Жеке даму биологиясы


РЕПРОДУКЦИЯЛЫҚ НЕМЕСЕ ЖЫНЫСТЫҚ ЦИКЛ



бет13/39
Дата08.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#120113
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
Байланысты:
Жеке даму биологиясы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
РЕПРОДУКЦИЯЛЫҚ НЕМЕСЕ ЖЫНЫСТЫҚ ЦИКЛ

Организмдердің көбеюі — организмнің өзінің күй-жайына және сыртқы орта факторларына қатаң тәуелді құбылыс. Көбеюге дайындық қызметін атқаратын процестердің көбісі циклдық түрде өтеді, ол ең алдымен, репродуктивтік жүйе мүшелеріне байланысты болады. Жыныс процестерінің циклділігі, әдетте, аталық жануарлардан гөрі, аналықтарда айқын байқалады, әсіресе, ол дамуы жатырда өтетін организмдерге тән.


Репродукциялық цикл дегеніміз - адамдар мен плаценталы жануарлардың аналық жыныс мүшелерінің құрылымы мен қызметі белгілі тәртіппен өзгеріп, сол өзгерістер қайталанып отырады. Жыныс циклінің екі түрі болады.
1) Менструалды
2) эстралды.
Сүтқоректілер жыныстық цикліне қарай екі түрге бөлінеді:
1) полициклдік
2) моноциклдік. Мысалы, тышқандар, егеуқұйрықтар полициклді жануарлар. Олардың көбею процестері бір жылдың ішінде бірнеше рет қайталанып тұрады. Ал қоңыр салқын ауа - райында тұратын сүтқоректілердің көбісі жылына бір рет қана тұқым береді. Ол маусымды өзгерістермен байланысты, сондықтан олардың төлдері көктемде жер көгеріп, жем-шөп көбейген кезде немесе егін, жеміс пісетін жазда өмірге келеді. Оларды – моноциклдік жануарлар деп атайды.
Сүтқоректілердің жыныстық циклі 4 кезеңнен тұрады.
1.Фолликулды кезеңде жыныс безінде фолликулдар жетіліп піседі. Олардан эстроген гормоны түзіледі. Жетілген фолликулды Граф көпіршігі деп атайды. Граф көпіршігі жарылып жұмыртқа клеткасы жатыр түтігіне түседі. Ол құбылысты овуляция деп атайды.
2. Лютеинді кезеңде Граф көпіршігінің орнында сары дене пайда болады. Сары дене прогестерон деген гормонды бөліп шығарады. Прогестерон фолликулдардың өсуін тежеп, жатырдың қалыңдап өсуі мен сүт бездерінің ұлғаюына әсер етеді.
3. Жүктілік кезеңі жұмыртқа ұрықтанып, жатыр қабырғасына бекігеннен кейін басталады. Бұл кезең әртүрлі жануарларда әр түрлі уақытқа созылады. Мысалы, адам баласында бұл 9 айға созылады.
4. Лактация кезеңі сүт бездерінің сүтті бөліп шығаруымен байланысты, ұрық жарыққа шыққаннан кейін болады. Егер жұмыртқа ұрықтанбаса жыныс циклі төрт кезеңнен емес, тек қана бірінші айтылған екі кезеңмен шектеледі. Аналық жыныс безінде болатын қайталанып тұратын белгілі өзгерістермен бірге жатыр мен қынапта ба оларға сәйкес келетін өзгерістер болады.
Жатырда: 1) тыныштық кезеңі фолликулды кезеңнің басына сәйкес келеді;
2) пролиферативті кезең – фолликулды кезеңнің соңына сәйкес – мұнда жатыр қалыңдап, эпителиінің ісінуі байқалады;
3) секреттік кезең – овуляциядан кейін болады, жатыр зиготаны қабылдауға даярланады;
4) инволюция кезеңі – жұмыртқа ұрықтанбаса болады. Сары дене жойылып кетеді де жатыр қайтадан тыныштық кезеңіне түседі.
Қынапта болатын циклді өзгерістер:
1) проэструс – фолликулды кезеңнің басы.
2) эструс – овуляция кезі.
3) метаэструс – лютеинді кезеңге сәйкес
4) диэструс – тыныштық кезеңі
Көбінесе сүтқоректілердің жыныс циклі эстральды болады, ал адамда – менструальды. Белгілі маусым сайын көбейетін моноциклді сүтқоректілер аталықтарында жылында бір-ақ рет аталық жыныс клеткалары жетіліп піседі, ал полициклді жануарлардың аталықтарында әрдайым жетілген сперматозоидтар болады. Жыныс циклдері орталық жүйке жүйесі мен эндокринді жүйені реттеп отырады. Гипоталамус рилизинг гормондарды бөліп шығарады. Рилизинг – гормон гипофизге әсер етеді де гипофиз гонодотропты гормонды бөледі. Гонодотропты гормондар (ФЖГ, ЛГ) жыныс бездерінің қызметін реттейді.
Жануарларда көбею организмнің өз хал жайына және сыртқы орта факторларына қатаң тәуелді құбылыс. Көбеюге дайындық қызметін атқаратын процестердің көбісі циклдік түрде өтеді де ең алдымен, репродуктивтік жүйе органдарына әсер етеді. Жыныс процестерінің циклдігі әдетте еркек жануарлардан гөрі, ұрғашыларда айқын белгіленеді, әсіресе құрсақ ішінде дамитын типті жануарларда. Мысалы, жұмыртқаның дамуы, овуляциясы, жыныс жолдарының ұлпалары, жатырдың т.с. қайта құрылуы циклдік түрде өтеді. Екі жыныс өкілдерінің де репродуктивті мүшелері морфофункционалды ерекшеліктердің өзгеруі гормондардың белседі қатысуымен, көбінесе қатаң реттелетін кері байланыс принципімен өзара әрекеттесу бойынша өтеді. Сонымен қатар, көбею процесіне сыртқы орта факторлары мен организмнің психикалық қалпы айтарлықтай әсер етеді. Көп түрлерде жыныс функциясын қоздыру тізбегінде ең бастапқысы жылдың маусымына байланысты сыртқы орта әсері болады. Олардың ішінде ерекше көзге түсетін факторлар – температура, жарық және қорек мөлшерінің жеткіліктілігі. Айта кетейік, кейбір кезде сыртқы орта жағдайларын өзгертіп эстралдық ритмді өзгерту мүмкін. Қорек жеткілікті және қолайлы күтім жағдайында моноциклдік жануарлар көбісі (үйрек, қаз, қой) полициклдік ритмге көшеді.
Эстралдық циклдің түрлі кезеңдеріндегі организмнің гормондық статусының өзгеруі, ең алдымен аналық жыныс бездеріне және жыныс жүйесінің басқа да мүшелеріне әсер етеді. Жыныстық процестің бірінші кезекті гормондық қоздырушысы гипофиз болып табылады, ол гонадотроптық - лютеиндік және фолликул дамуына әсер ететін гормондарды шығарады. Химиялық жағынан олар - гликопротеидтер, молекулалар салмағы - 28000 мен 35000.
Барлық гормональды жүйелер, жыныс циклінің гормондарын қоса, әдетте, бір-бірімен өзара байланысты және бірқатар жағдайларда иерархиялық баспалдақ түзейді. Олардың ішіндегі маңыздылары орталық жүйке жүйесімен қадағаланатын гипофиз бен гипоталамустың гормондар жүйесі болып табылады. Дем беруші немесе тежеуші әсерлерге гипоталамустың жүйке клеткаларын күшейтетін немесе тежейтін гормондарды, олар либериндер (релизинг-факторлар) және статиндер (тежегіш гормондар) деген жалпы атқа ие, шығаруымен жауап береді. Химиялық жағынан либерин - декапептид болып табылады. Бұл нейрогормондар қысқа тамырлар арқылы аденогипофизге жетеді, онда олар тропиндер деп аталатын заттардың биосинтезін жақсартады (либериндер) немесе тежейді (статиндер). Гонадотропиндер, мысалы, жыныс бездерінде стероидты гормондардың биосинтезін күшейтеді. Стероидты гормондар тек клетка-нысаналарға ғана әсер етеді, ал қайта байланыс механизмі бойынша реттеуші каскадтың баска гормондарының синтезін немесе секрециясын басады
ФЖГ және ЛГ әсерімен фолликулдар стероидтық гормондарды - эстрадиол мен прогестерон шығара бастайды. Біреуінен басқа фолликулдар тез арада дегенерацияға ұшырайды, ал қалған жалғыз преовуляторлық фолликул циклдің фолликулдық кезеңі аяғында үнемі көбейген мөлшерде эстрадиолды секреттейді. Эстрадиолдың кенеттен өскен секрециясы гипоталамус - гипофизарлық жүйеге әсер етеді, гипоталамустың либерин синтезі мен секрециясы деңгейі жоғарылайды, бұл өз кезегінше ЛГ мен ФЖГ секрециясының тез өсуіне әкеп соғады, олардың деңгейі де шегіне жетеді. ЛГ максимумы фолликулдың жетілуіне керекті соңғы себеп болады, осыдан кейін бір тәулік ішінде овуляция өтеді.
Овуляциядан кейін, тез арада эстрадиол мен прогестеронды секрециялауда жетекші роль сары денеге ауысады. Қанда осы гормондар концентрациясының максимумы шамамен лютеиндік кезеңінің ортасына таяу келеді. Қан құрамында стероидтық гормондар деңгейінің біртіндеп көтеріле басталуы ЛГ мен ФЖГ секрециялануын тежейді, олардың қандағы деңгейі азаяды. Лютеиндік кезеңнің аяғында сары дененің регрессиясы басталады, аналық бездер эстрадиол мен прогестеронның секрециялауын азайтады, бұл гипоталамустың релизинг - факторларды, содан кейін гипофиздің гонадотроптық гормондарын шығаруын ынталандырады. Одан кейін жаңа цикл басталады.
Менструация - айлық деген сөз. Менструация жыныс мүшелерінің қанталап беткі эпителлий қабытының алмасуымен сипатталса, плаценталы жануарлардың эструсы олардың мауығып, жыныс мүшелерінің өзіндік сөл бөлінуімен сипатталады. Менструалды цикл үнемі бір ретімен қайталанып отырады. Жыныстық кәмелетке жеткен организмнің көпшілігінде әр 28 күн сайын қайталанып келіп отыратын процесс. Менструалды циклдің үш кезеңі болады. Пременструалды, менструалды, постменструалды. Менструалды кезеңде эндометрийдің қанмен жабдықталуының өзгерістері байқалады. Ал функционалды кезеңінде сары дене прогестерон гормонын бөледі. Осыдан жатыр қабырғасындағы спираль тәрізді және тік артериялардың қалың тобы пайда болады.
Жыныстық циклге дейінгі кезеңінің соңына қарай аналық бездегі сары дене сорыла бастайды да, прогестеронның бөлінуі тоқталады. Соның әсерінен спираль тәрізді артериялардың қабырғасы тарылады, эндометриге қанның құйылуы едәуір азаяды. Мұны ишимия фазасы дейді. Содан қан тамырларының ішінде ұйыған қан пайда болып, тамырлардың қабырғалары иілгіштігін жоғалтып, сынғыш, жарылғыш болып келеді. Осы аталған өзгерістер жатыр қабырғасындағы тік артерияларға қатысты. Эндометрийдің функционалді қабатындағы қысылудың салдарынан қан тамырларында тромбалар пайда болады. Осындай ұзаққа созылған қан тамырларының қабырғасының тарылуынан кейін спираль тәріздес артериялар қайтадан кеңейіп, эндометрийге қанның құйылуы ұлғаяды да, менструалды цикл басталады.
Постменструалды кезең - менструация аяқталғаннан соң басталады. Екі аптаға созылады. Бұл кезеңде алғашқы фолликулалар граф көпіршігіне дейін өсіп жетіледі. Бұл процесте гипофиздің алдыңғы бөлігінің ФЖГ, ЛГ гормондарының ролі зор. Сонымен бірге осы кезеңде І ретті овоциттер бөліп шығаратын эстроген гормондарының әсерінен менструация кезеңінде бүлінген жатырдың кілегей қабығы өсіп қайта қалпына келеді. Жатыр эндометриінің регенерациясы жүзеге асады да, пролиферативті кезең басталады. Бұл кезең 5-11 күндері өте белсенді түрде жүзеге асады, ал кейінірек баяулап жатырдың қалыпты тыныштық кезеңіне ауысады (11-14 күндері). Менструация басталған күннен 14 күн дегенде кілегей қабықтың қайта қалпына келу процесі аяқталады. Ол фолликуланың өсіп граф көпіршігіне айналуына байланысты. 14 күн дегенде граф көпіршігі жарылып, 2-ші ретті овоцит ЛГ әсерінен құрсақ қуысына шығады. Оны овуляция деп атайды. Құрсақ қуысынан жатыр түтігіне өтеді. Жатыр түтігінде пісіп жетілудің екінші рет бөлінуі тез жүзеге асады да, жетілген жұмыртқа жасушасы пайда болады.
Овуляцияға себепші болған ЛГ әсер етуі нәтижесінде пісіп - жарылған овоциттің қабырғасындағы қабықтары бездің құрамында қалып, уақытша қосымша эндокринді қызмет атқаратын – сары дене қалыптасады. Пайда болған сары дененің құрамына біртіндеп қан тамырлары еніп, кейбір бұзылған тамырлардан қан құйылады. Дамыған ары дененің ортасындағы дәнекер ұлпасы тез өсіп, ұйыған қанның орнын басады. Осылай пайда болған сары дененің дамуы төрт сатыдан тұрады.
1-ші сатысы – пролиферация барысында жасушалары көбейіп, арасында капилляр пайда болады.
2-ші бездің метаморфоз сатысы. Жасушалары өсіп, оларға липохромдары бар сары пигмент (лютеин) жиналады. Осы кезеңнен бастап сары дене прогестерон гармонын бөледі.
3-ші сатысы- толысу сатысы. Ұзақтығы әр түрлі. Егер ұрықтану жүзеге аспаса, онда 12-14 күнмен шектеледі. Ал, анада жүктілік байқалса, сары дене ұзағырақ сақталады. Бұл жүктіліктің сары денешігі деп аталады. Жүктіліктің және ментруалды циклдің сары денелері өз қызметін атқарған соң инволюцияға ұшырайды. Орнына дәнекер ұлпалы – ақ зат пайда болады. Ол бірнеше жылға дейін сақталып, біртіндеп жойылады. Овуляциядан соң пременструалды кезең басталады. Егер ұрықтану процесі жүзеге асса, жатыр эндометриі плацентаға айналады, бұл процесс өтпесе эндометрийдің функционалды қабаты сыпырылып түседі де, кезекті менструация кезеңі басталады. Менструация кезінде жатырдың беткі қабаты көшіп, қан тамырлары ашылады. Адамдар мен приматтардан басқа жануарларда овуляция бірнеше сағат қалған кезде сыртқы жыныс мүшелері қызарып беткі эпителлий қабатының бірқатар жасушалары көшіп сөлдер бөліне бастайды. Әр түрлі жануарлардың жыныс циклінің ұзақтығы, қайталау кезеңі әр түрлі болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет