Жазудың қызметтері Маха Жазу


Орхон ескерткіштерінің текстін зерттеген қазақ ғалымы Аида



бет33/49
Дата25.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#199143
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
Байланысты:
Латын сессия

Орхон ескерткіштерінің текстін зерттеген қазақ ғалымы Аида

Отандық түркология тарихында соқ­тықпалы соқпақсыз заманда тың­ға түрен салған, жасқанып мұқалып қалмай, өз бетімен өрге ұмтылып, та­банды ізденістерге барған, Орхон мұра­ларының қазақ тіліне қатысын зерделеп ізашар еңбек жазған, көрнекті ға­лым, тіл білімінің алдыңғы алыптар буы­ны өкілдерінің бірі – бүгіндері 100 жылдық мерейтойы аталып отырған, Қазақ­станның ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, филология ғылымдарының док­торы, профессор Ғұбайдолла Ай­даров. Ол отандық түркологияда көне түркі бітік жазбаларын алғаш зерттеп, мез­гіл өзгерісінің хабаршысы болған қарлы­ғаштардың бірі еді. Ғұбайдолла Айдаровтың еңбектерінде түркологияның лингвистикалық, атап айтқанда, морфологиялық, лексикалық, фонетикалық қыр-сырларын айқындауға, қазіргі түркі тілдерімен байланыстарын ашуға ерекше көңіл аударылды. Әл­бетте, Ғ.Айдаров өзінен бұрынғы зерт­теушілердің еңбектерінен хабардар болды. Айталық, түркиялық ғалым Хусейін Намык Орхун, В.В.Радловтың көне түркі жазба ескерткіштеріне қатысты ғылыми еңбектерін толық көшіріп, түге­лімен қазіргі түрік тіліне аударып 1936-1941 жылдары жариялады. Ал бүкіл ресейлік түркологияның көне түркі жазба ескерткіштерін жайында үстелдегі бірден- бір хрестоматиялық оқу құралына айнал­ған әйгіл түрколог С.Е.Маловтың «Көне түркі жазба ескерткіштері» атты іргелі еңбектері (1926, 1936, 1951, 1952, 1959 жылдары жарыққа шығарды) де бар еді.


С.Е. Маловтың да түркі тілдерін топ­тас­тырғанда «тірі тілдер» және «өлі тіл­дер» деген «жасанды» шарттарды, оған қоса «көне тілдер» (оғұз, ұйғыр, тофа, тыва, хакас, шор), «жаңа тілдер» (әзербайжан, құ­ман, қыпшақ, түркі, түркімен, т.б.), «жап-жаңа тілдер» (башқұрт, қазақ, қарақалпақ, қыр­­ғыз, құмық, ноғай, татар, ойрат, чуваш, якут) қойған болатын. Бұл түрко­логия­да тарихи-лингвистикалық дәстүрлі сабақ­тастықтарды жоққа шығарған «идео­логия­лық мәселе» болатын. Сон­дық­тан да, бел­гілі қазақ ғалымы Сәрсен Аманжолов «Ежелгі түркі жазба ескерткіштері және олар­дың қазіргі түркі тілдеріне қатысы қан­дай» деген өзекті мәселелерді көтерген еді.
Сайып келгенде, көне түркі жазуына әрі сол ежелгі тілде сөйлеушілерге «жап-жаңа тілдер өкілдерінің қатысы жоқ» деген кеңестік шовинистік пиғыл, астыртын шектеу бүркемеленіп жатқан еді. Сол себептен Қазақстанда түркология саласының, әсіресе жазба ескерткішті оқитын мамандар даярлауға мәскеулік билік рұқсат бермей келген еді, тіпті ескерткіштерге барып көзбен көріп зерттеуге мүлдем тыйым салған еді. Бұл бөгеттерге қарамастан, ағысқа қар­сы жүзген Ғ.Айдаровтың «Тониукук ес­керт­­кішінің тілі және оның қазіргі кейбір түр­кі тілдеріне қатысы туралы» атты ғылы­ми кандидаттық диссертациясы «өлі тілдерді» тірілткен алғашқы қа­дам, ба­йыпты талдау болатын.
Осы саланы кеңейтіп, докторлық диссертация етіп «Енисей-Орхон және Талас ежелгі түркі жазбасы тілінің лексикасы» атты тақырыпта түркологияның дәстүрі үзіле қоймаған, әйгілі Түркологиялық бірінші конгресс өткен, кейіннен 1970 жылдардан «Советская тюркология» журналы жарық көре бастаған Әзер­байжан астанасы Баку қаласында әзери тілінде қорғап шығады. Ресми оппонент­тері Әзербайжан ҒА-ның корреспондент-мүшесі А.М.Демирчи-Заде, филология ғылымдарының докторлары, профессорлар Э.И.Фазылов, М.А.Хабичев, Т.И.Гаджиев бастаған ғалымдар ғылыми еңбекке жоғары баға береді.
Ғ.Айдаров түркология туралы айтқан сұхбаттары мен естеліктерінде «Біз осында... менің зерттеу салам бойынша үш-ақ адамбыз. Ал бұл жастарды ойланту керек емес пе?!» деуі осы салаға мамандар аса қажеттігін ескерткен дабылы еді. Қазақстандық «рунологтер» қатарында Алтай Аманжолов, Адай Есенқұлов сынды саусақпен санарлық қана ғалымдар көне түркі жазбаларын зерттеуді нысан еткені белгілі.
Ғ.Айдаров көне түркі жазбаларына қатысты «Язык Орхонского памятника Бильге-кагана» (1966), «VIII ғасырдағы көне түркі жазулы Орхон ескер­ткіштерінің тілі» (1971), «Көне түр­кі жазба ескерткіштерінің тілі» (1986), «Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі» (1991), «Күлтегін ескерткішінің тілі» (1995) сынды он­шақты монографиялық және жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтардың, 250-ден астам зерт­теу мақаланың авторы. Ол ЖОО-да оқы­тылатын студенттерге арнап көп­те­ген оқу бағдарламасы мен оқу құ­­рал­­­ын дайындап жариялаған, ғы­лыми еңбектерінде көне түркі ескерт­кіш­те­рінің мәтіндерін қазіргі графика бо­йынша транскрипциялап, олардың тілін линг­вистикалық тұрғыдан жан-жақ­ты талдаған, ескерткіштер тілінің қазір­гі қа­зақ тіліне жақындығына жіті назар аударып зерттеген ғалым.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет