Жеке даму биологиясы


Сурет 9 – Бластула типтері



бет17/39
Дата08.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#120113
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
Жеке даму биологиясы

Сурет 9 – Бластула типтері: 1 – целобластула; 2 – амфибластула; 3 – дискобластула; 4 -бластоциста; 5 – эмбриобласт; 6 – трофобласт.


Асцидиялар жұмыртқаларының бөлшектенуі. Асцидиялар жұмыртқалары олиголециталдық, телолециталдық, бөлшектенуі толық. Алғашқы екі бөлшектену сызығы радиалдық, олар ұрықты шамамен тең төрт бластомерге бөледі, ал үшінші және одан кейінгі бөлінулері біркелкі емес. 64-клеткалық сатысына дейін бөлшектенуді синхронды деп санайды. Бұдан кейін клетка бөліну синхрондығы бұзылады. Жұмыртқалары мозаикалық типке жатады.
Ланцетник жұмыртқаларының бөлшектенуі. Ланцетник жұмыртқалары олиголециталдық, бірінші бөлінуден кейін изолециталдық, ал бөлшектену басталуы алдында телолециталдық. Бөлшектенуі толық, сондай-ақ, алғашқы 7 бөлінуі (128 бластомерлер сатысы) синхронды дерлік, ал сегізінші бөлінуден бастап бөліну асинхронды болады. 128 бластомер сатысында ұрық сәл созылыңқы кәдімгі бірқабатты целобластула қалпына келеді. Ланцетниктің бөлшектену кезеңіндегі жұмыртқасы алғашқыда детерминацияланбаған, регуляциялық дамудың классикалық мысалы ретінде саналып жүрген. Екі клеткалық ұрықты бөлгенде әр бластомерден толық сапалы сәл кішірейген дернәсіл дамып өседі. Бірақ, 4 клеткалық сатысында ұрықты бөлгенде, оның нәтижесі ұрықты қай жазықтықта бөлгенге тікелей байланысты. Сондықтан, ланцетниктің жұмыртқасы мен ұрығын бөлшектену кезеңінде «детерминациясы жеткіліксіз» немесе «жартылай реттеуші» деп санайды.
Минога жұмыртқаларының бөлшектенуі. Минога жұмыртқалары мезолециталдық, телолециталдық, бөлшектенуі толық. Алғашқы екі бөлшектену бөлінісі біркелкі болады, сондықтан үшіншісінен бастап бөліну біркелкі емес және асинхронды бола бластомерлерге қарағанда ұзағырақ митоздық циклдарымен айрықшаланады. 8-16 бластомерлік сатысында бөлшектену қуысы көзге түсе бастайды. 128 бластомерлер сатысында қабырғасы көп қабатты амфибластула қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет