69
көруге өз күйеуінен өзге еркектердің барлығына тыйым
салынған. Тек күйеуі ғана әйелінің бүкіл денесіне қарай алады.
Тiптi туыстарына да бұл рұқсат етiлмеген. Әйел адам сол
жанұяның қызы болсын, анасы болсын үй ішіндегі
еркек
кіндіктілерге арқасын, қарнын немесе санын көрсетуге болмайды.
Бірақ әйелдер үй ішіндегі
махрам туыстарының алдында
орамалсыз, қолдары мен мойындарын жаппай жүре берулеріне
болады.
Қазіргі таңда дәрігерлердің көбi – ер адамдар. Бірақ мұсылман
әйелдерге Аллаһтан жеңілдігін сұрап, мүмкіндігінше әйел
дәрігерлерге қаралғаны абзал. Ал әйел дәрігер бола тұра, өзге
еркекке денесін, әурет жерлерін көрсеткені дұрыс емес!
Дегенмен оташы дәрігерлердің көпшілігі ерлер болады.
Мұндай мәжбүрлi жағдайларда еркек дәрiгер дененiң ота
жасалатын жерiнен басқасын жауып қоюы керек. Науқастың
абыройын сақтау – оған аманат. Жалпы, амалсыз жағдайлардан
басқа кезде бұлай жасау, әрине, әбестік. Мәселен, еркек
гинекологқа алғаш рет келген әйелдің сезіміне тоқталайық.
Гинеколог алдымен арнайы бөлмеге кіріп, іш киімін шешудi,
аяқтарын креслоның тіреуішiне қойып, керіп жатуын талап етеді.
Яғни ұятты жерлерiнiң барлығы ап-анық көрініп тұрады.
Күйеуінен өзгенiң алдында ешқашан жалаңаштанып көрмеген
әйел аяқтарын көтеріп жатқанда, қандай көңіл күйде болмақ?!
Қысылып, ұялғанына қарамай, ол мұндайды жасауға мәжбүр.
Өйткенi, біріншіден, жұрттың бәрі осылай жасап жатыр,
екіншіден, ол – дәрігер. Қоғамда қалыптасқан түсiнiк бойынша,
дәрігерден ұялу әбестiк. Сондықтан осылай екі рет көрiнгеннен
кейiн әйелдiң «бетi ашылып», тiптi
өзi жайбарақат іш киімдерін
шешіп, креслоға аяқтарын көтеріп, керіп жататын жағдайға
жетеді.
Бұл
қоғам
санасында
қалыптасқан
емі
жоқ
психологиялық дерттің қалыптасуына әкеледі.
Негізінде, әйелдің шарасыз жағдайдан басқа кездерде еркек
дәрігерге барып қаралуы – харам. Перзентханаларда көптеген
әйел дәрігерлер бар. Сондай әйел дәрігерлер болса да, еркек
дәрігердің алдында шешіну анайы тiрлiк емес пе!?
70
Біріншіден:
Шариғат үкімі бойынша, еркекке жарынан өзге
әйелдiң әуретіне қарау харам етiлген.
Сондықтан гинеколог
болғанына қарамай, бірде-бір еркекке әйелдің санын, қарнын,
жыныс мүшесін, тағы да басқа жерлерін көруге рұқсат етiлмеген.
Егер босандыратын әйел дәрігер табылмаған жағдайда амалсыз
еркектің көмегіне жүгінуге тура келеді. Бiрақ мiндеттi түрде
әйелдің қарауға қажет болмаған жерлерін жауып қоюы керек.
Екіншіден:
Толғағы жетiп, қиналып тұрған әйел бөгде
еркектің алдында шешіну қажеттігін түсінгенімен, бұл әйелдің
психологиясына дұрыс әсер бермейді. Осының салдарынан ана
толғағы әлсіреп, дәрiгерлер iштегi баланы ана жатырын
операциялық жолмен жару арқылы ғана алуға мәжбүр болуы
мүмкін. Мұндай жағдай көбінесе
алғаш босанып жатқан жас
әйелдерде кездесетiнi – осы сөзiмiздiң айғағы. Бақылаушы мен
босандырушы, сондай-ақ нәрестелер дәрігерлерінің барлығы да
әйелдерден болып, босанушы жас анаға жағдайдың барлығын
асықпай, қорқытпай түсіндіріп, психологиялық көмек бергенде,
босандыру сәтінің сәтті өтетіні анық.
Бұрынғы кездерде әйелдер ауруханаға немесе дәрігерге
бармастан-ақ, оқымаған кіндік шешелердің қолында босанатын.
Осыған қарамастан, босану уақытында әйел қиналыпты деген сөз
өте сирек естілетін. Бұл жай жоғарыда аталған себептерден
өзгеше жағдай жасағанда, тәжірибелі
кіндік шеше босанушы
ананың табиғи босану сәтін күтіп, асықпай, сасқалақтамай
босандыруына байланысты болады. Ертеректе босандырушы
кіндік шеше толғатып жатқан әйелдің үстін матамен жауып
қойып, матаның астынан қолын кіргізіп босандыратын. Ал
әйелдің жүйкесіне әсер ететiндіктен, күйеуінің кіруіне, тіпті
алыстан қарап тұруына да рұқсат етілмейтін. Мәселен, кейбір
хайуандардың өзi де, басқа бір хайуан қарап тұрса,
төлін туа
алмай қиналады екен. Сондықтан мал иесі ол хайуанды басқа
қораға апарады. Егер хайуан екеш хайуанның да санасында
болатын жаймен салыстырсақ, онда санасы бар адам баласының
жағдайы не болмақ?!
71
Үшіншіден:
Еркек гинеколог-дәрігерлердің мына жайларды
ескергені жөн:
• Әйелдерді емдеу барысында бүкіл сақтық шараларын
қолдану.
• Әйелмен жалғыз қалмау.
• Денесінің қажет орнынан басқа жеріне қарамау.
• Қашан да қастарында мейірбике немесе көмекші әйел
адамды болдыру.
• Әйелдерді дұрыс жолға бағыттау.
• Босандыру жұмыстарын атқарулары үшін әйел дәрiгерлер
мен мейірбикелерге кеңінен мүмкіндік беру.
• Зәру жағдайда ғана болмаса,
денесі жабық жатқан әйелдің
қасында тұрып кеңес беру.
• Аллаһтан қорқуды қашан да назарда ұстау.
Достарыңызбен бөлісу: