпы даму тарихын жазыңыз Шырын
Жазудың тарихына тоқталар болсақ, жазатын деректер аз емес. Көп деректерді ағылшындық ғалымдардың еңбектеріне сүйенуге болады.
Мысалы: В.А. Истриннің “Возникновение и развитие письма” және “Развитие письма” деген еңбектерін мұқият қарайтын болсақ, сұрағымызға жауап ала аламыз.
Қазақ тілінде де түрлі бәрақ сирек кездесетін еңбектер болғандықтан, әдістанымдық негізді қаоаған дұрыс.
Жалпы, адам ең бірінші жеке қасиетімен, екіншісі әдеуметтік қасиеттері арқылы өзінің ойын, мінезін, құлқын түрлі еңбектер арқылы шығара алады, соның ішінде, ән айту, билеу, өзгемен қарым қатынаста болу, сурет салу және т.б
Тарихқа қарайтын болсақ, адам қоғамсыз өмір сүре алмаған және алмайды да. Сол себептен, қоғам болып бірлескен өз ойын алғашынла адамдар түрлі суреттерді тасқа қашап суреттеу арқылы көрсеткен.
Яғни, жазу сурет өнерінен алшақ қарастырылды. Ол қоғамдық ортамен келісілген адамдардың қарым қатынасының құралына айналды. Адамдар алғашында бастан кешкен оқиғаларын, қызықтарын барлығын белгілі бір иероглифтермен қашау арқылы суреттермен бөліскен. Жазу сөзі towrite деген сөзден алынып, қолданысқа енген.
Басында әр адам тек осылай суретпен көрсетсе, уақыт өте келе адамдар соны түсініп, қабылдай білген. Міне осылайша жазудың сипаты осылай көрініс алған. Және ол кезде өз ойын анық суретпен жеткізе білетін адам саны аз болғандықтан, ол адамды құдай жіберген деген түсінікте қабылдаған. Бұл жазудың бастапқы түрі-пиктографиялық жазу болды.
Бұл жазу бойынша Дрингердің пікірінше, адамдар бұны біреулер біреуге бірдеме түсіндіру мақсатында емес, олар тек өзінің сезімдерін суретке түсірген деп айтады.
Ғалымдар жазу түрлері туралы әртүрлі пікір айтады. И.Е.Гельб, Л.В.Зиндер сурет жазуын жазу емес, логографиялық жаудың алдындағы саты деп нақтылап көрсетеді.Гельб «жазу» ұғымына фонографиялық жазуды сәйкестендіреді. Оның топтастыруынша, фонографиялық жазу сөз бен буын жазуын, (шумер, египет, хэтт,қытай), буын жазуын (финикий, жапон) және әріп жазуын (грек, арамей, латын) қамтыды. Ал, Истрин пиктографиялық жазуды бірге қосып, оған логограмма, морфеграмма, силлабограмма, фонограмма бірліктері қосты.
Америка, Қиыр солтүстік өкілдерінде, Франция, Шумер жане тб мемлекеттерде осылайша сурет салу арқыды жазу үлгісінің түрлері көрсетілді.
Ал Қазақстанда, Алматы Таңбалы сай , Ақсу, Қапал, Қарағанды, Талдықорған облысы және Ұлытаудан табылды.
Логографиялық жазуды ең алғаш қолданған шумерлер болып келеді.
Гоммель, Х.Иенсен, Дж.Болли, И.Гельб сынды ғалымдардығ айтуынша басқа жазу түрлерінің барлығы шумер жазуынан бастау алған.
Ең алғашқы жазу Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығында Месопотомия өлкесінде, шумерліктерде б.э.д. 3100 ж. пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |