Жеңіл деңгей Қарым-қатынас түсінігін сипаттаңыз



бет3/9
Дата07.02.2022
өлшемі64,76 Kb.
#93507
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Психология 9 Мамитханова Г

Тең құқықты қатынастар – қатынастар мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi теңгерiлген жерде, ал тәуелдi қатынастар құқықтары мен мiндеттерi бiрдей болмаған жағдайда қалыптасады.
Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесiмдi қатынастар нышан бередi.
Топ iшiнде кейбiр тұлғалардың ұнамды ниеттерi екiншi бiреулердiң келеңсiз ниеттерiмен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой тiктейдi.
Адамдардың бiр-бiрiне деген өшпендiлiгi болған жерде дау-дамайлыжанжалды қатынастар өрбидi.
Адамдар арасындағы, тiптi кейде бiр тұлғаның да бойынан көрiнетiн адамдық қатынастар түрi мiне осындай. Бұл қатынастардың бәрi өмiрде адамдардың бiр-бiрiне беретiн бағалары мен мiнездемелерiнде, әр адамның басқаға бағытталған iс-әрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен сезiмiнде көрiнiс бередi.
Тұрақты да келелi қатынастар жүйесi қалыптаспаған ортада адамның өрелi өмiр сүруi өте қиын, себебi әрбiр жеке адамның да, топ мен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерiн тiктейдi. Ересекткрiң төңiрегiндегiлермен қатынасын сол ортаның көңiл-күйi айқындалып, алға қойған мұрат-мақсаттардың сәттi орындалуы не кедергiге ұшырауы мүмкiн.
Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс – бұл остракизм, қоғамнан алыстау, яғни кейбiр адамдардың көпшiлiк арасында сиымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерiлеп қалуы. Мұндай адамдар көпшiлiктiң жек көрушiлiгiне тап болып, назардан тыс қалады, елеңбейдi. Осыдан өзi қатарларынан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершiлiк қасиеттерiнен айырылып, қауымдық өмiр тiршiлiгiнен айрылғандар да кездеседi.
Адам аралық қатынастардың ерекшелiгi олардың эмоционалды болуында. Адам өзi тектеспен араласа отырып, бiр-бiрiне болған айрықша сезiмдер мен ықыластарға кезiгедi. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив сипатта болып, әр адамның шын мәнiндегi тұлғалық оң не терiс қасиеттерiне сай келе бермейдi. Олар әрқашан адамның көңiл-күйiне байланысты, бiр адамның екiншiсiне деген сезiм толғанысының ауысуымен өзгерiске келiп тұрады. Көңiл-күйдiң бiр сәттiк болуынан, жеке қатынастар құбылмалы болып келедi: бүгiнгi тәп-тәуiр сыйлы қатынас күн өтпей-ақ керi сипатқа енуi баршаға аян құбылыс.
Қызметтiк қатынастар жеке қатынастарға қарағанда бiршама тұрақты, олар, әдетте, көңiл-күйге байланысты өзгере бермейдi. Мұндай қатынастардың әрбiр тұлғаның көңiл-күйiне бағына бермейтiндiгiнен, оларды ресми қатынастар деп те атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшелiктерi мен психалогиялық кейпiне тәуелдi болмауы қажет.
Бiрақ өмiрде жеке және қызметтiк қатынастар өзара кiрiге байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйiнде қарастыру мүмкiн емес. Бiрiншiден, әр адам өзiнiң даралығымен қызметтiк қатынастарға әрқашан ерекше мән мен сән берiп отырады; екiншiден, әрқандай тұлға нақты қатынастарға өзiнiң жеке ниет, ой, толғаныс және сезiмдерiмен кiрiседi, ал бұлардың бәрi адамның басқалармен болған қызметтiк қатынасына әсерiн тигiзбей қоймайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет