Клиникасы. ЖРҚ клиникалық белгілеріне ревматизмдік полиартрит, ревматизмдік кардит, хорея, сақина тəрізді эритема жəне тері асты ревматизмдік түйіндер жатады.
Ревматизмдік полиартрит 50% жағдайда кездеседі. Оның негізін жедел синовит құрайды. Си- новит жиі периартикулярлық тіндердің экссудатты қабынуымен қоса кездеседі. Науқас адамның 30% полиартралгия байқалады. Ревматизмдік қызбада ірі жəне орташа буындар (тізе, сирақ-асық, шынтақ, иық, кəріжілік – білезік буындары) зақымданады. Қабынған буындар біркелкі ісінген, күшті ауырады, сипағанда ыссы болып көрінеді, ауырсынуға байланысты буынның қимылы шектелген. Дене қызуы 39-400С дейін көтеріледі.
Ревматизмдік полиартрит қатерсіз, көшпелі болып келеді (қабыну бір буыннан екінші буынға ауысып отырады), көбіне симметриялы буындар қабынады. Бір буынның қабынуы əдетте бір ап- тадан аспайды, ал буын синдромының жалпы ұзақтығы 2-3 аптадан аспайды. Антиревматизмдік емнің əсерінен полиартрит тез жойылады (бірнеше сағат, күннен кейін).
Ревматизмдік кардит. Ревматизмде жүректің барлық қабаты зақымданады. Бірақ клиникалық жағдайда алғашқы эндокардит пен перикардиттің диагнозын қою қиын, сондықтан «ревмокар- дит» деген жалпы атау қолданылады. Қандай қиындық болса да, əр нақтылы жағдайда зақым- данған жүрек қабын анықтауға тырысу керек.
Бірінші ретті ревматизмде миокардит 100% дерлік жағдайда кездеседі. Ревматизмдік миокар- дит жайылмалы жəне ошақты болып келеді.
Жайылмалы миокардитке миокард ишемиясының, жүрек əлсіздігінің белгілері жəне жүрек аритмиясы тəн.
Миокард ишемиясы қоса болатын коронаритке байланысты туындайды. Клиникалық тұрғы- дан миокардитте болатын ишемияда жүрек тұсының ұзаққа созылған ауыруы, ауырғандықтың жиі солға қарай тарауы байқалады. Коронаролитиктер ауырғандықты тоқтата алмайды. Ауырғандық қабынуға қарсы ем қолданғаннан кейін басылады.
Жайылмалы миокардитте жүрек əлсіздігінің, жүрек-тамыр жетіспеу-шілігінің белгілері кезде- седі. Науқас адамда əлсіздік, ентігу, жүрек соғу болады. Акроцианоз анықталады. Кейде төсекте отырған, жартылай отырған қалып байқалады. Жүрек шектері көлденең ұлғайған. Жүрек тонда- ры əлсіреген, кейде өкпе артериясы үстінде ІІ тон акценті болады. Науқас адамның ауыр жағдайында шоқырақ ырғағы, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. АҚҚ көбіне төмендеген. Пульстің толықтығы аз, тахикардия болуы мүмкін.
Аритмиялардың ішінде бірінші ретті ревматизмдік миокардитте тахи- жəне брадикардия, экс- трасистолия байқалады.
Ошақты миокардитте коронарит пен аритмия белгілері болады.
Қайталамалы миокардит кардиосклероз бен созылмалы жүрек əлсіздігінің қалыптасуымен си- патталады. Қайталамалы ревмокардитте жүрек əлсіздігінің пайда болуы жүрек ақаулары қалы- птасқандағы гемодинамиканың өзгеруімен де байланысты болуы мүмкін.
Ревматизмдік эндокардит қақпақтардың жармаларын басым зақымдайды. Сондықтан эндо- кардит жүректің жүре қалыптасатын ақауларының басты себебі (80% жағдайда) болып табыла- ды. Осыған байланысты эндокардиттің диагнозын жүрек ақауларының қалыптасу белгілеріне қарап қояды. 1/3 жағдайда жүрек ақауы ревматизмнің бірінші өршуінен кейін қалыптасады. Па- тологиялық процеске ең жиі митральдық қақпақ араласады, екі есе сирек – қолқа қақпақтары, сирек – үш жармалы қақпақ, өте сирек - өкпе артериясының қақпақтары араласады.
Ревматизмдік перикардиттің диагнозы сирек қойылады, себебі оның белгілері əлсіз болып ке- леді жəне тез өшіп кетеді. Төс артының ауыруы, тез жойылып кететін перикард үйкелісінің шуы жəне рентгенологиялық əдістермен кеш анықталатын плевро-перикард тыртықтары аурудың клиникалық симптоматикасының негізін құрайды. Клиникалық белгілері айқын экссудатты перикардиттер сирек кездеседі. Қазіргі кезде перикард қуысындағы шамалы сұйықтықты эхокар- диография көмегімен анықтауға болады.
Ревматизмдік (кіші) хорея мидың стриарлық жүйесі зақымданғанда бой көрсетеді. Хорея көбіне 6-14 жастағы қыз балаларда кездеседі. Ревматизмдік (кіші хорея, Сиденгам хореясы) 6- 30% жағдайда кездеседі. Оның белгілері:
хореялық гиперкинездер (қолдың еріксіз, ретсіз қимылдары, қобалжығанда немесе күш түскен кезде күшейіп кетеді, ұйқы кезінде болмайды);
бұлшық ет гипотониясы (бұлшық ет босаңсып, параличке ұқсастық тудырады);
Ревматизмдік хорея əдетте ЖРҚ басқа клиникалық белгілерімен бірге кездеседі, бірақ кейде ол ревматизмдік қызбаның жалғыз белгісі болуы мүмкін.
Сақина тəрізді эритема – ақшыл – қызыл түсті жіңішке сақина тəрізді бөртпе; сыртқы шеті айқын, ішкі шеті онша айқын болмайды. Элементтер бір – бірімен қосылып, əр түрлі сурет құрайды. Иық үстінде, кеудеде, сирегірек аяқтарда, мойында, бетте орналасады.