73
а) Дәрiгер-ғалымдардың зерттеу нәтижелері бойынша, бәлиғат
жасынан етеккірі тоқтайтын жасқа дейін әйелдiң аналық безi
айына бір-ақ рет ұрық (сперма) шығарады.
ә) Бұл ұрықтың жарамдылығы қырық сегіз сағаттан аспайды.
Бiрақ әйел жатырына түссе, қырық сегiз сағаттан астам уақыт
бойына ұрықтануға жарамды. Мiне,
осы кезде әйелдің тұқымы
еркектің ұрығымен кездессе, әйелдің бойына бала бiтедi. Ал олай
болмаған жағдайда, әйелден бөлiнетiн өзге де сұйықтықтармен
бірге сыртқа шығып кетеді.
б) Ұрық етеккір мерзімінен шамамен екі апта бұрын бөлiнедi.
Алайда әйелдердегі етеккір мерзімі әртүрлі болуына байланысты
ұрықтың жетiлiп-пiсуi де әртүрлі болады. Сондықтан ұрықтануға
қолайлы уақытты белгiлеп айту қиын.
Дегенмен гинеколог-
дәрiгерлер әрбір әйелдiң етеккір мерзімін есептеп, ұрықтануға
қолайлы күндерді анықтай алады. Мiне,
осы мезгiлде ерлі-
зайыптылар арасында төсек қатынасы болмаса, әйел өз бойына
бала бiтпейтiндігіне сенуіне болады.
Достарыңызбен бөлісу: