Жазудың қызметтері Маха Жазу


Қазақ жазуының негізін салушы ғалым Маха



бет34/49
Дата25.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#199143
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49
Байланысты:
Латын сессия

Қазақ жазуының негізін салушы ғалым Маха

Ең алдымен, Ахмет Байтұрсынұлы – жаңадан жазу ойлап тапқан жан. Қазақ тілінің төл дыбыстарын дәл көрсететін әрі оқуға жеңіл әліпби құрастырған.


Орыс және татар ғалымдары мұны "Байтұрсынұлы жазуы", "ұлттық жазу", "тәртіпті жазу" десе, Ахмет атаның өзі "Қазақ жазуы" дейді. Ал қарапайым халық оны "төте жазу" деп атап кетті. Ғалым бұл жазуды түзуге 1910 жылы кірісіп, небары 2 жылда дайындап шықты. 1912 жылы халыққа таныстырды. Ғасырлар бойы өзгертілмеген араб графикасына қазақ ғалымы алғаш рет өзгерту жасады. 16 жылдай қолданыста болды. 1924 жылы бұл жазу ресми түрде бекітілді. Бірақ 1929 жылы өздеріңіз білетіндей, кеңес идеологиясының күшеюінен елге латын қарпі күштеп енгізілді.
Ахмет Байтұрсынұлы араб алфавитіндегі қазақ тілі дыбыстарына қажеті жоқ таңбаларды алып тастап, қазақ тіліндегі дыбыстардың әрқайсысына жеке таңба белгіледі. Сөздің жіңішкелігін білдіретін «дәйекше» деген белгіні енгізуді ойлап тапты. Ғалым Еуропа мен Азия халықтары алфавиттерінің жасалу, қалыптасу тарихын едәуір тексеріп шыққан өте зерек лингвист болатын.
"Байтұрсынұлы әліпбиін" ең озық әліпбилердің қатарына жатқызуға болады. Өйткені жалпы жазу теориясы бойынша белгілі бір тілдегі фонемалардың санынан оны таңбалайтын әріптердің саны көп болмаса, тіпті аздау болса, ондай әліпбилердің жүйесі өте жақсы деп бағаланады. Байтұрсынұлының әліпбиі – осы қағидатқа сай мұнтаздай таза әліпби. Мысалы, қазақ тілінде 9 дауысты, 17 (19) дауыссыз, барлығы 26 фонема десек, "Байтұрсынұлы әліпбиіндегі" әріптердің саны 26-дан аспайды. Нақтырақ айтсақ, ғалым қазақ тіліндегі дыбыстардың санын 24 деп көрсетеді. Оның бесеуі – дауысты: а, о, ұ, ы, е. 17 дауыссыз дыбыстар: б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н. Жарты дауысты дыбыстар: у мен й.
ХХ ғасыр басында Ресей академигі Я.Яковлев "Байтұрсынұлы жазуы әліпби құрылымының математикалық жүйесі" деп баға берген.
Қазақ ұғымына икемделген, барынша қарапайым да түсінікті Байтұрсынұлы жазуын жұртшылық, әсіресе мұғалімдер қауымы қуанышпен қабылдады. Бұл жазу 1912 жылдан 1929 жылға дейін қазақ-орыс мектептерінде, мұсылман медреселерінде қолданылып келді. Тіпті бұл жазуды өзге түркі тілдес елдер де үлгі тұтып, ұлттық жазу деп таныды. "Қазақ" газеті де осы әліпбимен шыққан.
Төте жазуды қазір Қытай, Иран, Ауғанстан және Түркия қазақтары қолданады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет