Жедел ревматизм қызбасы жəне жүректің ревматизм ауруы



бет7/8
Дата19.10.2023
өлшемі39,78 Kb.
#186859
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ОРЛ

Клиникалық диагнозды тұжырымдауда ескеру керек:

  1. аурудың клиникалық вариантын;

  2. аурудың басты синдромдарын;

  3. аурудың ақырын;

  4. қан айналысы жетіспеушлігінің сатыларын. Диагнозды тұжырымдаудың мысалдары:

  1. Жедел ревматизм қызбасы. Кардит, полиартрит Ж0.

  2. Жедел ревматизм қызбасы. Кардит, кіші хорея. ЖІ.

  3. Қайталамалы ревматизм қызбасы. Кардит. Митральдық қақпақ кемістігі. ЖІ.

  4. Созылмалы ревматизм ауруы. Жүректің күрделі митральдық ақауы, стеноз басым. Ж ІІ Б

(ФК ІІІ).
Емі. Жедел ревматизм қызбасының емі комплексті болып келеді, оның құрамына этиотропты, патогенетикалық жəне симптоматикалық ем жəне реабилитация шаралары кіреді.
Этиотропты ем А тобының бета-гемолитикалық стрептокогін эрадикациялауға (жоюға) бағыт- талған. Қандай антибиотикті жəне қалай беру сұрақтарын емдеуші дəрігер клиникалық ситуа- цияға қарап анықтайды. Бензилпенициллиннің тəуліктік дозасы 1500000 – 4000000 ƏБ 10 күн бойы егіледі. 10 күн бойы ішке қабылдайтын пенициллин (амоксициллин тəулігіне 1-1,5 г 10
күн бойы) қолдануға болады. Кейін əсері ұзақ дəріге көшеді – пенициллиннің бензеатині 2400000
ƏБ бұлшық етке 3 аптада 1 рет егеді.
Пенициллин препараттарын көтере алмаушылықта макролидтар (спирамицин, азитромицин, рокситромицин, кларитромицин) немесе линкозамидтер (клиндамицин, линкомицин) қолданған жөн.
Патогенетикалық емнің (қабынуға қарсы) мақсаттары:
а) ревматизмдік қабыну процесінің активтігін басу;
б) жедел ревматизм қызбасымен ауыратын адамда жүрек ақауы қалыптасуының алдын алу.
Қайталамалы ревматизм қызбасымен ауыратын адамның емі оның жалпы күйін қалпына келтіруге жəне жүректің бар ақауының үдемеуіне бағытталуы керек.
Ауру жедел дамып, кардиттің (панкардиттің), полисерозиттің жəне қабыну процесінің айқын белгілері болғанда (ЭТЖ  30 мм/сағ.), преднизолонның 20 мг/тəулігіне тағайындалады, оны ау- ру адам ертеңгілік тамақтан кейін 1 рет ішке қабылдайды. Осы дозаны науқас адам 2 апта бойы алады, кейін препараттың дозасын біртіндеп азайтып (5-7 күнге 2,5 мг азайтады), кейін беруді тоқтатады. Ем курсының жалпы ұзақтығы 1,5-2 ай.
Онша айқын емес ревмокардитте, кардит жоқ ревматизмдік артритте, процестің ең төменгі ак- тивтілігінде (ЭТЖ < 30 мм/сағ.), жоғарғы активтілік басылып, глюкокор-тикоидтарды тоқтатқан- нан кейін ұзақ уақыт емдеу қажеттігі туғанда, жүректің ревматизмдік ақауларының фонында же- дел ревматизм қызбасы қайталағанда бейстероидтық қабынуға қарсы препараттар (вольтарен, индометацин, диклофенак) тағайындалады. Бұл препараттардың ішінде диклофенакқа ерекше мəн беріледі. Оны 75-150 мг/тəулігіне дозасында 1,5-2 ай бойы береді. Егер ем курсын ұзарту қажет болса, оны қабыну процесі көрсеткіштері толық қалпына оралғанға дейін жалғастырады.
Аурудың сылбыр дамуында делагил (0,25 г/тəул.) немесе плаквенил (0,2 г/тəул.) беруге бола- ды. Олар ұзақ ем үшін де қолданылады.
Симптоматикалық ем қолданылған дəрілердің жағымсыз əсерлері (преднизолон т.б.) мен басқа симптомдарға қарап іске асырылады.
Глюкокортикоидтардың белок жəне минерал алмасуына əсер ететіні жəне ревматизм қызбас- ында жоғары дəрежелі дистрофиялық өзгерістер болатыны калий жəне магний аспартатын (3-6 таб. тəулігіне, 3 рет қабылданады, 1 айға беріледі), инозин (0,6-1,2 г/тəул., 3 рет қабылдайды 1 ай бойы), нандролон (1 мл етке күнде егу, ем курсіне 10 рет егу) беруді қажет қылады.
Қан айналысы жетіспеушілігі белгілері болса, тұзақтық диуретиктер (фуросемид), тиазидтік жəне тиазидке ұқсас (гидрохлортиазид, индапамит), калий ұстағыш (спироно-лактон, триамте- рен, амилорид), ұзақ əсерлі дигид-ропиридин тобынан шыққан кальций каналдарының блокатор- лары (карве-дилол, метопролол, бисопролол), жүрек гликозидтері (дигоксин) беріледі.
Көрсетілген дəрілердің дозалары, қолдану схемалары басқа себептерден пайда болған қан іркілмелі жүрек əлсіздігін емдеуде қолданылатын дозалар жəне схемалармен бірдей.
Ревматизм қызбасымен ауыратындарды 3 сатылы емдейді: стационарда емдеу, поликлиникада емдеу жəне диспансерлік бақылау.
Стационарда қабынуға қарсы белсенді ем жүргізіледі, ауру адамның жеке ерекшеліктерін анықтайды, қажет дəрілер комплексін анықтайды. Ревматизм процесінің активтілігі басылғаннан кейін жəне науқас адамның күйі жақсарғаннан кейін емнің екінші сатысына көшеді.
Емнің екінші сатысында науқас адамды жергілікті кардиологиялық санаторийға немесе поли- клиникаға ревматологтың бақылауына жібереді. Бұл сатыда ауру адам бейстероидтық қабынуға қарсы препараттармен, аминохинолин препараттарымен, бицилин – 5 дəрісімен емді жалғасты- рады. Сонымен қатар реабилитация шаралары да жалғасады.
Емнің үшінші сатысында диспансерлік бақылау жəне ревматизммен ауыратындарды профи- лактикалық емдеу іске асырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет