«Жедел медициналық жәрдем»иси и в, внутиривенной инфузушений ий измах остантвки кровообращения.»!»»»»»» пәні бойынша



бет19/124
Дата13.10.2023
өлшемі1,97 Mb.
#185167
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   124
Байланысты:
силлабус-каз2012-2013

"ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ"
ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: кафедраның профессор оқытушылар құрамы

мамандық - «051301- «Жалпы медицина»


Курс - бесінші
Семестр – тоғызыншы, оныншы
Дәріс 16 сағат

Тәжірибелік


(семинарлық. сабақ 60 сағат
Барлық аудиториялық 76 сағат (кредит).

Аудиториядан тыс студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)


68 (сағат).

Тексеру формасы: мемлекеттік емтихан



1 тақырып: Жедел медициналық жәрдем беру қызметінің ұйымдастырылуы


Мақсаты: Студенттерді ҚР жедел медициналық жәрдем беру қызметінің даму тарихыен, тапсырмалары және ұйымдастыру принциптерімен таныстыру. Студенттерді ЖМЖ қызметкерлерінің міндеттері мен қызметтерімен, ЖМЖ негізгі принциптерімен таныстыру. Студенттерді ЖМЖ негізгі құжаттарымен таныстыру.
Дәрістің қысқаша мазмұны:

  1. Жедел медициналық жәрдем – адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде- сәтсіз оқиғалар мен кенеттен болған жедел ауруларда көрсетілетін медициналық көмек жүйесі ретінде пайда болды.

  2. Алғашқы көмектің дамуының басталуы ертедегі орта ғасыр - IV ғасыр дәуіріне жатады. Бұл кезде көптеген кезбелерге көмек көрсету үшін Иерусалимге апаратын жолдарда кезбелерді қабылдайтын үйлер ұқйымдастырылды. 1092 жылы Англияда иоанниттер ордені құрылды, оның мақсаты Иерусалим госпиталіндегі науқастарды күту және жолдағы кезбелерге алғашқы көмек көрсету болып табылды. Жедел жәрдемнің алғашқы станциясы 1881 жылы вена қаласында құрылды. 1898 жылы ғана Мәскеуде жедел жәрдемнің алғашқы үш бекеті ашылды. 1928жылы Н.В.Склифосовскии атындағы Мәскеулік жедел жәрдем ҒЗИ , ал 1932 жылы — И. И. Джанелидзе атындағы Ленинградтық жедел жәрдем ҒЗИ құрылды.

  3. Алматы қаласында алғаш рет 1926 жылы Орталық клиникалық амбулатория құрылды. 1928 жылдың 5-ші ақпанында Жетісу губерниялық денсаулық сақтау бөлімінің Үкімі бойынша жедел медициналық жәрдем көрсетуге арналған Республикадағы алғашқы мекеме – қалалық аурухана құрамында 2 «жедел жәрдем күймесі» бар жедел көмек пункты ұйымдастырылады. 1951-1974 жылдар аралығында 9 қосалқы бекеттер ұйымдастырылды.

  4. Жедел медициналық жәрдем бекеті мамандандырылған- кардиологиялық, невралогиялық, шокқа қарсы, токсикологиялық және т.б. бригадалар құру 60-шы жылдардың ортасында басталды. 1990 жылдан бастап станцияда мамандандырылған ЖМЖның жаңа жүйесі – қарқанды терапия бригадалары (ҚТБ. пайда болды.

  5. ЖМЖ қызметі бүгінгі қоғамның дамуында әлеуметті маңызды медициналық көмектің бірі болып табылады, Қазақстан Республикасының азаматтарына бұл көмек Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес тегін көрсетіледі.

  6. Шақыртуға баратын бригадалардың жұмысының ұымдастырылуы- екі дәрежелі дәрігерлік модель, екі дәрежелі аралас модель, бір дәрежелі фельдшерлік модель.

  7. ЖМЖ ұйымының модельі: ЖМЖ орналасу аймағына, тұрғындар санына, жергілікті ауданның немесе қаланың атқаратын жұмыс көлемі мен дәрежесі бойынша анықталады.

  8. ЖМЖ дәрігірінің қызмет ерекшелігі: уақыт тапшылығына, диагностикалық аппапраттардың жетіспеушілігіне байланысты экстремальды жағдай, жедел көмек көрсету жиі кездеседі; науқастар сирек жедел реанимациялық көмек көрсетуді талап ететін, критикалық жағдайда болады; науқас пен дәрігер арасындағы психологиялық байланыс науқастың жағдайының ауырлығына байланысты болады; медициналық көмек кейде ғана науқастың туыстары немесе көршілерінің қатысуымен жүреді. Көмек көрсету жағдайы примитивті болуы мүмкін.

  9. ЖМЖ дәрігерінің міндеті: дисциплиналық жауапкершілік — қызметтік дисциплинаны бұзушыларға сөгіс жариялау; әкімшілік жауапкершілік — әкімшілік құқық бұзушылыққа заңды түрде жауап беру; азаматтық, немесе азаматтық құқықтық жауапкершілік— бұл заңды немесе шартты түрде құқық бұзушыға қолданылатын заңды іс әрекет; қылмыстық жауапкершілік— бұл қылмыстық кодекспен бақыланатын жауапкершілік;

  10. ЖМЖ құжаттары –шақырту картасы, ілеспе парағы, учаскелік дәрігерге дабыл парғы.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет