Жеке даму биологиясы



бет16/39
Дата08.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#120113
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
Жеке даму биологиясы

Бақылау сұрақтары:

  1. Ұрықтану дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

  2. Жұмыртқалықта қанша аналық жыныс жасушасы дамуға мүмкіндігі бар?

  3. 1см3 ұрық сұйығында қанша ұрық болады? Барлығында ше?

  4. жыныс жолында ұрық қанша тіршілік жасайды? Ұрықтандыру қабілеті ше?

  5. Ұрықтану процесі қайда жүреді? Ұрық онда қанша уақытта жетеді?

  6. Ұрық сұйықтығының ұрықтандыру қабылеті неге байланысты?

  7. Аналық клеткаға енген ұрық санына қарай ұрықтану қандай түрлерге бөлінеді? Ол түрлер қандай организмдерге тән? Ол қай факторға байланысты?






Сурет 8 – Ұрықтану сатылары


ЭМБРИОГЕНЕЗ. БӨЛШЕКТЕНУ

Жұмыртқа ұрықтанғаннан кейін бөліне бастайды. Жұмыртқа жасушасының бөліну процесін бөлшектену дейді. Бөлшектену барлық көп жасушалы жануарларға тән. Бөлшектенудегі клетка бөлінуінің екі белгісі бар: 1) бөлінген клеткалар өспейді;


2) кәдімгі митоздағыдай ДНК-ның саны әрбір бөлінуден кейін екі есе көбейіп тұрады.
Оның нәтижесінде көп жасушалы ұрық пайда болады. Жануарлардың белгілі түрінің дене жасушаларына тән – ядролық - цитоплазмалық қатынас қалпына келгенге дейін бөлшектену тоқтамайды. Содан кейін белоктың синтезі бәсеңдейді. Осының нәтижесінде әрбір жеке жасуша аналық жасушаның үлкендігіне дейін өседі. Түрлі омыртқалылардың ұрығының бөлшектенуі түрліше жүреді, олай болу себебі жұмыртқа жасушасындағы сарыуыздың саны мен орналасуына байланысты. Сарыуызы жоқ немесе аз не орташа болса, ұрықтанған жұмыртқа жасушасы толықтай бөлшектенеді, ал сарыуызы көп болған жағдайда зиготаның сарыуызы жоқ бөлігі ғана бөлшектенеді. Осыған байланысты бөлшектенудің екі түрін ажыратады: толық және толық емес бөлшектену деп. Толықтай бөлшектенетін жұмыртқа жасушасын голобасталық, ал жартылай бөлшектенетінін меробасталық деп атайды. Бөлшектену кезінде бластомерлерде заттардың алмасуы артады, әсіресе тотығу процестерінің деңгейі артады. Бөлшектенудің нәтижесінде пайда болған жасушаларды бластомерлер деп атайды, ал жасушаларды бластомерлерге бөлетін сызықты бөлшектену жылғасы дейді. Бөлшектену жылғасы түрлі бағыттарда өтеді: меридиандық, ендік, экваторлық т.б. бағытта. Бөлшектену жылғасының бағытын бөліну ұршығы анықтайды.
Жұмыртқа жасушасының толық бөлшектенуі бірқалыпты (ланцетник-терде) және бірқалыпты емес (кейбір дөңгелек ауыздылар, шеміршекті балықтар, қосмекенділер) болып бөлінеді. Бұлай болып бөлінуі жұмыртқа жасушасының саны мен орналасуына байланысты. Егер ол аз және жұмыртқада бірыңғай таралған болса бөлшектену жылғалары бірдей жылдамдықпен жүреді және жасушаны тең бластомерлерге бөледі. Егер жұмыртқа жасушасының сарыуызы бірыңғай таралмаған болса, онда сарыуызы көп учаскесі сарыуызы аз бөлігіне қарағанда баяу бөлшектенеді. Осының нәтижесінде үлкендігі әр түрлі бластомерлер пайда болады. Әр түрлі бластомерлер: анимальдік жартышарда ұсақ, вегативтікте – ірі бластомерлер пайда болады. Біріншілерді микромерлер, екіншілерін – макромерлер дейді. Жұмыртқа жасушасының жартылай бөлінуі беткі және диск тәрізді болуы мүмкін.
Бөлшектену ұзақтығына қарай синхрондық және асинхрондық болып екіге бөлінеді. Синхрондық бөлшектену – тез жүретін бірыңғай циклдар. Ең қысқа циклдар 10-ақ минут бунақденелілерде кездеседі. Олардың S – фазасы 3-5 минут жүреді, ал G1, G2 фазалары болмайды. Асинхронды бөлінуде анималдық бластомерлер тез, ал вегетативтік бластомерлер ұзақ бөлінеді. Бөлшектену бластомерлердің орналасуына қарай: радиалдық, спиралдық, билатералдық болып бөлінеді.
Радиалдық бөлшектену хордалы жануарларда (ланцетник, дөңгелекауыздылар, амфибиялар) және ішекқуыстыларда, тікентерілерде болады. Әрбір жоғарғы бластомер төменгі бластомердің дәл үстінде орналасады. Соның нәтижесінде шардың радиустарына сәйкес қатарлар пайда болады.
Спиралдық бөлшектену моллюскаларда, буылтық және кірпікшелі құрттарда кездеседі. Мұнда әрбір жоғарғы бластомер төменгі екі бластомердің ортасында жатады. Әр бөлінуден кейін жаңа пайда болған бластомерлер 90°С бұрылып тұрады. Сонда барлық бұрылған бластомерлердің бөліну ұршықтарын бір сызықпен көрсеткенде спираль құралады.
Билатералдық бөлшектену нематодаларда, коловратка, асцидия және аскаридаларда болады. Билатералдық типке ұрықтың өң жағындағы әр бластомерге сәйкес сол жағындағы бластомер болады. Бөлшектену кезінде жасушалылар көп өсе алмайды, ал жасушадағы ДНК синтезі мен жалпы оның саны геометриялық прогрессия бойынша көбейеді. Бөлшектенудің нәтижесінде ортасы қуыс көпжасушалы бірқабатты ұрық пайда болады. Мұндай ұрықты бластула дейді. Бластуланың қабырғасын құраушы жасушалардың қабатын бластодерма (қоймалжың массаға толы), ал бластуланың қуысын бластоцель немесе дененің алғашқы қуысы дейді. Кейбір жануарларда бөлшектену моруланың түзілуіне әкеп соғады.
Морула - ішінде қуысы жоқ шар тәрізді ұрық. Жұмыртқа жасушасының бөлшектенуінің типіне байланысты бластуланың бес типін ажыратады: целобластула, амфибластула, стерробластула, дискбластула және перибластула.
Целобластула – үлкен бластоцелі бар бір қабатты бластула. Толық бірқалыпты бөлшектенудің нәтижесінде пайда болады. Ол дөңгелек (тікентерілілер, ланцетник) немесе созылған (кейбір ішекқуыстылар) пішінді үлкен бластоцелі бар бірқабатты бластула.
Амфибластуланың целобластуладан айырмасы оның қабырғасы жасушалардың бірнеше қатарынан тұрады, анимальдік бөлігі вегетативтігіне қарағанда жұқа келеді, бластоцелі анимальдік полюске қарай ауысқан. Толық бірқалыпты емес бөлшектенуде пайда болады. Мысалы, қосмекенділерде.
Стерробластула қабырғасы үлкен бластомерлердің бір қатарынан тұрады. Кейбір буынаяқтыларда байқалады.
Жартылай бөлінуден - дискобластула пайда болады. Бөлшектену қуысы ұрық дискісі мен сарыуыздың арасында саңылау тәрізді болады. Дискобластула сүйекті балықтарда, бауырымен жорғалаушыларда және құстарда байқалады.
Перибластулабөлшектенбеген сарыуызды қоршаған бір қабатты перидермасы бар бластула. Онда қуыс болмайды, оны сарыуыз алып тұрады. Перибластула центролециталдық, полилециталдық буынаяқтылар жұмыртқаларының беттік бөлшектену нәтижесінде қалыптасады.
Морулақуысы жоқ бластула.
Плакула – екі қабатты пластинка түріне ұқсас бластула. Толық бөлшектенгенде бластомерлер екі параллель жазықтықта орналасуы нәтижесінде пайда болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет