Жеке даму биологиясы



бет9/39
Дата08.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#120113
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Байланысты:
Жеке даму биологиясы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Бақылау сұрақтары:
1. Аналық жыныс безі неден пайда болады?
2. Аналық жыныс безі қайда орналасқан?
3. Аналық жыныс безінің құрылысы қандай?
4. Аналық жыныс жасушасы, жұмыртқаның құрылысы қандай?
5. Аналық жыныс жасушасының көлемі қандай?
6. Жұмыртқалықта қанша жұмыртқа болады?
7. Жұмыртқа жасушалары қандай топтарға бөлінеді?




Сурет 4 - Аналық жұмыртқа жасушалары
1-сәулелі тәж жасушалары; 2-жылтыр қабат; 3-превителярлы кеңістік;
4-цитоплазма; 5-ядро.


ҰРЫҚҚА ДЕЙІНГІ ДАМУ - ГАМЕТОГЕНЕЗ

Көп клеткалы организмнің барлық клеткалары бір ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан пайда болады. Организмнің барлық клеткалары екі типке бөлінеді: соматикалық дифференциацияланған және жыныс клеткалары.
1880 жылы М. Нуссбаум амфибиялар мен балықтарда жыныс клеткаларының гонададан тыс құрылуын байқады. Ол жыныс клеткалары тек жыныс клеткаларынан пайда болады деген көзқарас ұсынды.
А.Вейсман 1885-1896 жылдары сол мәліметтерді қолданып, ұрық плазмасының үздіксіздігі туралы жаңа теориясын құрды.
Бұл теория бойынша жыныс және соматикалық клеткалардың, даму жолдары онтогенезде ерте белініп кетеді. Плазманың екі түрі болады: соматикалык және ұрықтық плазма. Соматикалық плазмадан организмнің денесі пайда болады, ал ұрықтық плазмадан жыныс клеткалары пайда болады. Сонымен ұрықтық плазма үздіксіз ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Вейсманның теориясы бойынша тіршіліктің иелері «биофор» болады. Биофорлар клетканың ядросында орналасады, ядроның саңылаулары арқылы цитоплазмаға шығады. Биофорлардың топтары детерминанттарды құрады, ұрықтық плазмада организмге тән барлық детерминанттар бар. Ал, соматикалық клеткаларда детерминанттар бірте-бірте жоғалып азайып кетеді, Сондықган Вейсманның теориясы бойынша тек қана ұрықтық плазмадан толық организм дамиды, ал соматикалык плазмадан организм дами алмайды, XX ғасырдың 30-жылдары қазіргі генетиканың негізін салушылардын бірі Т.Морган және басқа да эмбриологтар Вейсман теориясынан бас тартқан, себебі ол кезде барлык организмнің клеткаларының хромосомдары бірдей екендігі дәлелденген болатын және бөлектенген бластомерлерден тұтас организмнің дамуы мүмкін екендігі көрсетілген.
К.Негелидің «идиоплазма» жэне А.Вейсманның «ұрық плазмасы» гипотезалары жыныстык жасушалардың онтогенезінде өзінше, жекеленген даму жолын, олардың болашақ соматикалык клесткалардың ерте бөлінуін болжайды. Шынында, казіргі Metazoa қатарында жыныстык және соматикалық жасушалардың жекеленуінің әртүрлі нұскасын көруге болады:
1. а) насекомдардың кейбір түрлерінде, жұмыр құрттарда (жылқы аскаридасы), қылтанжақтыларда, құйрыксыз амфибияларда жыныстык плазма материалы «эктосом» деп аталатын жинақтарымсн қоса жұмыртқада теңестіріледі. Алғашқы жыныс жасушалары - гоноциттер бөлінудің ерте сатыларында-ақ соматикалык клеткалардан оқшауланады.
ә) омыртқалылардың көбісінде гоноциттер кешірек, әдетте гаструла немесе нейрула сатысында оқшауланады.
2. Алғашқы жыныс жасушаларының біршама кештеу жекеленуі буылтық құрттарда, моллюскаларда, тікентерілілерде, қабықтылар мен бассүйексіздердің көбісінде орын алады.
3. Кейбір полихеталар мен олигохеттеларда жыныс жасушарының біршама ерте жекеленуі олардың соматикалық клеткалардан пайда болу мүмкіндігін жоймайды.
4. Губкалардың, ішекқуыстылардың, турбелляриялардың онтогенезінде гоноциттердің жекеленуі болмайды, олар әрдайым әртүрлі соматикалық жасушалардан (губкаларда-амебоциттер мен хоаноциттерден; ішекқуыстылар мен турбеллярияларда аз жіктелген необластар мен интерстициальдык жасушалардан - «і-клеткалардан») пайда болады. Осы жануарлар тобының өкілдерінде гонадаларының алынып тасталуы оларды ұрпақсыздыққа әкелмейді. Бұл жағдайда ұрық плазмасының үздіксіздігі туралы айтудың өзі әрине артық. Жоғарда келтірілген нұсқалардың ортақ жері алғашқы жыныс жасушалардың тотипотенттілігіне ие болуы. Сонымен қатар, көптегсн жағдайда гоноциттер ертерек және бір-ақ рет жекеленеді.
Жыныс клеткаларының дамуы келесі сатыларға бөлінеді:
1. Алғашқы жыныс клеткаларының, яғни гоноциттердің басқа соматиқалық клеткалардан жекеленуі.
2. Жыныс клеткаларының көбеюі. Бұл сатыда жыныс клеткаларын гониялар деп атайды (аналық жыныс клеткалар - оогониялар, аталық жыныс клеткалар -сперматогониялар).
3. Өсу сатысы. Аналық клеткалар І-реттік ооциттер, ал аталық клеткалар І-реттік сперматоциттер деп аталады. Бұл кезеңде жыныс клеткаларының хромосомдары мейоздың профазасының сатыларынан өтеді.
4. Мейоз бөлінуі өтеді. Бірінші бөлінуден кейін Н-реттік ооцитпен, П-реттік сперматоцит пайда болады. Екінші бөлінудің нәтижесінде жетілген жүмыртқа клеткасы және сперматида пайда болады.
5. Сперматидалар сперматозоидқа айналады.
Алғашқы жыныс клеткалары - гоноциттер әр түрлі жануарларда онтогенездің әр түрлі сатысында пайда болады. Кейбір организмдерде дамудың ерте кезеңдерінде жұмыртқа клеткаларында ерекше бөліктері болады. Сол бөліктерден болашақта жыныс клеткалары шығады. Мысалы, насекомдарда, ұрықтанған жұмыртқалардың артқы полюсінде эктосомдар деген денешіктер байқалады. Эктосомдарды жыныс «детерминаттары» деп атайды. Жұмыртқа клетка бірнеше рет бөлінгеннен кейін эктосом бар жыныс плазмасы жыныс клеткасының (гоноциттің) ішінде байқалады.
Жылқы аскаридасының жұмыртқаларында алғашқы жыныс клеткасы жұмыртқаның төртінші бөлінуінен кейін жекеленеді, ал циклопта (ескек аяқ шаяндар) жұмыртқа клетканың алтыншы бөлінуінен кейін эктосомдар екі ерекше клеткаға (гоноциттерге) жиналады.
Омыртқалыларда гоноциттер көбінесе гаструла немесе нейрула сатысында бөлектенеді. Тек қана құйрықсыз амфибияларда жыныстық плазма ерте, әлі ұрықтанбаған жұмыртқа клеткасында жекеленеді.
Төменгі сатыдағы жануарларда (губкалар, ішекқуыстылар, кұрттар) жыныс клеткалардың қоры өмір бойы толықтырылып тұруы мүмкін. Мысалы құрттарда алгашқы гоноциттер өте ерте бөлініп шығады. Бірақ жетілген жәндіктердің гонадаларын жойса жьныс клеткалар басқа "необласт" деген клеткалардан пайда болады.
Ал басқа омыртқасыз жануарларда және барлық омыртқалы жануарларда жыныс клеткалары тек қана гоноциттерден пайда болады. Мысалы бұл жануарлардың гоноциттерін рентген сәулесімен, тағы да басқа әсерлермен жойса, онда дамыған ұрықтарда жыныс клеткалары қалыптаспайды. Сонымен алғашқы жыныс клеткалары - гоноциттер жыныс бездерден бұрын пайда болады. Жыныс бездері жетілгенше олар белсенді түрде организмнің сұйықтықтарында қозғалып жүреді. Жыныс бездері қалыптасқан соң гоноциттер бездерді тауып алып ішіне енеді. Сонда аталық жыныс клеткалары бездің милы затында, ал аналық жыныс клеткалары бездің қыртыс затында орналасады.
Гамета - жыныс клеткасы. Аталық жыныс клеткасы - сперматозоид, аналық жыныс клеткасы - жұмыртқа. Изогамия дегеніміз - ол аналық және аталық гаметалардың морфология жағынан бірдей болуы. Бірақ олардың биохимиялық және физиологиялық қасиеті әр түрлі болады. Изогамия бір клеткалы балдырларда және қарапайымдылар типіңде кездеседі. Көпклеткалы жануарларда аналық және аталық гаметалар морфология жағынан әр түрлі болады. Оны гетерогамия деп атайды. Көбінесе жануарлардың сперматозоидында талшық тәрізді құйрықшасы болады. Оларды талшықты деп атаймыз. Талшықсыз түрлері кейбір кұрттарда, шаянтәрізділерде, кенелерде кездеседі. Мысалы жылқы аскаридасының сперматозоидының пішіні конус тәрізді болады. Өзен шаянының сперматозоиды жұлдыз тәрізді болады.
Сперматозоидтың ортасында ядро орналасады. Ядроның үстіңгі
жағында акросом томпайып көрініп тұрады. Жыныс клеткаларының, яғни гаметалардың дамуын гаметогенез немесе прогенез деп атайды.
Жұмыртқа клеткасының дамуы оогенез, сперматозоидтың дамуы - сперматогенез.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет