"жазушы" баспасы


Бірінші бөлім ӘДЕБИЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ



бет3/17
Дата08.06.2018
өлшемі1,77 Mb.
#41631
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Бірінші бөлім



ӘДЕБИЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ



АР ДАҚТЫ АНАМ ТІЛІ


«Тілді жеке бір адам жасай алмай-

ды, оның түпкі иесі – халық, мына тіл мамандары халық тілінің әр алуан құ- былыстарын заңдастырып, бір жүйеге салады, ал жазушы сол тілдің заңда- рына сүйене отырып, өздерінің мәңгі өлмес еңбектерін жазып қалдырады»1



В. Г. Белинский.
Өзінің туған тілін, әдебиетін сүйе білген адам, бөгде елдің де тілін, әдебиетін сыйлай алады.

Қазір, шүкіршілік, мамандарымыз өсіп келе жатыр. Әр салада - ақ өндіре еңбек істеп жүрген қабілетті қаламгерлеріміз бар. Мұндай гүлденген дәуірімізді көріп отырып, қуанбайтын аға буын болмасқа тиіс. Алдында үлгілі ағалары бар жастар қайнап, қаулап өсе бермек. Міні, қуаныш та, жұбаныш та осы.

Өмір жолы ұзақ-сонар. Әлі талай асқаралы кезеңдер алдымызда.

«Сан керуен көшіп өткен Бір жұрттағы жолдаспыз. Көшкен кайта қонған емес, Біз де қайта қонбаспыз...» –



деп, Сәкен аға тірі жүрген жандардың басына келетін шындықты шерткен.




1 В. Г. Белинский. Полное собр. соч.,Изд. АН СССР, том 1стр. 44. (Литературные мечтания).

«Бір аштың бір тоқтығы болады, бір тоқтың бір жоқтығы болады» деген қазақ елі. Табиғат көрінісі де осыны дәлелдейді. Іле өзенінің арпасы ұзын бойында ылғи кең бола бермейді, тар жері де кездеседі. Өмір ұзын аққан өзендей.

Мәдениеттің өсіп-өркендеуі де бір қалыпты болмайды. Сондай- ақ бүгін дүние жүзінде екі ұлы тіл болса немесе екі ұлы әдебиет болса, соның бірі орыс әдебиеті, орыс тілі, ал ол тіл біреу болса, соның өзі орыс тілі екені даусыз. Ал еңді осы тіл «кеше қандай еді, бүгін қандай болды?» деген сұраққа жауап беру үшін, осы салада талмай еңбегін сіңірген орыс елінің ұлы азаматтарын тізе кетсек те теріс болмас. Солардың біріншісі XVIII ғасырдың орта шенінде болған М. В. Ломоносов (1711 1765) еді, сол кісі айтқан екен: «Талай тілдің әміршісі (повелитель) орыс тілі. Европа тілдерінің бәрінен де мұның зор болуы тек қана жайлаған өлкесінің кеңдігінен емес, өзінің ұшан-теңіз байлығынан, шетелдіктердің біразына бұл сөзім оғаш та көрінер, сонсоң өз тілінен гөрі, бөгде тілдерді меңгере білуге әуестене ұмтылатын орыс адамдарына да аса ұнай қоймас... Римнің императоры Бесінші Карл: «Испан тілінде құдаймен сөйлесу дұрыс, французша достармен, немісше дұшпандармен, итальянша әйел жынысымен әңгімелесу мақұл», депті. Егер ол орыс тілін жетік білген болса, онда, әрине, солардың бәріне де орыс тілінің бір өзі төтеп бере алады, деп косқан болар еді-ау, өйткені ол орыс тілінен испан тілінің әсемдігін, француз тілінің жеңі л жорғалығын, неміс тілінің ысқаяқ қатқылдығын, итальян тілінің нәзіктігін табар еді, оның үстіне орыс тілінен уақиғаны суреттеуде грек пен латын тілдерінің байлығын да, ықшамдығын да көрер еді»,1 деп ұлы нақыл айтқан болатын.

Орыс тілін өркендетуге күш салғандардың екінші-






1 М. В. Ломоносов. Полн. собр. соч. т. VIII. стр. 391-392
24
сі – Н.М. Карамзин (1766–1826) айтыпты: «кейбіреулер (әрине, орысша кітап оқымайтындар),— дейді ол, – орыс тілін нашар білетіндігін сөйлеп, кешірім сұрайды: мұндай өтініші қылмысты болудан да жаман ғой. «Орыс тілі тұрпайы-ақ, француздың

«сһач ап» («милый»), «ерап іоп» («излияние») және «ареич» («причуды») деген сөздерін орысша жеткізе алмайсың, қысқасы, орыс тілін білу үшін әрекет жасаудың қажеті жоқ», деп зиялы кауымның ибалы келіншектері соғып отырады. Ол келіншектердің қу далаға лағып отырғанын дәлелдеуге кімнің батылы барар?!. Бірақ еркек адамдардың бұлай жалған айтып, сыпайгершілік жасап, тәлімсуінің жөні жоқ-ау, сірә!

Біздің тіліміз шешен сөйлеуге, әуенді ырғаққа, төгілме поэзияға өте ыңғайлы, оның үстіне жүрек пен сезімнің нәзік құбылысын мәнерлеп беруге де өте икемді. Орыс тілі дыбыс гармониясын беруде француз тілінен әлде кайда бай, адамның ішкі жан-жүйесін тебірендіруге де өте икемді-ақ!.. Сорымызға қарай, біздің бәріміз де французша сөйлеуге құмартып тұрамыз, өз тілімізді жонып жөндеуге әрекет істейміз, өзара сөйлесе кеткенде, кейбір нәзік жәйттерді түсіндіре алмауымыздың сыры да осында ма, қалай? Бір шетел министрінің мағ ан айтқан сөзі есімде: «Сіздердің тілдеріңіз өте дөрекі болу керек, өйткені менің байқауымша, орыстар өз тілінде сөйлескенде, бірін-бірі түсінбейтіндіктен, француз тіліне жармасады-ау деймін!» деді. Осындай есалаң ұйғарым жасатуға себепкер өзіміз емес пе ? Заты, тіл отанын сүйетіндер үшін қажет болса керек» 1 депті.

Н.М. Карамзиннің артын-ала орыс тілін қорғап сахнаға Никита Яковлевич Бичурин (лақап аты – «Отец Иакинф» (1777–1853) шықты. Бұл А.С. Пушкиннің досы, ұлты чуваш, сол кісі қытай жылнамасындағы тарихи деректерді орыс тіліне аударып бастырғанда, патшашыл реакционер






1 Н. М. Карамзин. Соч. т. VII, 1802, стр. 137-138.
.

Осип Иванович Сенковский (Россияға сіңісіп, профессор болып қызмет істеген, бүркеншік аты «барон Бранбеус») мақала жариялады, сонда:

«Қасиетті Иакинф көкеңнің (Никита Яковлевич Бичуриннің) еңбектерін оқығанда, әттегене-ай; осы шығармасын ол неге французша немесе ағылшын тілінде жазбады екен деп қынжыламыз. Өйткені ғылым дүниесінде белгілі орын тебе алмай келе жатқан орыс тілінде жазылғандықтан бұл туынды үшін көзі жоғалған еңбек болып есептеледі»,1 деді. Сыншы профессор О.И. Сенковскийдің осы пікіріне орыс тілінде ғылыми еңбектің жазылуына қасарысып қарсы шыққан кыңыр ойына Н.Я. Бичурин былай жауап қайырған екен: «Егер Бірінші Петр заманынан бастап, осы уақытқа дейін алды-артымызға қарамай, үнемі шетел жазушыларына табынып еліктей бермесек, біз мәдениеттің сан-алуан саласында да өз бетімізбен баяғыда-ақ өсіп-өркендеп кетер едік-ау! Ғылым жолында шетелдіктер бізден көп бұрын озып кетті деп ойлау, сондықтан солардың ғана айтқандарын қотара беруіміз керек деп шамалау мүлде теріс бағу. Осындай доғал да тұрпайы пікір ғылымның әр саласында- ақ біздің ақыл-парасатымызды кері кетіріп келеді. Біз өзімізше (орысша) ойлануды доғарып, бөгде елдерше долбарлауды міндетімізге алғандаймыз. Егер бір француз немесе неміс бірдеңені қоқсыта қалса-ақ, біз соны соқырқай пысықтайтын болсақ, үнемі артта қалуымыз даусыз, біздің ақыл-парасатымыз бөтен біреулердің топшылауларын ықтап, солардың көлеңкесі болып қалмас па? Ескерте кетелік, олардың тосын топшылаулары көбінесе орашолақ, ылғи өрескел де келеді ғой»,

– депті Я. Бичурин.



Беріректе ана тілін көркейтуге, жаңғыртуға жанын салған А.С. Пушкин, Н.В. Гоголь, А. И. Герцен сынды ардагерлер болды. Пушкиннен Горькийге шейінгі, Герценнен Ленинге шейінгі орыс классикте-

1 О. И. С е н к о в с к и й. Собр. соч. том VI. СПБ.1859, стр. 27—28.

рінің бәрі, ұлы орыс ғалымдарының күллісі жаңа орыс тілін жасады, оны француз, неміс тілдеріне жұтқызбады. Осы арнаны қуалап Н. А. Некрасов та ананың қадірін, ананың тілін аспанға көтерді. Оны тұтқында отырып, 1919-жылы қазақшаға аударып, Сәкен толғанды:

Тыншығар біраз жылап сүйген жары, Ұмытар жақын деген достың бәрі; Дүниеде ұмытпайтын жалғыз-ақ сол, Сорлы ана, көкірек жарған қайғы-зары?..

Ананың қасиетін М. Горький де терең толғады. Оны қазақ тіліне сөз зергері Ғабит аға жеткізді:

«Анасыз ақын да, батыр да болмайды. Аристотельді де, Фирдоусиді де ана тапты. Іскендір мен соқыр Гомер де ананың баласы...» деді.



Өмірінің көбін шетелде өткізіп, өзінің ана тілін сағынғанда; Иван Сергеевич Тургенев те зарығып сөйледі. Тургенев өлерінен бір жыл бұрын туған тілге гимн жазды. «Орыс тілі» («Русский язык») аталған қара сөзше өлең туғызды. Оны Ісләм Жарылғапов қазақша туындатып күй шертті:

«Туған елдің тағдыры не болар деп қайғырып шерге бөккен ет жүрек зар жылаған шақтарда, уайым-күдік молығып, қапалы көкірек долығып қақ айрылған шақтарда, – уа ұлығатты, құдіретті, адал, дарқан орыс тілі! Сен ғанасың серігім, тірегім! Сен болмасаң ішқұсама жалғыз ем, ел халінің сыйқы анау мен түңілмей қайтер ем? Жә, тегінде, осындай тіл осал елге бітер ме? Жок, әзелде тілі зордың елі зор; осы сынды асыл тілді абзал халық болмас қор!» деді. Туған елдің, ана тілдің сол кездегі екіталай, ауыр халін орыс ойлылары осылай күңірене уайымдады да, болашаққа осылай асыл армандарын аттандырды да.

Ол дәуірде ақ патшаның ауызына қараған ақсүйектер қауымы орысша сөйлеуді өзіне ар көріп, французша, немісше не ағылшынша былдырлауға әуес еді, Орыс даналары осыған күйінді, бірақ орыс

санасының зор екенін біліп, орыс тілінің болашағына алаңсыз сенді де. Тілді бұқара халық жасайды, осыны анық түсінген И. С. Тургенев орыс тілінің өскелең қуатын ерте ұғынды, сөйтіп өзінің туған тілін, туған ұясын, сол тілдің тегеурінді күшімен зорлық-зомбылықтың иесі- ақ патшадан да, оның соңына ерген шәуілдек топтардан да айырып алды, қорғап қалды. Жұртын сүйген жүрек осылай қимылдауға міндетті еді, адамшылық, азаматтық борышын ақтады. Орны келгенде ескерту жөн, И. С. Тургенев француз тілін Густав Флобер мен Проспер Меримеден төмен білген емес. Француздың жазушылары өзінің жақын достары былай тұрсын, тіпті Жорж Санд пен Полина Виардо тәрізді ойлы, өнерлі әйелдерден де артық сөйледі, өйткені әрбір ұлт тілінің иесі әйел қауымы деседі ғой. Әрине, мүмкіндігі жеткенше: әр елдің өз тіл қоры өзінше кемелденіп өсуін, келешекте адамзат тарихына арнаулы үлес қосуын көкседі; мешеу қалған мәдениетсіз тілдің коммунизмге де пайдасы шамалы тәрізді, сөйтіп қазіргі жер бетіндегі ұлы тілдің бірі орыс тілі болып отыр, оған ойлы ұлы азаматтардың еңбегі сіңді, мақсаттары орындалды демекпіз.

И. С. Тургенев бөтен елден үлгі-әсер алудан бас тартқан жоқ, тіпті орыс тілінде бұрын болмаған, латынның «нигилист» деген сөзін әдебиетке әкеп өзі енгізді. В. Г. Белинский сол латынның

«прогресс» деген сөзін орысшаға «наступательное движение вперед» – деп аудартпай өз күйінде алдыртты. Өзінде жоқты көршіден алып пайдалануға ешқайсысы да қарсы емес, өсу жолы тура осылай болатынын жақсы ұққан жандар, бірақ өз тіл қорың жете біле алмай, барын кәдеге асырмай, теріс бағуды, солақай қимылдап, сыңаржақ ширатылуды жек көрді олар.

«Ағылшын мен неміс тілі былай тұрсын, В. Г. Белинский тіпті француз тілін де білмеуші еді, сөйте тұрып, орыс әдебиетінің мықты діңгегі болды ол», – дегенді де И. С. Тургенев айтқан болатын.


Осылардың артынша, 1909-жылы татар ақыны Ғабдулла Тоқай да өзінің туған тілін сүйсіне жырлады (жолма-жол аударма):

«Ей, туған тіл, анам менен әпкем тілі! Дүниеде көп нәрсе ұқтым сен туған тіл арқылы. Ең алғаш осы тілде анам бесігіме ән салған.

Ұзақ түндер бойы әпкем хикая шерткен, Ей, туған тіл! Әр уақытта жәрдемің тиіп сенің,

Жас күнімде-ақ аңғарылды-ау, шаттығым, қайғым менің».


Күні-кеше, заманымыздың бұлбұл ақыны, Лениндік сыйлықтың лауреаты, авар елінің ардақты азаматы Расул Ғамзатов та тебіренді: «Егер туған тілім авар тілі ертең өледі деген хабар естісем, өзім бүгін өлуге даярмын», деді. Осетиннің ғалым- жазушысы Нафи Джусойты да Расулды мақұлдап білімді, саналы мақала жариялады.

Қазақ ақыны Дихан Әбілев:


Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім – тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Бұл сырымды тек Ленинше ұғыңдар,—


деп Расул екеуі қосылып ән салды.

Өз басым орыс тілін көптен үйреніп келем. Орыс ойшыларын бір адам жақсы көрсе, ол мендей-ақ болсын дер едім. Өйткені, орыс әдебиетінен, орыс тілінен көп нәр алдым, ерте ауызданған тәріздімін. Сонда да осы күнге дейін төсекке жатсам-ақ түсті қазақша көрем; сөйлегенде де, жазғанда да, ең әуелі қазақша ойлап, сонсоң барып орысшаға аударып отырам, осының әсерінен орысша сөзім кедір-бұдыр шығады. Ендеше, ана тілінің орны, жүректе қалған ізі мүлде өзгеше болса керек-ті!

Үстіміздегі совет дәуірінде қазақ тілі мәдениетінің өсіп келе жатқаны даусыз шындық. Ғылым-білімнің тек бір саласында ғана емес, тіршілігіміздің барлық


29

саласында да жедел ілгері басу бағыты зор. Бірақ осы үдере көшу жолында кейбір жастарымыздың кейде «жаңалық» куып, қызулық жасайтын кездері де сезіледі. Кейбір кәрілеріміздің де ұрт басып, жас буынды адастыратыны да жоқ емес.



Кейде қазақ тілінде жазылған газет-журналдағы әңгімелерде сан-алуан сөйлемдер ұшырайды, оларды оқығанда, тайлақтың тобығын жұтып қойғандай, қақалып-шашалып әлекке түсесің; ол әрі де кетпей, бері де қайтпай, көмейімізде көлденең тұрып алады. «Уссалам, ойдың ордасы дейтін өлең шықты. Ақынымыз Абай атындағы қазақ педагогтер институтын мақтап отыр және осы өлең Абай күніне жазылған. Қазақ тілінде

«Ассалаумағалейкум, уағалайкүмәссәләм» деп арабша амандасу әлі бар, бірақ мұны көпшілік түсініп те жатпайды. Ал осыдан барып: «Уассалам, массалам» дейтін кекесін тіркестер де туған. Тіпті ауыз әдебиетіндегі:

Мал десе жалғыз сиыр, торпағы бар, Қасқырмен «салаумәлік» ортағы бар...

деген жолдар да кекетуден шыққан еді. Ғабдулла Тоқайдың

«Жаңа кесік бас» атты поэмасында:

«Базар халқы» уассалам да уассалам,

Ол Қара-ахмад «Уағалейкүммассалам»—


деген келемеж өлең жолдары ұшырасады. Алайда, біздің ақынымызда келеке-кекесін жасаудың ұшқыны да, орны да жоқ, ендеше негіз түсініксіз және жиі қолданылып дағдыға айналмаған сөз тіркесін ұғыну өте ауыр тиеді. Қазақ тілін мәдениетті ету, шеңберін кеңітіп, әрі қарай байыта беруге мұндай адыра қалған араб сөздері, түп-тамыры түсініксіз бітеу сөздер себін тигізуі мүмкін емес сияқты.

«Жүректі қозғайтын осы әсем жолдарда сөйлеу тілінен ерекше жаратылған сөз жоқ, ондағы сөздердің бәрі де халық тіліне тән» сыр, сандық, аш, қара,сым,
30

перне сұлу, жыр... дегендей жалпыға ортақ сөздер... Сәкен «Күй сандық» деген өлеңінде «жерлесім» дегендегідей етіп, «жырласым» деген сөз жасаған» – деп мақтауға кірісті бір ғалым.

Ниетінде жамандайын деген бұралқы жәйттің жоғы аңғарылып-ақ тұр, алайда ақынның аузына өзі айтпаған топас сөздерді салу, артын-ала соларды әдейі мақтау жөн болар ма?

Сәкенде «Күй сандық» атты өлең мүлде жоқ, онда «Сыр сандық» бар, оның үстіне автордың өз талдауында да «сыр, сандық» – деп бастап тұр ғой. Ал енді, «жырласым» мен «сырнай» Сәкеннің осы арада жазбақ түгіл, ойлаған сөздері де емес. Ол:

Сым пернені басып қара, Басып қара, жырласын! Ақтаралық алтын сарай, Алтын сарай қойманы,—

деп жазды. Ал «сырнай» мен «қойманың» тіркесуі мүмкін емес, заты, корректурадан кеткен қате болуы кәдік. Дұрысы: «Алтын сарай қоймасын» болуға лайық. Ендеше, зерттеуші ғалым осы арасын абайлауға міндетті еді.

Осы автор мына өткен жылы шешендік жайында тағы бір мақала жариялады, сонда шешендер тізімінде Сәбит, Ғабит ағалар жүр, бұлардың шебер жазушы екенін білеміз, ал Горький де шебер ғой, бірақ ол халық алдында суырылып шешен сөйлеуге төселмегенін 1928-жылы Каприден (Италиядан) келгенде өзі айтып еді. Топ жарып, шешен сөйлей алмау жазушының қадірін түсіре ме?

Туған анасын сыйлайтын бала бөгде аналарды да құрметтей алады, сондай-ақ өзінің ана тілін жетік білген адамға шет тілді үйрену де оңайға түседі. Әр шөптің басын бір шалып, шөре-шөреде жүрген шәлдіріктер тыңғылықты еңбекке олақтау болуы кәдік.

Біздің елде Сатылған Сабатаев деген кісі патша заманында «Петровско- Разумовская академиясының (осы күнгі Тимирязевская академия) бір факультетін бітіріпті

31


де, оны назырқанып, Москвадағы филология факультетін тағы тауысыпты. Сөйтіп, екеуін бітіргенде де ол ешқайсысын жарытпаса керек. Қазақ тіліне (ана тіліне) қандай салақ болса, орыс тіліне де сондай олақ қарапты. 1910- жылдары Москвада жүрген Сатылғаннан өзінің жақын жолдасы: «сіз биыл қайда болдыңыз» деп сұрағанда, ол: «Біз Москвадан шығып, жолшыбай Омбыға соқтық та, ауылға барып, мына Тәнімге үйленіп, осында қайтып келдік»— деудің орнына: «Москвадан»

«выехать» қылдық, Омскийге «заехать» қылдық, ауылға «приехать» қылдық. Тәнімге жениться қылдық, «обратно уехать» қылдық, – деп әрі

«түсінікті», әрі «әдемі» етіп жауапты қысқаша қайырған екен.

Сатылған Сабатаев патша үкіметіне де кызмет істемеген немесе революцияның алдында Россияда болған бірнеше партияның ешбіреуіне де кірмей, дербес жүрген азамат. Сол кісіні 1919-жылы Қарқаралының маңында, айдалада біреу атып кетіпті. Оны атқан жанның кім екені осы уақытқа дейін мағлұм емес. Тек қана ел аузында мынадай өлең қалған.

Ходить қылып,

Қылып, қылып Сатылған, Сол Сатылған Бос шатылған, атылған,—

деп күледі жұрт.

Ғабдулла Тоқай татар тілінің шұбарлығын шенеп жазған «Сулы қадімше» атты өлеңінде:

«...Деді: барин, двадцать рублей с нас, Давайте скорей, скоро уже час!

Дедім: деньги мои ептешлар украл, Собакилар, они украл да удрал!..»

десе, біздің Сатылған одан анағұрлым асып түседі, бұл – екі тілдің екеуінің де ішкен-жегенін желкесінен шығарады. Сатылғанда арам ой болмас, бұл – оның тек қана бойгүйез – бейғамдығы болар. Осы әңгімені де біз: ең әуелде өз тілін жете білмеген адам басқа тілді де дұрыс біле алмайды деген

32

пікірімізді дәлелдеу үшін келтірдік, әйтпесе өмір бойы көрмеген, баяғыда өліп кеткен әкеміздей адамды кеміту үшін айтып отырғамыз жоқ, кейінгі жас буынның есіне салып, салақтықтан сақтандыру мақсатын көздедік.



Қазақ тілі өте бай тіл. Бұл пікіріміздің айғағы адамзаттың данышпаны Карл Маркстің сөзі, ол кісі: «Туыстық терминдерге келгенде басқа елдердің тілінен түркі тілдері бай» – деген болатын. Түркі тілдерінің сапына қазақ тілі де кіреді, Орыс тілінде «братья», «сестры» деген сөздер бар, мұнда үлкені, кішісі ажырамайды.

Төрт түлік малдың атаулары мүлде көп, түйенің сексен аты бар. Малға теңестіріп сөйлеу: «бота көз, серке сан, қоңыр қозым, ылағым, түйедей» – деу адам айтқысыз мол. Жақтау есімдіктері мен жіктеу есімдіктері басқа тілде кездеспейді. Қазақ тілінде, көбінесе, өз ойын тура айтудан көрі, тұспалдап айту күшті. Осының бәрі қазақ тілінің төтенше байлығы.

Қорыта айтарымыз, совет дәуіріндегі қазақ тілі бұрынғыдай емес, мүлде қарыштап өскен тіл. Осылай өсуіне тарихтың ұзына бойында көп тілдердің мол көмегі тиіп, осы сатыға жеткен тіл. Әрі қарайда жедел өсе беруі үшін, өзінде барды көркейте түсуді, ал жоқты бөгде елден, әсіресе өскелең орыс тілінен алуды қажет ететін тіл. Сөйтіп, келешекте, коммунизм заманына жеткенде өз үлесін жалпы қорға қоса алатын тіл. Ендеше осы ана тілін мүдделі шеңберге жеткізу игілі ісіміз болсын! Сондықтан барымызды құрметтеп, жоғымызды саралап алсақ екен! Тіліміздің мүмкіндігін екшеп отырсақ, бүгінгі мәдениетті тіліміз ертең бұдан да мәдениеттірек бола алады.

2–2462


«ӘДЕБИЕТ ШЕЖІРЕСІНЕН»

(үзінді)
Ұлы орыс халқының жан-жакты дамыған, кең тынысты өскелең әдебиетінен үлгі алуымыз заңды, рухани өсу жолымызда біз мұны іске асырып та келе жатырмыз.

Есейген марқа мәдениет үлгілерінен кейін шыққан елдің нәр алатыны даусыз.

Ешбір мәдениет бір күнде тумайды, көре-көре көсем болады. Адамзат тарихының алыбындай дара шыққан орыс халқының Пушкині де өзінің алдыңда болған бөгде елдің озат ойшылдарын сарқа білген, сондықтан да оның өз замандастарынан әлдеқайда алда отырғаны әлемге аян.

Данышпанды көре алмай аяғынан алатындар енді таусылып келе жатыр ғой, бірақ А. С. Пушкин тұсында олар аз болмапты. Солардың ішінде табаны күректей күштілері де жүрген, мысалы, Ф. Б. Булгарин мен Н. И. Греч «Терістік Араның» («Северная Пчеланың») редакторлары, жандармерия басшысы А. X. Бенкендорфтың оң көзі, тіміскер тыңшылары екен. М. Т. Каченовский ординарный профессор, статский советник және кавалер, оның үстіне «Европа жаршысы» («Вестник Европы») атты журналдың үздіксіз ғалым редакторы, ал Н. А. Полевойды алсақ, ол да осал емес, «Москва телеграфы» («Московский телеграф») деген журналдың редакторы, «Орыс халқының тарихы» атты күйкі кітап жазып, сол үшін Россия ғылым академиясының қолдан жасалған корреспондент мүшесі
болған екен. А. С. Пушкиннің соңынан шам алып түскен жаулары осылар, арасында жалы қыңыры жоқ. Бұлардың шашбауын көтеретін жарамсақтары да толып жатса керек. Көл шағаласыз, шалшық көлбақасыз болуы ерсі шығар.

Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап, Бұларды керек қылмас ешкім қалап. Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап,—

деген Абай сөзі осындайларға арналған-ау, сірә! «Мыңмен жалғыз алысқан» Абай өзінің алдында өткен ұлы ұстазы А. С. Пушкинмен тағдырлас тәрізді.

Енді біз көп толғақты доғарып, А. С. Пушкиндей ұлы бейненің басынан кешкен кейбір кескінсіз шырғалаңдарды баяндалық, үлгілі, ұстазымыздың кезінде жазықсыз тартқан тауқыметтерін советтік қазақ халқының жастарына мәлім етелік, әркім өз керегін, таңдап ала жатар. Александр Сергеевич Пушкиннің кітабы 1887 жылы Москвада басылыпты. Соны оқып отырсақ ұлы ақынымыздың өз заманында түрлі кералаң жағдайға киліккенін көреміз. А. С. Пушкин журналистердің айтысына да араласыпты, сыншыларға даг тарихшыларға да, жазушы ақындарға да мезгілінде түзу жол сілтеп отырыпты, өз ойын ол үнемі қаймықпай ортаға салыпты.

Мысалы, жазушылардың сөз саптауы (слогы) жөнін де өзінің қалыптасқан пікірін ашық білдірген ол. «Бір күні Д.Аламбер1 тұрып:

«Сен маған ана бір Бюффоныңды2 мақтамай-ақ қойшы. Ол кісінің:

«мынау жылқы ғой» дей салудың орнына: «адамзаттың алдына табиғаттың сыйлыққа тартқан асыл дүниесінің ішіндегі ең тәкаппар,алдағаш қызба жануары осы» – деп қобырата көңірсімесе көңілі көншімейді-ау! – депті.




1 Д, Аламбер, Жан Лерон (1717-1783)француздың математигі, философы. Париж бен Петербург академиясының мүшесі.

2 Бю ф ф о н (1707–1788) француздың аты шулы табиғат зерттеушісі, жазушысы.

– Бұл сөзді ол Лагарпқа 1 айтқан» деп келтіреді А. С. Пушкин.



«Бюффон өз басымен кетсін, ал мына біздің жазушылар не істейді екен? Бұлар да күнделік өмірде кездесетін күйкі заттардың өзін келте қайырып, өз атымен атай салуды ұсқынсыз өрескел нәрсе көреді, сондықтан оған жан бітіріп әдемілеуге ұмтылады керексіз қосалқы қосымшаларды жамайды, жасық метафорларды төге жөнеледі. Сөйтіп

«тәңертең» дей салудың орнына «Алғаш шығып келе жатқан күннің арайлы таң шапағы көгілдір аспанның шығыс жағына жарық сәулесін түсіріп, зейнетке бөледі» демесе іші толады. Дүниеде жоқ соңы бірдеңені тауып алғандай арсалақтайтынын қайтерсің? Әлде мұнысы шұбалаңқы айтылғандықтан әдемі көріне ме екен?» – деп толғайды А. С. Пушкин.

Ал, енді журналистер туралы айтқан ойларын да келтіре кетелікші. Баяғыда, 1829 жылы «Москва телеграфы» («Московский телеграф»)

атты журналдың редакторы Николай Полевой мен «Европа жаршысы» («Вестник Европы») деген журналдың редакторы, профессор Михаил Трофимович Каченовский екеуі айтысыпты. Әңгімені Николай Полевой бастапты. Ол өз журналында («Москва телеграфында») 1829 жылы

«Бенигна» деген бүркеншік атпен (псевдоним) мақала жариялапты. Сонда: «Европа жаршысының» редакторы ылғи уәде берумен келеді, бірақ соның біреуін де ол орындаған жоқ». «Әдебиет заңын нығайтуға бұлай кірісу мақұл емес қой...» «Егер ол жасы үлкендігін сілет етсе, онда өзінің ешнәрсе білмейтінін мойнына алсын, оқып-үйренуге тырыссын, ежелгі келемеж дағдыларын тастап, қарапайым қылықпен іске кіріссін».

«Зерттеп байқалықшы, «Европа жаршысының» редакторы осы күнге дейін не бітіріп тастады екен?» «Европа»






1Жан Франсуаде Лагарп (1739-1803) француздың драматургы, әдебиеттану ғылымының теоретигі

36

жаршысының» редакторынан озып кеткен жасөспірімдер айыпты емес қой, өйткені бір орнында жиырма жылдан астам уақыт қозғалмай мелшиіп отырған редактордан жүріп бара жатқан жанның бәрі де озбай ма?» «Оның үстіне, мына кұрметті редактордың өзі грек тілін де мүлде нашар біледі», – деп жазыпты әлгі Бенигна. (Н. Полевойды айтып отыр.



– С. Т.).

Полевойдың осы сөзі қытығына тиіп, профессор Каченовский бұл мақаланы бастыруға рұқсат еткен цензордың үстінен бірнеше арыз жазыпты. Соның бірінде: 24 январь күні 1829 жылы ол: «Мен – статский советник, ординарный профессор және кавалер, Михаил Трофимұлы Каченовскиймін» деп қолын қойыпты.

Сол кездегі қауым екіге бөлінген, біреуі Каченовскийді, екіншісі Полевойды жақтаған, әңгіме насырға шауып барып тоқтаған. Уақиғаның нағыз қызу кезінде А. С. Пушкин мынадай эпиграмма жазған:
Обиженный журналами жестоко, Зоил Пахом печалился глубоко, Вот подал он на цензора донос,

Но цензор прав – нам смех, Зоилу нос.

деген болатын. «Домалақ арыз» жазғыштарға жан-тәнімен қарсы А. С. Пушкин бұл уақиғадан да шет қала алмаған. Әлеуметтік маңызы бар мәселенің бәріне де осылай тойтарыс беріп отырған. Адалын айтқан адамды сүйетіндер кемде-кем табылады ғой.

Осы өлеңнен кейін Каченовский де Пушкинді қудалаған, өз журналының бетінде оны кекетіп-мұқатып әбден мазасын алған.

«Әдебиет шежіресінен» деген А. С. Пушкиннің осы мақаласы 1830 жылы «Терістік гүлдерінде» («Северные цветы») жарық көрген. Ыза кернеген Каченовский енді ашына тиіскен, өз журналында ол мақала жариялаған, сонда: «Ұлы данышпандардың тағдыры қызық-ау! Полтавада-

ғы1 шайқаста жолы болмаған соң А. С. Пушкин үлкен ерлік жасады, қолынан келмейтін әдебиет майданынан ығысып мүлде шет шықты да, енді келеке-сықақтар жазып, қаша ұрыс салып бара жатыр, шежіре жазуға кірісті. Өкініші сол, атақтан жұрдай болған батыр (Пушкинді айтып отыр. – С. Т.), мына жаңа мамандыққа әлі төселмепті. Өйткені суреттеп отырған уақиғаға кызулық жасамай, тарихшыларша шет отырып тексеруге мұршасы жетпейді екен, сондықтан оның көзіне үнемі маскүнем семинаристердің елестеуі де ғажап емес-ау!» деп түйреп өткен.

А. С. Пушкиннің әлгі мақаласында (1830 жылы) «Екі журналистің арасында жүрген ұрыс-керіс, оның ішінен біреуінің цензор үстінен берген домалақ арызы жұртты көп шулықтырды».

«Өткен жылдың аяғында «Европа жаршысының» редакторы оқушы қауымға мынадай хабар айтты:



«Рас, журналымның кейде сыңаржақ, үстірт кететінін ескерткен сыншылардың пікірлерін мойындаймын. Оның үстіне әдебиетіміздің дәрменсіздігіне қатты қынжыламын, бұдан былай бар күшімді жұмсауға уәде беремін. Келешекте журналды кеңіте түсіп, жан-жақты етуге кіріспекпін. Бүгіннен бастап алысырақ көз тастауға, кеңірек толғануға, батыл қимылдауға үміттенемін. «Өзімнің де жұмыс істеуге кіріспек ойым бар», осыған қоса менің еңбектеріме қатысуға басқа әдебиетшілерге де рұқсат етемін», – деп жазды. Кеш айтылса да ғалым редактордың бұл ізгі ойы бізге қатты ұнады»...

«Шынына келсек, Каченовский мырзаның бұл жоспары орындалмай қалады-ау деген күдік бізде болған жоқ. Бірақ Полевой мырза өзінің көп әріптес болған, әдеби мінез-кұлқына канық журналист жолдасына, оның беріп отырған уәдесіне аса сене алмапты. Алайда, үндемей іші-






1 А. С. П у ш к и н н і ң «Полтава» атты әйгілі поэмасын келемеждеп отыр.

нен күдіктеніп қана қойса бір жөн ғой, олай етпепті, «Москва телеграфының» өткен жылғы 20-кітабына мақала жариялапты. Сол мақаласында: «Европа жаршысының» шар тартқан редакторына қатты жармасыпты: «Егер ол («Европа жаршысы») жасы жеткендігін ұғып, өзінің білімсіздігін мойнына алса, кішіпейілділік көрсетіп, іске адал кіріссе, оқып үйренуге тырысса, үйреншікті сілімтір дағдыларынан ада- күде құтылса, қыңырттамай әділ сөйлей білсе, онда өзінің нашарлығын сезініп, оқуға ұмтылып, шындықты айқын түсінуге беттейтінін білер едік-ау, сонсоң оны жабыла сыйлап, айтқанын екі етпей ылғи тыңдап отырар едік қой», – депті Н. Полевой. Әлгі Н. Полевой мақаласын оқып шығады да А. С. Пушкин жазады: «Мұндай да қызық талап болады екен- ау! Егер бойына сіңген үйреншікті дағдыдан кұтыла алмаса, «Европа жаршысының» егде жасы кімге өнеге болмақ? Сақал-шаштың ағаруы әдебиеттің кәдесіне жарамаса керек, ал енді Полевой мырзаның талабын орынды деп ұқсақ, бірақ сол ойды егде қарттың өз аузынан есіту өзімізді ұялтып, жер-жебірімізге жетпес пе еді?» – дейді.

«Айтыңдаршы, «Европа жаршысының» редакторы осы уақытқа дейін не істеп бітірді?» – деп тағы сөзін жалғастырады Полевой мырза. «Оның шындығы қайда, өзінің туын тігетін еңбектерінің жемісі егіліп, шешек атып құлпырып тұрған жері қайда екен? Сол арнаулы әдемі мекен-жай қай мұхиттың сыртында, қай тұста екен? «Европа жаршысының» редакторынан жасөспірімдер әлдеқайда озып кетті, өйткені олар ілгері жүріп бара жатыр, ал біздің ғалым редактор баяғы отырған орнында жиырма жылдан астам уақыт тапжылмастан мелшиіп отыр, ендеше озғаны үшін жастар айьпты бола ма?» – деген Полевойдың сұрағына А. С. Пушкин былай деп жауап қайырады:

«Каченовский мырза 26 жылдың ішінде көңіл аударарлық бір кітап жазып бермей-ақ, тіпті жөні түзу бір мақала жарияламай-ақ, өмірі өлмейтін атаққа ие болды ғой,


ал енді бұдан былай жұмысқа шыңдап кірісе жөнелсе, сонда сіз қандай күйге ұшырар едіңіз?»

«Рас, Каченовский мырза 26 жыл бір орында козғалмай отырды дейсіз, сөзіңізге құлдық, бұны мойындалық, ал бірақ ешбір әрекет жасап ілгері ұмтылмаған адамнан жастар озып кетті деу көңілге қона ма?» деп қарсы сұрақ қояды А. С. Пушкин.

«Егде редактордың құр алақан отырып ғылым иесі атағына ие болғанын, әрине, Полевой мырза дәлелдеп. шықты, рас, ол осы күнге дейін аудармадан аударғаны болмаса, ауыс-түйіс жасап біреулерден қарыз алып пайдаланған уақ-түйек мақаласымақтары болмаса, түк бітірмегені жұртқа мәлім. Мұндай дәрменсіздікті аяп мүсіркеуге болар, бірақ кіналау орынды ма?..»

«Алғашқы кезде біз де: «Әдейі кеміткісі келген болар, заты, Полевойдың айтқандары теріс шығар деп топшылаған едік. Каченовский мырза бұған қарсы деректі дәлелдеп айтар, немесе мүлде үндемей қалар деген пікірде жүрдік. Ол ойымыз да ақталмады. «Европа жаршысының»

24 номерінде Надаумка атты өзін жақтайтын қызметкеріне мақала жаздырды да, соған өз қолынан ескерту берген екен, соны көріп өте таңырқадық. Енді сол ескертудегі сөзін келтірелікші: «Бенигнамен» (Полевоймен – С. Т.) тәжікелесуге көңілім шаппайды, құнарсыз талас- тартыстан үзілді-кесілді бас тарттым. Бенигнаның тағы басқалардың қылжақ-келемеждерінен өзімді қорғап қалғаннан кейін, олармен тағы додаға түсуге тіпті правом да жоқ. Егер қызмет орныма тілі тимесе, бұқпантай жасап мені жазықсыз балағаттамаса, мен тіпті «Телеграф» мақаласын оқымас та едім-ау! Бақытыма қарап әлі сол игілі орнымда қызмет істеп жатырмын ғой» – депті.

«Осы ескертудегі жұмбақ сөздерді көргенде біздің де зәре-құтымыз қалмады. «Европа жаршысының» шашбауын көтеретін толып жатқан адамдар да қалтырап дірдек қақты, мына каһарлы жазылған түнектей тұңжыр сөздер, жүрдім-бардым тіркескен тәртіпсіз жолдар көп елдің

жүрегін ұшырды... Михаил Трофимовичтай баһадүрдің қандай сойқан жасауға бет алғанын ұғынбай дал болды. Алайда кешікпей-ақ әңгіменің сыры ашылды. Ординарный профессор, статский советник және кавалер,

«Европа жаршысының» редакторы ту-талақай ашу шақырыпты да Полевойдың мақаласын бастырғаны үшін цензордың үстінен цензура комитетіне шағым арыз беріпті».

«Жоғарыда көрсетілген тегеурінді ескертудің қауыпты мағынасын анық ұғынып, біраз уанғандай да болып едік, артынша-ақ егде редактордың мына бір берекесіз әрекеті қатты қынжылтты. Мұның арты не боларын жұрттың бәрі-ақ түсінгендей еді-ау!.. Өйткені, Полевойдың мақаласында Каченовскийдің ары төгілетіндей ешнәрсе жоқ екен.

«Москва телеграфының» редакторы әдеби еңбектерін сынап, уытты сөйлесе де Каченовскийдің қызметі туралы да немесе оның үй-ішіндегі кейбір құпия сырларын да әшкерелемепті, жанына тиетіндей түк айтпапты»...

«Рас, «Москва телеграфының» редакторы бұдан кейінгі екінші мақаланы өте қатуланып жазды, алғашкы айтқанын пысықтап, енді иін қандыра дәлелдеді».

«Каченовскийдің әдеби тіршілігін таразыға тартты, қай жылы не істегенін көрсетіп, барлық еңбегіне баға берді, аузынан шыққан қарапайым сөздерін де бәшектеп елдің алдына жасырмай жайып салды».

«Сайып келгенде, цензураның бас басқармасы төбе билігін шығарды да, бәрін түгел татуластырды, жеңгендер де, жеңілгендер де ырзаласып қой босынмен бітті» – дейді А. С. Пушкин.

Өзекті ойы бар, соған сай өткір тілі бар, қайтпас қара болаттай қайсар принцип иесін білгің келсе А. С. Пушкинді оқыған жөн шығар.

Александр Сергеевичтің адалдығын айтып жеткізу қиын, оның үстіне ол негізгі принципінен таймайтын жан. Өзіне ұнамаса бетіне тура айтуды А. С. Пушкиннен үйрену керек. Көп адамда кездеспейтін мінез онда бар, ең қызық-

тыратын қылығы, ұлы адам екендігі, міне осында жатыр.

Кеше ғана тарихшы Н. Полевойды жақтаған Александр Сергеевич ертеңіне сол Н. Полевой аяғын мүлт басқанда қатты ашуланады.

Әңгіме былай болады: Николай Полевой «Орыс халқының тарихы» («История русского народа») атты кітап шығарып, сонда өзінен бұрын жазылған «Россия мемлекетінің тарихы» («История государства Российского») деген Николай Михайлович Карамзин (1766–1826) кітабын, орыс халқының қалаулы тұңғыш тарихын сыбап салады.

Полевойдың осы кітабына алғаш сын жазған П. А. Вяземский болады, сонда: «Еңбегін асығыс жазған тарихшы Карамзин «Қай мезгілде ойланып үлгерді екен»? деген Н. Полевойдың кекесін сұрағына ол: «Өмір бойы үнемі ойланды» деп жауап береді, өйткені Карамзиннің бар өмірі осы еңбекке дайындалуда, немесе жазу үстінде өтті. Ал, тарихшы Н. Полевой: «Мен орыс тарихын 1825 жылдан бастап үзбей жазуға кірістім»

– деп өзі ескертіп өтеді. Ендеше Полевой «тарихының» 1 томы 1829 жылы шықты да, қалған II томы баспаға дайын тұрды, олай болса бұл төрт жылда біткен еңбек емес пе; ал қанша асықса да Карамзин дәл осындай еңбегіне 20 жылды сарп еткен болатын», – деп жауап қайырды Вяземский.

«Орыс тарихын» Карамзиннен кейін жазуға мен қаймықпай бел байладым; турасын айтайыншы, орыс тарихын мен дәл суреттеп бердім, өйткені өзім орыс болғандықтан неше түрлі шытырман уақиғаның бәрін де түп-түгел сезіп, жете біліп отырдым, әлемге бірдей азамат есебінде ешкімге бүйректі бұрмай қасқия тарттым...» деп лепіреді Полевой.

«Ықтиярыңыз білсін, осындайда адам өзін-өзі азырақ мақтап қойса да уақа емес; реті келгенде өз пайдасы үшін қолды бір шошаңдатпай қалуға бола ма? Алайда, әрбір әрекеттің мөлшері де бар ғой» – дейді А. С. Пушкин.


«Орыс халқының тарихын» жаза бастағанда-ақ Полевой мырзаның

«Россия мемлекетінің тарихына» шабуыл жасауы сәл орашолақтау әрекет болды. Алдында өткен ағасы Карамзинге әділдігін білдіріп, оның еңбегін толығырақ көрсете, далақтап өзін өзі мадақтай бермей кішіпейілділік істесе, жұртшылық та шу көтеріп қарсы шықпас еді-ау, қайта оның осы еңбегін мақтап ел жабыла құттықтар ма еді, қайтер еді?..»

«Мезгілінде атақ-даңққа бөленген, ілгергі буында өткен адамдарды сыйлау бұзақылық болмайды, қайта парасатты ақылдың бірінші белгісіне жатады, заты оларға кір келтіру желбуаз надандардың ісі-ау, сірә» – деп ойын білтелейді А. С. Пушкин.

«Полевой кейде Карамзиннің анық айтқанын күлтелеп олақ қайталайды, кейде орыс тарихына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын бірдемелерді көйітеді, әңгіменің арасында «Сөйтіп, енді біз көріп отырмыз... Бұдан шығатын қортынды мынау... Біз аз сөзбен ұлы уақиғаның негізгі белестерін белгіледік...» деген тәрізді қысыр сөздерді қыстырып, оқушы жұрттың діңкесін құртады. Расын айтсақ, ол сөздерінен «біз ешнәрсені де көріп отырмаймыз, бұдан шығатын қортынды болса бұйырмасын, оның үстіне Полевой мырза көп сөзбен ұлы уақиғаның негізсіз белестерін белгілепті», – деп түйеді А С. Пушкин.

«Полевой мырзаның ойы да өткір, өзі де тапқыр, жылдам ұғынғыш жан екенін жасыруға болмас, бірақ ол әдемілеп жаза білуден мүлде аулақ отырады, оның шығармасындағы суреттер, ойлар, сөздер – бәрі де ұсқынсыз, кетеуі жеткен, шатасып шыққан, көмескі бірдемелер»,— деп бітіреді А. С. Пушкин.

Өзі тарихшы, нағыз ғалым Карамзиннің қадірлі еңбегін А. С. Пушкин аса жоғары бағалаған ғой, сондықтан оны жоққа шығарғысы келген қуыс кеуде (дилетант)

мақтаншақ Полевойдың желөкпе кітабына қатты ренжігені байқалады.

Бұдан кейін 1836 жылы: «Устрялов мырза күдіктенбестен Карамзин мен Полевойдың аттарын бір тақтаға қатар отырғызыпты-ау!» – деген Вяземскийдің сөзін оқыпты, сонда: «Полевой жөнінде кеңірек ескерту де көп болмас еді, өйткені ол «Ойсыз, түк зерттеусіз, тіпті ешбір ұждансыз жазылған іске алғысыз оңбаған осы кітабы үшін Россия Академиясына қолдан жасалып корреспондент мүше болды ғой, соны ұмытпау мақұл»,

– деп қосып қойыпты.



Александр Сергеевичтің толып жатқан қыры, сансыз сыры бар. Өз заманында көп тоғышармен жалғыз алысқан жан. Айтар сөз көп, орын тар. Әрине Пушкиндей алып ұстаздардың өрелі ойларын қазақ совет жұртшылығына түгел таныстырып шығу оңай да емес. Алайда әліміз келгенше аянбаспыз, тағы талай оралармыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет