Жедел ревматизм қызбасы жəне жүректің ревматизм ауруы


Диагнозын қою жəне екшеу-іріктеу диагнозы



бет6/8
Дата19.10.2023
өлшемі39,78 Kb.
#186859
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ОРЛ
Java лаб 3 примеры, Стьюдент таралуы (1), ЭССЕ фил 4, АМАНТАЕВ Н. ПАТОЛОГИЯ ГАСТРИТ 2ЛДА, 5 сынып Math, КН., matveeva vkr 2017, бт МО, 2вар, Вопросы к билетам каз, ЖТ-22-6р1 Силлабус ИстКаз (1), ЖТ-22-6р1 Силлабус ИстКаз, Зертханалық жұмыс №6 Серіков Алишер, Бунақденелілер, stud.kz 331028

Диагнозын қою жəне екшеу-іріктеу диагнозы


Ревматизм қызбасының диагнозын қоярда Кисель – Джонстың диагностикалық критерийлері мен РРА қосқан өзгерістер қолданылады (25-кесте).



    1. кесте

ЖРҚ диагнозын қоюда қолданылатын Киссель-Джонс критерийлері



Үлкен критерийлер

Ұсақ критерий- лер

Алдында болған А-стрептококк ин- фекциясын дəлелдейтін мəліметтер

Кардит Полиартрит

Хорея


Клиникалық: артралгия
қызба

Оң мəнді А-стрептококк себіндісі
(араннан алынған) немесе
А-стрептококктік антигенді тез анықтау тестісі

Сақина тəрізді эри- тема



Лабораториялық: жіті фазалық ре- актанттардың көбеюі: ЭТЖ, С- реактивті белок

Стрептококқа қарсы антиденелер титрының өсуі (АСЛ-О, анти-ДНК- аза В)



Тері асты-


лық ревма- тизм түйін- дері

Инструменталь- дық: ЭКГ – PQ аралығының ұза- руы; Допплер – эхокардиогра- фияда: митраль- дық немесе қолқалық регур-


гитация белгілері




Екі үлкен критерийдің болуы немесе бір үлкен критерийі жəне екі ұсақ критериймен қоса бұрын А-тобының стрептококктік инфекциясы болғанын құжатты дəлелдейтін мəліметтер-дің болуы ЖРҚ болу ықтималдығын жоғары дəрежелі көрсетеді.


ЖРҚ клиникасында полиартрит пен кардит болатындықтан оны клиникасында буын синдро- мы жəне кардиальды симптоматика болатын аурулардан ажырата білу керек.
Ревматизмдік полиартритті ревматоидтық полиартриттен, геморрагиялық васкулиттен, сары- сулық артриттен, палиндромды ревматизмнен, саркоидоздағы артриттен жəне иерсиниоздағы артриттен айыра білу керек.
Ревматоидтық артриттің басында байқалатын көшпелі полиартрит 2-3 аптадан кейін қабы- ну процесінің тұрақты түрінде бір немесе бірнеше буын маңына тоқтайды.
Ревматоидтық артритте дененің ертеңгілік құрысуы ерте пайда болады. Ревматизмнен ерек- шелігі РА қолбасының, аяқ басының ұсақ буындарының, төменгі жақтың буындарының, төс – бұғана буынының зақымдануы ерте болады. РА ерекше белгісінің бірі – қызба жойылып кет- кенімен артриттің жəне қабыну процесіне тəн айқын лабораториялық белгілердің сақталуы. РА- те жүрек сирек зақымданады. Кейін ревматоидтық фактор, буындардың деформациясы жəне рентгенологиялық белгілер пайда болады.
Геморрагиялық васкулит клиникалық жағынан ревматизмдік полиартритке ұқсас буын бел- гілерінен басталуы мүмкін. Петехиялық бөртпелердің, абдоминальдық жəне бүйректік бел- гілердің көрініс беруі диагнозды дəлдеуге көмектеседі.
Сарысулық артритті ревматизмдік полиартриттен айыру үшін анамнезді (аллергиялық əсер болатыны), есекжемнің, ангионевроздық ісінудің болатынын, стрептококктік антиденелер тит- рының төмен болатынын, лабораториялық жіті фазалық өзгерістердің болмайтынын еске ұстау керек. Сарысулық артритте ұсақ буындар зақымданады.
Hench, Rosenberg (1941) сипаттап жазған палиндромды ревматизм (қайталауға бейім) буын қабынудың кенеттен пайда болуымен, буынның ісініп, қызаруы жəне өте күшті ауыруымен си- патталады. Əдетте артрит кенеттен кешке қарай пайда болады жəне өте тез, бірнеше сағаттан немесе күннен кейін жойылып кетеді. Көбіне бір буын, сирек екі жəне одан көп буын зақым- данады. Кейде теріде аллергиялық бөртпелер, көмейдің ісінуі, плевра қуысында сұйықтық пайда болуы кездеседі. Қызу көтерілу, ЭТЖ өсуі болмайды. Ауру қатерсіз дамиды. Аурудың морфоло- гиялық негізін жедел бейспецификалық синовит құрайды.
Бенье-Бек-Шауман саркоидозына тəн клиникалық триада: түбір маңы (медиастинальдық) аденопатия, кезбе полиартрит (немесе жедел артралгия) жəне түйінді эритема (Лефрген синдромы).
Ірі буын артриты мен түйінді эритеманың бірігіп кездесуі ревматизмді иерсиниоздан айыра білуді қажет қылады. Jersinia enterocolitica жəне Jersinia pseudotuberculosis жұққанда диарея, іш ауыруы, түйінді эритема, артрит, лейкоцитоз, ЭТЖ өсуі байқалады. Диагноз бактериологиялық жəне серологиялық əдістермен дəлелденеді.
ЖРҚ-ны ревматизмдік емес миокардиттерден ажырата білу керек. Ревматизмдік емес миокардитте вирустық инфекциямен (көбіне), стрессорлық əсерлермен байланыс болады, инфекциялық аурудан кейінгі латенттік кезең қысқарған немесе ол болмайды, миокардит орташа немесе егде жаста дамиды, ауру біртіндеп дамиды; аурудың басында буын синдромы болмайды, жүрек аймағымен байланысты эмоциональдық бояуы бар шағымдар байқалады, кардиттің айқын клиникалық белгілеріне қарамастан қабыну процесіне тəн лабораториялық белгілер əлсіз болып келеді, астенизация, вегетативтік дистония, аурудың басында қызуды реттеудің бұзылуы белгілері болады.
Функциональдық кардиопатиялар жүрек аймағының ауыруымен, жүректің қатты жəне шалыс соғуымен, “жүректің тұрып қалуы”, “ауа жетіспеу” сезімдерінің т.с. ревматизмге тəн емес шағымдардың болуымен сипатталады. Кардиальдық шағымдар мезгіл – мезгіл болатын вегетативтік тамыр криздерінің (көбіне симпатоадреналдық, сирек вагоинсулярлық типті) фонында кездеседі. Айқын жəне бай субъективтік сезімдер мен өте аз объективтік белгілер арасында контрастылы айырмашылық байқалады. Стероидтармен емдеу науқас жағдайын нашарлатады, седативтік ем, əсіресе симпатолитиктермен ем байқамды өзгерістер береді.
Инфекциялық эндокардиттің бактериялық инфекциямен (инфекциялы жарақат, іріңді инфек- ция т.б.) байланысы болады. Инфекциялық эндокардитте болатын шағымдар - өте айқын əлсіздік, жүдеу, қалтырап тоңу, сүйектер мен бұлшық еттердің ауыруы, тұрақты артралгия неме- се онша айқын емес көшпелі артрит, полиартрит. Төмендегідей белгілер анықталады: қалтырап тоңу болатын ұзаққа созылған қызба, малшып терлеу, терінің қуқыл тартуы, тырнақ деформаци- ясы белгілері (“сағат əйнегіне ұқсас тырнақ”), тырнақ сүйектерінің деформациясы (“дауылпаз таяқшасына ұқсас саусақ”), Лукин – Либман симптомы, тромбоэмболияға бейімділік, гепато- спленомегалия, гломерулонефрит, васкулит белгілері. Инфекциялық артриттің диагнозын қою үшін өте маңызды белгілер: анемия, гипергаммаглобулинемия, бактериемия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет