2. Миокард инфаркті кезінде дамитын кардиогенді шокқа төмендегі берілген асқынулардың барлығы себеп БІРЕУІНЕН БАСҚА: Папиллярлы бұлшық ет басының жыртылуы. Қарыншааралық перде жыртылуы. Перикардит. Оң қарынша миокард инфаркті. Сол қарынша жыртылуы.
3. Төмендегі берілген ЭКГ Р тісшесі өзгерісінің қайсысы оң жүрекше гипертрофиясына ең тән болады:
«екіөркешті» Р тісшесі I, avL шықпада;
Жоғары үшкірленген Р тісшесі II, III, avF шықпада;
Кеңейген Р тісшесі теріс;
Үшкірленген Р тісшесі;
Екіфазалы Р тісшесі.
4. 1. Стандартты шықпаларды көрсетіңіз
V1, V2, V3
I, II, III
aVR, aVL, aVF
Нэбо бойынша анықтау
V4, V5, V6
5. ЭКГ ІІ стандартты шықпа қандай потенциалдардан жазылады
Сол қол – оң аяқ
Оң қол – сол аяқ
Сол қол – сол аяқ
Оң қол – оң аяқ
Жүрек ұшы – сол қол
6. Кардиогенді шок жиі дамиды:
Бірінші рет алған миокард инфаркт.
Қайталаған миокард инфаркті.
Бірінші рет алған және қайталанған миокард инфаркті кезіндегі дамитын асқынулар жиілігі бірдей.
Айқын заңдылық анықталмайды.
Артериальды гипертензия қосарланған кезде
Кардиогенді шоктың III дәрежесі кезіндегі артериальды гипертензия деңгейі:
90-80 мм.сб.
110-100 мм.сб.
80-60 мм.сб.
100-90 мм.сб.
Менее 60 мм.сб.
8. Жіті миокард инфаркті асқынуы шынайы кардиогенді шок кезінде өлімшілдік саны жетеді:
5-10%
20-30%.
40-50%.
60-70%.
80-100%.
9. Кардиогенді шок кезінде тері түсі:
Көгерінкі, құрғақ.
Бозғылт, құрғақ.
Бозғылт, ылғалды.
Қызғылт, ылғалды.
Сарғыш, құрғақ
Төмендегі берілген шоктардың қайсысы кардиогенді шокқа жатады
абортивті
өте тез дамитын
толқын тәрізді
рефлекторлы
декомпенсация
11. Миокард инфаркті асқынуы шынайы кардиогенді шоктың патогенез негізінде жатыр:
Жүректің насосты қызметінің төмендеуі.
Ауру тітіркендіргіштерге стресстік реакция.
Артериальды гипотония.
Гиповолемия.
Гиперкоагуляция
Кардиогенді шоктың II дәрежесі кезіндегі артериальды гипертензия деңгейі:
90-80 мм.сб.
110-90 мм.сб.
80-60 мм.сб.
60-40 мм.сб.
40 мм.сб.төмен
13. Дофаминнің кардиотониялық әсері төмендегідей дозада пайда болады:
1-3 мкг/кг/мин.
5-15 мкг/кг/мин.
3-5 мкг/кг/мин.
15-30 мкг/кг/мин.
30 мкг/кг/мин. жоғары
14. Бета-блокаторды тағайындауға қарсы көрсеткіш болып табылады аталғандардың бәрі БІРЕУІНЕН басқа:
Айқын брадикардия (ЖСЖ 50/мин төмен..
Кезектескен ақсандау, Рейно синдромы.
Бронх демікпесі.
Қант диабетінің декомпенсациясы.
Гастрит.
15. Миокардтың некрозының көрсеткіші:
QRS комплексінің кеңеюі
Q ³ 0,04 с, Q ³ 40% R
Т тісшесінің негативизациясы
ST сегментінің төмендеуі
V5-6 шықпаларында S пайда болуы
16. Кардиогенді шоктың I дәрежесі кезіндегі артериальды гипертензия деңгейі:
A. 90-80 мм.сб.
110-90 мм.сб.
70-50 мм.сб..
60-40 мм.сб.
40 мм.сб. төмен
Ситуациялық есептер
1. Науқас 59 жаста. Алғаш рет жүрек тұсындағы сыққан ауыру сезім, ауыру сезім 40 созылуы, аралас түрдегі ентігу,өлімге деген үрей, айқын әлсіздік. Жағдайы өте ауыр. Науқас тұрқы басын көтерген мәжбүр қалыпта.Терісі бозғылт, ылғалды. ЖСЖ 120 рет. мин,АҚҚ 90/70 мм сб. ЭКГ - III, avF шықпада ST сегменті изосызықтан жоғары, QRS кешені 0,09 сек.. Науқаста негізгі ауруға қандай асқынулар қосарланды?
A.кардиогенді шок;
B. қарыншалық пароксизмальды тахикардия;
C. тромбоэндокардит;
D. миокарда жыртылуы;
E. пароксизмальды қарыншаүстілік тахикардия.
2. Науқас 34 жаста диффузды токсикалық зобпен ауырады, жүрек соғысы жиілеп, ентігу пайда болған. Жүрек тондары қатты, ритм дұрыс емес. Жүрек түрткісінде қысқарған систолалық шу. ЖСЖ – 1мин 198 рет, пульс - 1мин 78 рет, аритмді. АҚҚ 80/50 мм.сб. ЭКГ да: R-R- әртүрлі, QRS кешені 0,11, f толқыны II,III av F, V1; Р тісшесі жоқ. Науқаста қандай ритмдік бұзылыс бар?
А. пароксизмальды тахикардия AV-түйінде;
В. қарыншалық экстрасистолия, аритмиялық шок;
С. жүрекшенің экстрасистолиясы;
D. жүрекшенің тыпыры;
E. жүрекшенің жыбыры.
3. 26-жастағы әйел жүректің қатты қағуына шағымданып жедел медициналық жәрдем шақырған. Анамнезінде осындай ұстамалар болған. АҚҚ 90/70 мм.сб. (жұмыстық АҚҚ 120/80.. ЭКГ-да: ЖСЖ шамамен 200 рет минутына, Р тісшесі анықталмайды, QRS кешені, ST сегменті және Т тісшесі өзгеріссіз. Ең негізгі диагноз?
А. суправентрикулярлы пароксизмальды тахикардия;
В. қарыншалық пароксизмальды тахикардия;
С. жыпылықтаушы пароксизмальды аритмия, аритмиялық шок;
D. синусты тахикардия;
E. WPW синдромы, А типі, аритмиялық шок.
4. 63 жастағы ер адама кеуде тұсындағы ауыру сезіміне, ентігуге шағымданады. Қарап тексергенде тері түсі бозғылт, ылғалды. Жүрек тондары әлсіз. АҚҚ 85/60 мм сб, ЭКГ – ЖСЖ 108рет мин., I, II, avL әкетулерде ST сегменті жоғарлаған, V1-V4 -де 5 мм, QRS кешені 0,09 сек. Ең маңызды қортынды:
А. Артқы қабырға жедел миокард инфаркті, кардиогенді шок;
В. Артқы қабырға жедел миокард инфаркті, пароксизмальды тахикардия;
С. Жедел миокард инфаркті, жүрекше тыпыры;
D. жүрекше фибрилляциясы;
E. Алдыңғы қабырға жедел миокард инфаркті, кардиогенді шок;
Сабақ №2 Тақырыбы: Жүрек ырғағы мен өткізгіштік бұзылыстары. Кенеттен өлім.
Мақсаты: Әртүрлі жүректің ырғақ және өткізгіштік бұзылыстарында дамитын шұғыл жағдайларды студенттерге таныстыру, студенттердің жіктеу бойынша білімдерін жетілдіру, ауруханаға дейінгі кезеңде қолданылатын антиаритмиялық дәрілердің фармакокинетикасы, жүрек ырғағы бұзылыстарын электроимпульсті емдеу әдістерін студенттерге таныстыру.
Оқу тапсырмасы:
Ауруханаға дейінгі жіті жүрек ырғағы және өткізгіш бұзылыстары жіктелуімен студенттерге таныстыру.
Жүрек ырғағы бұзылысының тахисистолалық түрінде пайда болатын шұғыл жағдаймен студенттерге таныстыру.
Жүрек ырғағы бұзылысының брадисистолалық түрінде пайда болатын шұғыл жағдаймен студенттерге таныстыру.
Жүрек ырғағы және өткізгіш бұзылыстарының ЭКГ диагностикасын студенттер арасына бөлу, машықтандыру.
Антиаритмиялық препараттар тағайындау үшін көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштермен студенттерге таныстыру
Ауруханаға дейінгі кезеңде кардиоверсия жүргізу көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштермен, кардиоверсия жүргізу әдістерін студенттерге таныстыру
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
жүрек ырғағы және өткізгіш бұзылыстары жіктелуі.
Суправентиркулярлы жүрек ырғағы бұзылыстары, клиникасы, ЭКГ-диагностикасы.
Қарыншалық жүрек ырғағы бұзылыстары, клиникасы, ЭКГ-диагностикасы
Қарыншалық экстрасистола жіктелуі.
Жүрек ырғағының суправентиркулярлы бұзылыстарын басу үшін қолданатын препараттар.
Ауруханаға дейінгі кезеңде кардиоверсия үргізу әдістері.
Тахисистола кезінде жедел көмек алгоритмі.
Брадисистола кезінде жедел көмек алгоритмі.
Оқыту әдістері: Ауызша сауалнама, тестілеу, шағын топпен жұмыстау, дискуссия, презентация, ЭКГ шешу, дефибриллятормен жұмыс істеу, тығыз байланыс- кері қайта байланыс.
Әдебиеттер:
Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. Багненко С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. М., 2008.- 816 с.
Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
В.М. Михайловича, 2004. -704 с.
Бақылау:
Тестілер.
1. WPW синдромы бар науқаста жүрекшенің тыпырын 1:1 қандай тәсілмен басамыз:
А. пропранололмен (обзиданмен.;
В. кардиоверсия;
С. дигоксинмен;
D. лидокаинмен;
Е. изоптинмен
2. ЖИА-мен бірге жүретін синусты түйінің әлсіздік түйіні синдромы бар науқастарға төмендегі берілген препараттардың қайсысын ҰСЫНУҒА БОЛМАЙДЫ: Нитраттар Корватон верапамил Коринфар Фуросемид
3. Фредерика синдромы сипатталады:
Толық атриовентрикулярлы блокадамен жыпылықтаушы аритмия;
Гисс шоғыры оң аяқша блокадасымен жыпылықтаушы аритмия;
Бигеминия типімен экстрасистолия және жыпылықтаушы аритмия;
синоаурикулярлы блокада;
QRS кешеніне Р тісшесі қосылуы.
4. АВ түйіннен шығатын алмастырушы ырғақ жиілігі тән:
20 рет мин аз;
20-30 рет мин;
40-50 рет мин;
60-80 рет мин;
90-100 рет мин.
5. Пуркинье талшығынан шығатын алмастырушы ырғақ жиілігі тән:
20 рет мин аз;
20-30 рет мин;
40-50 рет мин;
60-80 рет мин;
100 рет мин
6. Импульс өте аз жылдамдықта өтеді:
Синоатриальды және атриовентрикулярлы түйіннен;
Жүрекше түйінаралық жолдан;
Гисс шоғырының жалпы бағанасынан;
Атриовентрикулярлы түйіннен;
Синоатриальды зонадан;
7. Жүрекше тыпыры кезінде қозу жиілігі болады:
300 рет мин жоғары;
150-200 рет мин;
200-300 рет мин;
100-150 рет мин;
150 рет мин.дейін.
8 І дәрежедегі АВ-блокадасының ең тиімді орналасуы жедел дамыған:
A. Атриовентрикуляр түйіні;
B. Гис шоғырының оң аяқшасы;
С. Гис шоғырының сол аяқшасы;
D. Гис шоғырының бағаны;
Е. Синус түйінінде.
9. Гис шоғырының сол аяқшаларының толық блокадасына мына өзгерістердің барлығы тән, БІРЕУІНЕН басқа:
A. V 5-6; I; aVL тіркемедегі ішкі уақытының ұзаруы;
B. V 1-2; III; aVF тіркемедегі S тісшесінің тереңдеуі мен кеңеюі;
С. aVL; I; V 5-6 тіркемедегі R тісшесінің кеңеюі;
D. V 1-2 тіркемесінде Q тісшесінің біреуленуі;
Е. QRS кешенінің ұзындығы >0,12.
10. Гис шоғырының сол аяқшаларының толық емес блокадаларында барлығы тән, БІРЕУІНЕН басқасы:
A. aVL; V 5-6; I тіркемесінде R тісшесінің кеңеюі мен үшкірленуі;
B. aVF; V 1-2; III тіркемесінде QS кеңеюі мен тереңдеуі;
С.Электр өсінің солға ығысуы;
D. QRS кешенінің кеңейген >0,12;
Е. QRS кешенінің ұзаруы 0,10-0,11;
11. АВ-блокадасының І дәрежесіне барлығы тән, мынадан басқа:
A. ЖСЖ 60-80 рет/мин кезіндегі PQ> 0,20;
B. Синустық ритм дұрыс сақталған;
С. Әр QRS кешенінің алдында P тісшесінің болуы;
D. PQ ұзаруы;
Е. PQ қысқаруы
12. Гис шоғырының сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасына тән ЭКГ белгісі:
A. Электр өсінің оңға ығысуы;
B. I тіркемедегі QRS кешенінің rSтипті;
С. Амплитуда R III> R II;
D. aVF; III тіркемеде S тісшесі терең;
Е. V 5-6 тіркемеде S тісшесі.
13. Тахикардияда қарыншалық қозу жиілігі минутына 160 рет және QRS кешенінің кеңеюі неге тән:
A. Суправентрикулярлы тахикардия пароксизмі;
B. WPW синдромы кезіндегі антидромды тахикардия;
С. Идиовентрикулярлы ырғақтың жылдамдауы;
D. Қарыншалық тахикардия пароксизмі;
Е. Қарыншалар фибрилляциясы.
14. Пароксизмальды синоатриальды тахикардия белгілері:
A. Тахикардияның кенеттен басталып, кенеттен аяқталуы;
B. Кей жағдайда АВ-блокадасы;
С. R-R интервалы әртүрлі;
D. 2 фазалы P тісшесі;
Е. 2 өркешті P тісшесі.
15. ІІ дәрежедегі АВ-блокадасы Мобитц ІІ типке тән:
A. PQ ұзаруы, қарыншалық кешенінің түсуінің алдында;
B. PP қысқаруы, қарыншалық кешенінің түсуінің алдында;
С. Бір немесе бірнеше QRS кешенінің түсуі;
D. P-тісшесінің және QRS кешенін толық бірігуі;
Е. PP интервалы әр түрлі.
16. Гис шоғырының сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасына тән белгілер:
A. Қарыншалық кешеннің соңғы бөлігінің өзгеруі;
B. Электр өсінің кенеттен солға ығысуы;
С. Электр өсінің оңға ығысуы;
D. QRS>0,12 кеңеюі;
Е. QT қысқаруы.
17. Экстрасистолия кезінде лидокаинмен емдеуге қарсы көрсеткіштер:
A. Политоптық қарыншалық экстрасистолия;
B. Топтық қарыншалық экстрасистолия;
С. Жеке қарыншалық экстрасистолия;
D. Ерте қарыншалық экстрасистолия;
Е. Суправентрикулярлы экстрасистолия;
18. Синус түйінінің әлсіз синдромымен ЖИАмен ауыратын науқастарға тағайындалмайтын дәрі:
A. Нитраттар;
B. Адреномиметиктер;
С. Бета-блокаторлар;
D. Кальций антагонистері;
Е. Диуретиктер;
19. Синус түйінінің автоматизмдік қасиетін төмендегілердің қайсысы жақсы басады:
A. Сустак.
B. Корватон.
С. Дилтиазем.
D. Коринфар.
Е. Нитросорбид.
20. Атриовентрикулярлы өткізгіштің қосымша жолдары жиі кездеседі:
Джеймса түйіні.
Махайма түйіні.
Кента түйіні.
Гисс шоғырының оң аяқшасы
Гисс шоғырының сол аяқшасы
Ситуациялық есептер
1. Науқаста «жыбырлақ» және жүректің мұздауы, жүректің қатты қағуы сезімі пайда болған. ЭКГ: ритмі дұрыс емес, жеке қарыншалық кешен 0,12 сек дейін кеңейген, деформацияланған,оның алдында R-R аралығы қысқарған, содан кейін ұзарған пауза, алдында Р тісшесі жоқ. Науқаста қандай жүрек ырғағы бұзылыстары болуы мүмкін?
А. атриовентрикулярлы экстрасистолия;
В. қарыншалық экстрасистолия;
С. пароксизмальды тахикардия;
D. жүрекшелік экстрасистолия;
E. жүрекше жыбыры.
2. Науқас 42 жаста, 2 жыл бұрын миокард инфарктін алған, физикалық күштемеден кейін жүректің қатты соғуы, ол ентігумен, ауа жетіспеуімен, жалпы әлсіздікпен қосарланғанына шағымданады. ЭКГ-де АV түйіннен шығатын пароксизмальды тахикардия. ЭКГ-де АV түйіннен шығатын пароксизмальды тахикардияның ең негізгі белгісін атап көрсетіңіз:
А. ЖСЖ 140-250, ырғағы дұрыс, әрбір QRS кешені алдында Р тісшесі;
В. ЖСЖ 140-250, ырғағы дұрыс, QRS кешені өзгермеген, Р тісшесі жоқ;
С. ЖСЖ 120 рет минутына,ырғағы дұрыс, Р тісшесі QRS кешені алдында;
D. Р тісшесі жоқ, II, III, AVF, V1-V2 әкетілерінде F толқыны;
E. ЖСЖ 140-220, кеңейген, деформацияланған 0,12 сек ұзақ QRS кешені.
3. Науқас 34 жаста диффузды токсикалық зобпен ауырады, жүрек соғысы жиілеп, ентігу пайда болған. Жүрек тондары қатты, ритм дұрыс емес. Жүрек түрткісінде қысқарған систолалық шу. ЖСЖ – 1мин 108 рет, пульс - 1мин 78 рет, аритмді. ЭКГ да: R-R- әртүрлі, f толқыны II,III av F, V1; Р тісшесі жоқ. Науқаста қандай ритмдік бұзылыс бар?
А. пароксизмальды тахикардия AV-түйінде;
В. қарыншалық экстрасистолия;
С. жүрекшенің экстрасистолиясы;
D. жүрекшенің тыпыры;
E. жүрекшенің жыбыры.
4. 52 жаста ер адам 3 апта бойы жіті миокард инфарктімен бөлімшеде емделуде. ЭКГ QRS кешенінің жиі түсіп қалуымен жүретін, біртіндеп ұзарған P-Q интервалы пайда болған. ЭКГ қандай ырғақ бұзылысы ең маңызды:
А. синоаурикулярлы блокада II сатысы;
В. АV блокада II дәрежесі. Мобица I;
С. АV блокада II дәрежесі. Мобица II;
D. АV блокада III дәрежесі.
E. АV блокада I дәрежесі.
5. Науқас 60 жаста диагнозы: ЖИА инфарктан кейінгі кардиосклероз кенеттен есін жоғалтқан. Эпилепсиялық тырысулармен, еріксіз дефекация, зәр шығару жалғасқан. ЭКГ-да АV-блокаданың II дәрежесі, Мобитц II. Қандай өзгерістер ЭКГ да патологияны анық көрсетеді?
А. Р-Q біркелкі ұзаруы QRS әр 2 комплекстен кейін түсіп қалуы;
В. Р-Q интервалының біртіндеп ұзаруы, QRS комплексінің түсіп қалуы;
С. Р-Q интервалның 0,12" қысқаруы, дельта толқын;
D. Р-Q интервалның 0,20" ұзаруы;
E. QRS V5-V6 комплексінің кеңеюі.
Сабақ №3 Тақырыбы: Жүрек ырғағы мен өткізгіштік бұзылыстары.Кенеттен өлім.
Мақсаты: Ауруханаға дейінгі кезеңде жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу және клиникалық өлімнің диагностикалық әдістерін студенттерге таныстыру.
Оқу тапсырмасы:
Клиникалық өлім диагностикалық әдісін студенттерге үйрету, жүрек тоқтау белгілерімен студенттерге таныстыру
Жүрек-өкпе реанимация этаптарымен және ЖӨР әртүрлі этапындағы жедел көмек көлемімен студенттерге таныстыру.
Ауруханаға дейінгі кезеңде тыныс жолдары өткізгіштігін қалпына келтіру, бірқалыпта ұстап тұру, кеңірдек интубациясын жасау, коникотомия жасап көрсету, өкпені жасанды желдендірудың әртүрлі әдістерін студенттерге жасап көрсету.
Жүрекке жабық массаж жасау әдістерін студенттерге жасап көрсету
Әртүрлі механизм бойынша қанайналым тоқтау кезінде қолданатын дәрілердің көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері, миды гипоксиядан қорғау, алдын алу және метаболизм бұзылыстарын коррекциялауға арналған препараттарын студенттерге таныстыру.
Механикалық дефибрилляция (прекардиальды соққы., электрлік дефибрилляция қалай жүргізуді студенттерге көрсетіп, үйрету
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Клиникалық өлім деген не? Диагностикалық критериі.
Жүрек-өкпе реанимациясы, реанимациялық шараны жүргізу әдістері, жүрекке жабық массаж жасау әдістері.
Өкпені жасанды желдендіру, әртүрлі әдістермен ӨЖЖ жүргізу көрсеткіштері («ауыздан ауызға», «ауыздан мұрынға».
Реанимация этаптары.
Дефибриляция, дефибрилляцияға көрсеткіштер, жүргізу әдістері.
ЖӨР жүргізу кезіндегі қабылданатын негізгі медикаменттер, ЖӨР кезіндегі дәрілік заттарды енгізу жолдары.
ЖӨР тоқтату критериі, реанимациялық шаралар жүргізу кезіндегі әсерлік критериі.
Оқыту әдістері: Ауызша сауалнама, тестілеу, шағын топпен жұмыстау, дискуссия, презентация, тығыз байланыс- кері қайта байланыс.
Әдебиеттер:
Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. Багненко С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. М., 2008.- 816 с.
Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
В.М. Михайловича, 2004. -704 с.
Бақылау: тестілер, ситуациялық есептер («қортынды білім бағалау, жасау білу және машықтануға арналған бақылау-өлшеу әдістері бөлімінде.
Тестілер.
1. Жүрекке жанама массаж жасауда төмендегі берілгендердің ең негізгі әсері болып табылады:
A. қарашықтың тарылуы
B. тері цианозының азаюы
C. ұйқы артериясында пульстің пайда болуы
D. мәйіттік дақтардың пайда болуы
E. көз алма склерасының құрғауы
2. Төменде аталғандардың ішінде жүрек –өкпе реанимациясының жасауға аса тән көрсеткіш болып табылады:
А. ұйқы артериясында пульстің болмауы
В. тыныстың патологиялық түрде болуы
С. қысқа уақытқа есін жоғалтуы
D. тері жабындысының диффузды цианозы
Е. анизокория
3. Төменде аталғандардың ішінде реанимация кезінде ең әсерлі оксигенациялық әдіс болып табылады:
А. тыныс аналептиктерін енгізу
В. ауызбен-ауызға дем беру
С. В, С витаминдерін енгізу
D. кеңірдек интубациясын және өкпені жасанды желдендіру
Е. ауызбен-мұрынға дем беру
4. Клиникалық өлімге тән негізгі белгі болып табылады:
А. тыныстың тоқтауы
В. тырысулар
С. көз қарашығының кеңеюі
D. патологиялық тыныс
Е. ұйқы артериясында пульстің болмауы
5. Жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, қанайналымын қалпына келтірудің ең адекватты критерийлері болып табылады:
А. тері мен шырышты қабаттарының қызара бастауы
В. тахипноэ
С. ұйқы артериясында пульстің пайда болуы
D. диурездің қалпына келуі
Е. көз қарашығының тарылуы
6. Жүрекке электрлік дефибрилляция жасау үшін ең тиімді көрсеткіш болып табылады:
А. ұйқы артериясында пульстің болмауы
В. 1 минут бойы жасалған жүрек жанама массажының әсерінің жоқтығы
С. ЭКГ-да жүрекшенің жыпылықтауы
D. ЭКГ-да жүрек фибрилляциясының болуы
Е. есінің болмауы
7. Ауруханаға дейінгі кезеңде кеңірдекке интубация жасау мен өкпені жасанды желдендірудің күмәнсіз көрсеткіштері:
А. тыныстың патологиялық түрі
В. апноэ
С. 2-3 дәрежелі астма статусы
D. өкпе ісінуімен асқынған, артериялық гипертензия
Е. дене қызуының 39ºС жоғарылауы және тахипное 25-30 рет минутына
8. Аталған дәрілік заттардың ішінен қанайналым тоқтағанда қолданылатын тиімді препаратты таңдаңыз:
адреналин
кальций антагонистері
преднизолон
жүрек гликозидтері
атропин
9. Қан айналым тоқтауына ең негізгі себеп болып, жиі кездесетін:
A. пароксизмалды суправентрикулярлы тахикардия
B. қарыншалық экстрасистолия
C. қарыншалық фибрилляция
D. электромеханикалық диссоциация
E. асистолия
10. Төменде аталған жағдайлардың қайсысында жүрек –өкпе реанимациясы жасалмайды:
қанайналым тоқтаған уақыттан 30 минут өтсе
туыстарының сұрауы бойынша
құжатында тіркелген жазылмайтын аурудың терминалды сатысында,
ауыр бас –ми жарақаты
қанайналымының тоқтағанынан 20 минуттан асса
11. Бір медициналық қызметкер жүректің жабық массажы мен ӨЖЖжүргізгенде мынадай арақатынасты ұстанады:
А. 2 дем + 15 компрессия
В. 3 дем +18 компрессия
С. 5 дем + 20 компрессия
D. 1 дем + 5 компрессия
Е. 1 дем + 4 компрессия
12. Жүрекке жасалған жанама массаждың ең әсерлілігін мынадан көруге болады:
қарашықтың тарылуы
ұйқы артериясында пульстің пайда болуы
систоликалық артериялық қысымның 80 мм.сн.б. жоғары болуы
сирек спонтанды тыныстың болуы
көз алмасының склерасының құрғауы
13. Клиникалық өлім жағдайындағы науқасқа төменде аталған дәрілердің қайсысы эндотрахеальді енгізгенде аса тиімді болады:
A. норадреналин
B. адреналин
C. лидокаин
D. атропин
E. эуфиллин
14. Клиникалық өлім жағдайындағы науқасқа төменде аталған дәрілердің қайсысын енгізу тиімді:
A. адреналин
B. верапамил
C. обзидан
D. дигоксин
E. атропин
15. Қанайналымның тоқтауына тікелейемес себеп болатын:
А. пароксизмалды суправентрикулярлы тахикардия
B. қарыншалық экстрасистолия
C. қарыншалық фибрилляция
D. электромеханикалық диссоциация
E. асистолия
Ситуациялық есептер
1. 57 жастағы науқас еркекті қарап тексеру кезінде кенеттен есінен танып, қысқа уақытқа тонико-клоникалық құрысу, тері жамылғыларының цианозы байқалған. Диагноз толық қойып, анықтау үшін төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысын тез арада жасау қажет?
Артериальды қан қысым өлшеу.
Жүрек аускультациясын жүргізу.
ЭКГ тіркеу.
D ұйқы артериясынан пульс пальпациялау.
E қарашық көлемін және оның жарыққа реакциясын анықтау.
2. 64 жастағы науқас әйел диванда жатыр. Қарап тексеру кезінде естен тану, тері жамылғыларының цианозы, қарашықтардың айқын кеңеюі, ұйқы артериясында пульс анықталмайды. Бұл науқасқа бірінші орында төмендегі берілген манипуляциялардың қайсысын жүргізуге болады?
A. Өкпені жасанды желдендіру
B. Науқасты қатты жерге жатқызу.
C. Жүрекке жабық массаж жасау.
D. Электрокардиограмма жасау.
E. Ауыз қуысын тазалау.
3. 49 жаста ер адам кенеттен есінен танып, қысқа уақытқа тонико-клоникалық құрысу, тері жамылғыларының цианозы, ұйқы артериясында пульс анықталмайды. Төмендегі берілген емдік әдістердің қайсысын тез арада жасау қажет?
A адреналин жүрек ішіне енгізу.
B жүрек электрлік дефибрилляция.
C жүрекке жабық массаж жасауды бастау.
D дофамин көктамырға инфузия түрінде енгізу.
E.өкпені жасанды желдендіруді бастау.
4. Жас ерадамда спортпен шұғылданудан кейін жүрек тұсында ауыру сезім, жүректің қатты соғуы, айқын әлсіздік пайда болған. Об-ті: тері жамылғылары бозғылт, ес-түссіз ұйқы артериясында пульс анықталмайды, қарашықтары айқын кеңейген, жарыққа реакциясы әлсіз. Науқаста қанайналым тоқтаған кезде төмендегі механизмдердің қайсысы дамиды?
A қарыншалық фибрилляция.
Қарыншалық пароксизмальды тахикардия
C Асистолия.
D жүрекше жыбыры.
E Электромеханикалық диссоциация
5. Жас ерадамда спортпен шұғылданудан кейін жүрек тұсында ауыру сезім, жүректің қатты соғуы, айқын әлсіздік пайда болған. Об-ті: тері жамылғылары бозғылт, ес-түссіз ұйқы артериясында пульс анықталмайды, қарашықтары айқын кеңейген, жарыққа реакциясы әлсіз. Бұл науқасқа бірінші орында төмендегі берілген манипуляциялардың қайсысын жүргізуге болады?
A жүрекке жабық массаж жасауды бастау
B. өкпені жасанды желдендіруді бастау.
C. үштік Саффара әдісін жүргізу.
D. прекардиальды соққы жасау.
E. ауыз қуысын тазалау.
№4 Сабақ Тақырыбы: Жіті коронарлы синдром
Мақсаты: Ауруханаға дейінгі кезеңде жіті коронарлы синдром туралы ұғыммен студенттерді таныстыру, жедел миокард инфаркті, тұрақсыз стенокардия диагностикасы мен емін студенттер араларына машықтану үшін бөлу.
Оқу тапсырмасы:
Жіті коронарлы синдром ұғымымен және ауруханаға дейінгі кезеңде жіті коронарлы синдромға күдік туған жағдайдағы жедел жәрдем тактикасымен студенттерді таныстыру,
Тұрақсыз стенокардия және миокард инфаркті диагностикалық критериі және клиникасымен студенттерді таныстыру.
Электорокардиографиялық миокард некрозы және ишемия белгілерімен студенттерге таныстыру.
Ауруханаға дейінгі кезеңде миокард инфаркті және тұрақсыз стенокардия диагностикалық және емдеу алгоритмін студенттерге таныстыру.
Кеуде тұсындағы ауыру сезіммен жүретін ЖИА ауруларын студенттерге таныстыру
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Жіті коронарлы синдром ұғымы және анықтамасы
ЖКС күдіктенген кезде жедел жәрдем дәрігерлер тактикасы
ЖИА жіктелуі, стенокардия.
Тұрақсыз стенокардия клиникасы (алғаш рет пайда болған, үдемелі, спонтанды..
Жіті миокард инфаркті клиникасы.
Миокард ишемия ЭКГ диагностикасы.
Ауруханаға дейінгі кезеңде миокард инфаркті және стенокардияны емдеу алгоритмі.
Оқыту әдістері: Ауызша сауалнама, тестілеу, шағын топпен жұмыстау, дискуссия, презентация, ЭКГ шешу, тығыз байланыс- кері қайта байланыс.
Әдебиеттер:
Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. Багненко С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. М., 2008.- 816 с.
Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
В.М. Михайловича, 2004. -704 с.
Бақылау: тестілер, ситуациялық есептер («қортынды білім бағалау, жасау білу және машықтануға арналған бақылау-өлшеу әдістері бөлімінде.
Тестілер.
1. Жедел миокард инфарктінен бірінші сағаттарда жиі асқынады:
тромбоэмболиялық асқынулармен
қарыншалар фибрилляцисымен
перикардитпен
плевритпен
аневризмамен
2. Жедел миокард инфарктінің асқынуы кезінде жедел жәрдемнің желілік бригадалар тактикасы:
өзбетінше ем жүргізу
өзіне реанимациялық бригада шақыру
науқасты көпсалалы аурухананың қабылдау бөліміне тасымалдау
науқасты жалпы реанимациялық бөлімшеге тасымалдау
науқасты кардиореанимациялық бөлімшеге науқасты тасымалдау
3. ЭКГ зақымдану аймақтарын көрсетеді:
Т тісшесінің өзгеруі
+ ST сегментінің өзгеруі
QRS комплексінің өзгеруі
R тісшесінің өзгеруі
Q тісшесінің кеңеюі
Достарыңызбен бөлісу: |