Классификациясы. Бұрынғы Совет Одағының жерінде ұзақ уақыт академик А.И.Нестеров ұсынған ревматизм классификациясы (1964) қолданып келді, бұл класси-фикация ревматизмдік процестің фазаларын (активті жəне активті емес), клиникалық – анатомиялық түрлерін, ревма- тизмнің даму барысының түрлерін жəне жүрек-тамыр жүйесінің функциональдық өзгеріс дəре- желерін ажыратты.
Россияның ревматологтар ассоциациясы (РРА) 2003 ж. ревматизм қызбасының жаңа класси- фикациясын ұсынды (24-кесте).
Сауығу Созылма- лы ревма- тизм ау- руы Жүрек ақауы жоқ*** Жүрек ақауы бар****
0
І
ІІ А
ІІ Б ІІІ
0
І ІІ
ІІІ
IV
Ескертулер: Ж – қан айналысының жетіспеушілігі;
*- Н.Д.Стражеско жəне В.Х.Василенко классификациясы
**- NYHA бойынша функциональдық класс
*** - қақпа жармаларының регургитациясыз қабынудан кейінгі фиброзы болуы мүмкін, ЭхоКГ көмегімен дəлдеу керек
****-бірінші рет анықталған жүрек ақауының басқа себептерін анықтау керек (мүмкіндік алғанша)
Келтірілген классификация бойынша ревматизм қызбасының екі шешілу (аяқталу) жолы бо- лады: а) сауығу – ЖРҚ клиникалық симптоматикасының толық кері дамып, лаборатория-лық көрсеткіштерінің қалыпты күйге оралуы, ешқандай қалдық өзгерістер болмау;
б) жүректің созылмалы ревматизмдік ауруына көшуі – жүрек қақпақтары жармаларының қабынудан кейінгі шеткі фиброзы немесе ЖРҚ-дан кейін қалыптасқан жүрек ақауы. Созылмалы жүрек əлсіздігі Стражеско – Василенко классификациясына (дəрежесі) жəне Нью-Йорк кардио- логтары бірлестігінің (функциональдық класс) классификациясына сəйкес бағала-нады.