Бақылау сұрақтары:
1. Көбеюдің қандай түрлері бар?
2. Жыныссыз көбеюдің түрлері
3. Жынысты көбею, оның түрлері?
4. Коньюгация дегеніміз не?
5. Гермофродит дегеніміз не?
6. Партеногенез дегеніміз не?
Сурет 2 – Жыныссыз көбеюдің жолдары
АТАЛЫҚ ЖЫНЫС БЕЗІ, АТАЛЫҚ ЖЫНЫС ЖАСУШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Аталық жыныс бездері - жыныс мүшелерінің күрделі бөлігі. Сүтқоректілердің жыныс безі сопақша пішінді. Ол қосалқысымен бірге умада орналасқан. Ұрықтың дамуы кезінде ұма құрсақ қуысында жатады. Жыныс бездері өзекшелер арқылы ұма қуысына түскен соң, ондағы дәнекер ұлпамен тұтасып кетеді. Бұдан кейін ұма қуысы құрсак қуысынан бөлініп қалады. Егер жыныс бездері ұма қуысына өтпей, құрсақ қуысында қалып қойса, жыныс жасушаларының түзілуіне кедергі жасайды.
Аталық бездер ағзада екі түрлі маңызды қызмет аткарады. Біріншіден, олардан аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар түзіледі. Бұл аталық бездердің сыртқы секрециялық қызметі. Екіншіден, аталық бездерден жыныс гормондары (негізінен тестостерон) бөлінеді. Бұл аталық бездердің ішкі секрециялық қызметі. Сондықтан да жыныс бездері аралас бездерге жатады. Аталық бездерден бөлінген гормондар екінші реттік жыныстық белгілердің жетілуінде негізгі қызмет аткарады. Олардың әсерінен жасөспірімдердің дене пішіні өзгереді, мұрт шығады, дауысы жуандайды т.б. белгілер пайда болады. Аталық безі мезотелий мен ақ қабықшадан тұратын қабықпен қапталған. Осы қабықтан аталық жыныс безін бөліктерге бөлетін перделер тарап, безді 250-дей бөліктерге бөледі. Бөліктерде 1-4 дейін иректелген ұрық түтікшелері болады. Ұзындығы 30-70 см, ал диаметрі 150-250 мкм.
Ирек түтікшелер тік түтікшелерге айналады да, аталық жыныс безі торының каналшықтарымен жалғасады. Бұл тордан 10-12 алып кетуші каналшықтар тарайды. Ол еннің қосалқы өзегіне айналады. Ирек түтікшелер арасында қан тамырлар мен нервтер бар. Борпылдақ дәнекер ұлпасы алып жатады. Осы ұлпада аталық жыныс гормонын бөлетін интерстициялық жасушалар немесе гландулоциттер болады. Бұл жасушалар ірі, дөңгелек не көпбұрышты болып келеді. Цитоплазмасында гликопротеидтер мен гликоген түйіршіктері және әр түрлі белоктар болады. Адамның жасы ұлғайған сайын, бұл жасушалардың цитоплазмасында пигменттер жинала бастайды. Интерстициялық жасушалардың цитоплазмасында жақсы жетілген эндоплазмалық тор, көптеген митохондриялар мен кристалдардың болуы жасушалардың аталық жыныс гормонын бөліп шығаруға қабілетті екендігін айқындайды. Бөлетін гормондардың көбі сероидтар болып саналады. Әрбір шәует каналшығы дәнекер ұлпалық қабықшамен қапталған. Шәует каналшығы базальдық мембрананың үстінде жататын сперматогендік эпителий жасушалары арасында сертолий жасушалары деп аталатын ірі жасушалар орналасқан. Ол дамып келе жатқан аталық жыныс жасушаларының қоректенуін қамтамасыз етеді. Каналшықтың қуысы дамудың түрлі кезеңіндегі жыныс жасушаларына толы болады. Жыныс жасушалары ирек каналшық қабырғасын бірнеше қабат құрып жатады: сперматогониялар шетінде немесе сперматозоидтар каналшықтардың ортасында болады. Аталық жыныс жасушаларының сперматозоидың түзілуі ирек каналшықтарды жүреді.
Аталық жыныс жасушалары немесе спермазоидтар
Аталық жыныс жасушасы үш бөлімнен: қысқа сәулелі протоплазмалық және ұзын сәулелі талшықты астроциттер. Қысқасәулелі протоплазмалық астроциттер - орталық жүйке жүйесі мүшелерінің сұр затында, ал ұзын сәулелі талшықты астроциттер - ақ затында орналасады. Қысқа сәулелі протоплазмалық астроциттің тармақталған қысқа өсінділері болады. Ол зат алмасу және оқшаулау қызметтерін атқарады. Ұзын сәулелі талшықты астроциттің жүйкелік глия талшықтарына айналатын жіңішке де ұзын келген 30-40 шақты өсіңділері болады. Нейроглия талшықтары - қан тамырлары мен ми және жұлынның сыртқы бетіндегі оқшаулау жарғақтарын түзуге қатысады.
Сперматозоид – адамның, жануарлар мен көптеген өсімдіктердің жетілген гаплоидты аталық жыныс жасушасы. 1677 жылы сперматозоидты сүтқоректілердің спермасынан Антони ван Левенгук анықтады. Ал сперматозоид терминін ғылымға 1827 жылы К.М. Бэр енгізді. Сперматозоид сперматогенез нәтижесінде пайда болып, аналық жұмыртқа клетканы ұрықтандырады. Сперматозоид пен аналық жұмыртқа қосылғаннан кейін зигота түзіледі де, ұрықтың дамуы басталады.
Жануарлардың әр бір жеке түріне спермазоидтардың белгілі пішіні тән, бірақ олардың негізгі функциясына ұрықтандыру қабілетіне байланысты кейбір жалпы морфологиялық белгілері болады. Жануарлардағы сперматозоидтың ұзындығы әр түрлі болады. Мысалы, омыртқалы жануарларда 10 – 100 мкм, жәндіктерде бірнеше мм-дей болады. Адам сперматозоидының орталық көлемі 16 – 19 мкм3. Сперматозоидтың басын, мойын, аралық немесе байланыстырушы бөлімін және құйрығын ажыратады. Электрондық-микроскопиялық зерттеулер сперматозоидтың басы акросома мен ядродан тұратынын анықтады. Акросома сперматидтің гольджи аппаратынан пайда болады. Акросомада көптеген ферменттер болады, олардың ішіндегі негізгілері-жұмыртқа жасушасын ұрықтандыруда маңызды рөл атқаратын протеазалар мен гиалуронидаза. Мойын бөлімінің цитоплазмасында тіректік фибриллалар мен екі центриоль (проксималдық және дистальдық) орналасқан. Аралық бөлігі цитоплазмамен қоршалған талшықтың микротүтікшелерінен немесе орталық жіптен тұрады. Орталық жіп пен плазмалемманың арасындағы цитоплазмада митохондриялар, көп мөлшерде гликоген және АТФ болады. АТФ пен митохондриялардың аралық бөлімде көп болуы оның спермазоидты энергиямен қамтамасыз ететіндігінің дәлелі.
Құйрықтың басталар бөлімі цитоплазмамен қоршалған талшықтың микротүтікшелері мен фибриллалардан тұрады. Құйрықтың ұш бөлігінде талшықтың бірен - саран микротүтікшелері байқалады, ал оның цитоплазмасындағы тіректік фибриллалар тәртіпсіз орналасқан. Құйрықтың ұшы плазмалеммадан ғана тұрады. Сперматозоидтың негізгі қасиеттерінің бірі – қозғалғыштығы, біршама тез қозғалады, бірақ әр ттүрлі жануарлардың қозғалғыштығы түрліше болады. Қозғалу бағытын реотаксис (сұйықтың ағыс бағытына қарсы қозғалу қабілеті) анықтайды. Спермазоидтың эякуляциядан кейінгі өмірінің ұзақтылығы түрлі жануарларда түрліше. Адам сперматозоидтары өзінің ұрықтандыру қабілетін 1-2 тәулікке дейін жоймайды. Жарқанаттар мен насекомдардың сперматозоидтарының активтілігі көп уақытқа дейін сақталады. Мысалы, жарқанаттың шағылысуы күзде жүреді де, ұрықтануы көктемде басталады. Насекомдардың көпшілігінің ұрғашыларында шәует қабылдағыштар болады. Онда сперматозоидтар ұзақ сақталады, бірнеше жылға дейін. Қалыпты жағдайда адамның эякулятының көлемі 3 мл-ге жуық, онда орта есеппен 35 млн. сперматозоид болады. Ұрықтандыруды қамтамасыз ету үшін сперматозоидтің жалпы саны 15 млн-нан кем болмауы керек. Сперматозоидтардың үлкендіктері де түрліше болады.
Өсімдіктердегі талшықты сперматозоидтарды антерозоидтар деп атайды. Көптеген тұқымды өсімдіктерде талшықсыз сперматозоидтар (спермий) болады, олар жай қозғалады. Жасыл, қоңыр балдырларда, кейбір төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда, мүктерде, қырыққұлақтарда, қырықбуындарда, плаундарда, саговниктер мен гинкгода екі не көп талшықты сперматозоидтар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |