Жеңіл деңгей Қарым-қатынас түсінігін сипаттаңыз


Субъектив қателiктiң мәнi



бет9/9
Дата07.02.2022
өлшемі64,76 Kb.
#93507
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Психология 9 Мамитханова Г
5.Дең.Топырақтану, Документ (2), Канва бизнес-модель
Субъектив қателiктiң мәнi: нақты кезеңдегi өзiнiң психологиялық кейпiне назар салмастан, адам нақты көрiп тұрғаны мен естiгенiне сенiп қалады, ал көз бен құлақ қабылдауы әрқашан адамның жеке кәңiл-күйiнiң жағдайына тәуелдi. Қандай да адамды қабылдауымыз бiздiң өзiмiздiң сол мезеттегi жан толғанысымыз, көңiл шарпуымыз бен қажетсiнуiмiзге байланыстыкеледi. Осы тұғыдан адам бағалауда өз сезiмi мен пiкiр пайымдауына да толығымен сене беруге болмайды.
Ситуативтiк қателiк мәнi: басқаны бағалай және қабылдай отырып, тұлға өз қабылдау процесiнiң қандай жағдайда өтiп жатқанын ескермеуi және сол жағдайдың оның өзiнiң әрекет-қылығы мен бақылауындағы адамның болмысын нендей әсер етiп жатқанын байқамауы мүмкiн, ал адам өзiнiң бақылау астында екенiн сезсе, өзiнiң әдеттегi, қалыпты қылықтарын бұрмалап кiрiсуге тырысады. Бақылаушының өзi де нақты жағдайларға орай өз әрекетiнiң формасын өзгертедi. Мысалы, дәрiгердi сырқаттың өзiнiң қызмет кабинетiнде қабылдауы мен сол адамды кездейсоқ көшеде не демалыс орнында кездестiрiп, тану үлкен өзгешелiктерге ие. Осыдан психологиялық образ қалыптастыру процесiне ситуацияға орай реттеу мен түзетулер ендiрiп тұрған шеп болмайды.
Асығыс қорытынды жасауға байланысты қателiк мәнi: бақыланушы адам жөнiндегi пiкiр мүмкiн болған мәлiметтердiң бәрi жинақталмай, үстiрт берiледi. Мұндай қателiк болмау үшiн төңiрегiндегiлердi түсiнуге ниет еткен әрбiр адам өзiн ұстамдылықпен, болжамы нақты деректермен айқындалмағанша, бақылауға алынған тұлға жөнiнде ой топшылаудан аулақ болғаны жөн.
Қателiктердiң және бiр тобы жалған қарапайымдылықтан келiп шығады. Мұндай қателiк өзiн-өзi шын мәнiнде кiм екенiн бiлмейтiн, қоғамдық беделi жоқ, аңғырт адамдарда болады. Бұл типтегi жандар төңiрегiндегiлердiң iшкi жан дүниесi мен әрекет-қылығының мәнiн түсiнуге қабiлетi жетпегенiнен, өзiн дүниесiн хабарсыз, не болса, соған сенгiш кейiпте танытып, кiм болса, соның арбауына түсiп кете бередi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет