Жеңіл деңгей Қарым-қатынас түсінігін сипаттаңыз


Ықтималды болжай әсерлену



бет7/9
Дата07.02.2022
өлшемі64,76 Kb.
#93507
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Психология 9 Мамитханова Г

Ықтималды болжай әсерлену деп келесi құбылысты түсiнемiз: адам миы болашақ оқиғаларды алдын ала болжастыру қабiлетiне ие. Осыдан тұлға басталған iс-әрекеттiң бағдарын, қарқындылығы мен ақырғы нәтижесiн күнi бұрын жоспарлайды. әлi қолда жоқ бүтiн затты оның бөлiктерi бойынша ойда белгiлi бiр формаға келтiрiп, жан-жақты сипаттамасын бере алады.
Оқиғалар мен құбылыстарды дәл болжастыру қажеттiлiгi адамдардың өзара түсiнуi мен бiрiн-бiрi қабылдауында өте қажет. Мысалы, адамға тән белгiлi бiтiстерi бойынша оның әлi белгiсiз, бiрақ онда болуы тиiс қасиеттерiн анықтауымыз мүмкiн: батыр адам әрқашан да адал да аңғал болатынына ешбiр күмәнданбаймыз, сондай-ақ, қорқақ – әрдайым өтiрiкшi, мәдениеттi – ой өрiсi кең, қайырымды – үйiршең, сенгiш, өшпендi адам – әрқашан тұйық, күмәншiл келедi. Егер өмiр жағдайлары адамның әлi белгiсiз қасиеттерi жөнiндегi бiздiң болжамымызды растайтын болса, онда болжастыруға деген бiздiң сенiмiмiздi бекiте түседi не керiсiнше де болуы мүмкiн. Адамның болжастыру қабiлетiне өмiрлiк тәжiрибе өзi түзулер енгiзiп,нақтылап барады.
Асыра сiлтеу әсерi адам жөнiндегi алғашқы бағаның кейiнгiлерiне күштi ықпал етуiнен пайда болады. Мұндай әсерден бiрiншi берiлген мiнездеме қатып қалған, өзгермес күйге түседi. Егер қандай да адам бiр көруден бiзге ұнамды тарапынан танылып қалса, кейiн де бiз осы бағамыздан танбай, басқа бiр сын көзқарастарды ол адамға жолатпауға тырысамыз. Керiсiнше де болуы мүмкiн: алғашқы тiлдесуден ұнамаған адам соң қай күйге келiп жолықса да, баяғы жек көрушiлiгiмiзден арылуымыз қиын, санамызда қалыптасқан алғашқы келеңсiз образ басқаларын ығыстырып, өз орнын бермеуге тырысады.
Психологиялық бейне жасауда ең күрделi де маңызды тәсiл – веке адамның бiтiстердi бiрiктiре әсерлену құбылысы. Оның мәнi мынада: әрбiр адам сан-қилы тұлғалармен көп мәрте кездесе жүрiп, қабылдау және бағалаумен жадында олардың сырт көрiнiсi, психологиялық және әрекет-қылығы туралы пайымдау бекiтедi. Көп қайталап кездескен бұл әсерлер бiрiгедi де, солардың iшiнде бiрi, мымалы, адамның сырт келбетi белгiлi бiр психологиялық iшкi қасиетпен ұштастырылады. Осы бiрiккен образ негiзiнде екiншi бiр адамды кездестiргенiмiзде, одан оның сырт пiшiнiне қарап, өзiмiздiң санамызда орныққан осы пiшiнге сәйкес қасиеттi iздестiремiз. Мысалы, қабағы түксиген адамдар көбiне тұйық, ауыр мiнездi келедi. Мiне осы жалпылай, бiрiктiре түскен iшкi бейнемiздi қабағы түксиген нақты адамдардың бәрiне бiрдей баламалай саламыз. Адамдардың психологиясындағы жалпылық олардың iс-әрекетiнде жалпылай кездеседi, ал iс-әрекеттегi жалпы қасиеттер адамдардың жалпы сырт тұлғалық бейнесiнен көрiнедi. Осылай жалпылай бiрiктiрiп, образ жасау қасиетi жас өспiрiмдiк шақтан орнығып,кейiн өмiр бойы түзетулермен реттелiп барады. Осы тәсiлдi жақсы игеруден адам психологиясы құрылымының бiр белгiсi: әрекет-қылығы, дүниетанымы немесе мiнезi – бойынша сол аданың басқа да қасиеттерiн бағалаушы адам өзiнде қалыптасқан бiрiкпе образ арқылы ашуға бейiмделедi. Егер осы бiрiкпе образ жасау тәсiлi адамның сырт көрiнiсi мен iшкi дүниесi арасындағы байланыстың шындыққа жақын екнiн дәлелдей алса, онда бұл адамдарды бағалауда, оның әрекет-қылығын күнi бұрын болжастыруда таптырмас құралға айналады, ал керi жағдайда жаңсақ әңгiмелерге тап қылады.
Бөгде аданың ерекшклiктерiн тануда жеке-дара және кәсiби ерекшелiктер көп рөл ойнайды. Қайырымды, мейiрман, әсерлi адам басқаларды жеңiл түсiнедi, қабылдайды, себебi мұндай адамдар, әдетте үлкен де бай қатынас тәжiрбиесiне ие болумен, басқалардан әрқашан жақсылық қасиеттердi iздестiруге бейiм келедi, ал өз өмiр жолы сәтсiздiктен қаланып, көпшiлiкпен тiл табыса алмаған адам басқалардың да оңды образын жасауға қабiлетсiз келедi.
Кең әлеумет ортасында жүрген кәсiп, қызмет иелерi (педагог, дәрiгер, экономист, саясаткер, әдебиетшi, өнер адамы) төңiрегiндегiледi дұрыс бағалап, қасиеттерiне сәйкес қабылдай бiледi.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет