Жеке даму биологиясы



бет21/39
Дата08.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#120113
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Байланысты:
Жеке даму биологиясы

Сурет 13 – Нейруляция
А – нерв пластикасы сатысы; Б – нерв науасы сатысы; В – нерв түтігі сатысы: 1- нерв науасы; 2 – нерв айдаршасы; 3 – тері эктодермасы; 4 – хорда; 5 – сомитті мезодерма; 6 - нерв айдаршасы; 7 – нерв түтігі; 8 – мезенхима; 9 – эндодерма.
Бақылау сұрақтары:

  1. Нейруляция деген не?

  2. Мезодермадан пайда болатын төрт жасушалар жиынтығы нелер?

  3. Хорда деген не?

  4. Хорда қандай организмдерде болады, қандай организмдерде болмайды?

  5. Сомиттер деген не ?

  6. Спланхотом деген не ?

  7. Нефротом деген не?

  8. Ұрық жапырақшалары теориясы, оның мәні?

Ұрық жапырақшаларынан мүшелердің пайда болуы


Ұрықтық жапырақшалардың түзілу кезеңінде оның жасушалық құрамында айырмашылықтар байқала бастайды. Алғашқы біртекті материалда айырмашылықты туғызатын процесті жіктелу немесе дифференцировка дейді. Барлық көп жасушалылардың әрбір ұрықтық жапырақшаларының тағдыры бірдей болады.


Эктодерманың туындылары. Эктодерманың клеткаларынан жабынды эпителий, тері бездері, тістің сыртқы қаабты, мүйізді қабыршақтар пайда болады. Көптеген жануарларда эктодерма дененің алдыңғы және артқы жағында ішіне көмкеріліп, ығысып қалта тәрізді бастамалары тесіліп ортаңғы энтодермадан пайда болатын ішекке жалғасады. Сондықтан алдыңғы ішек және артқы ішек эктодерманың туындылары болып саналады. Эктодерманың арқа жағы ұрық денесінің ішіне ығысып, батып нерв жүйесінің бастамасын береді.
Мезодерманың туындылары. Ұрық бөліктері арасындағы байланысты, қозғалыстық, тірек және трофикалық қызметтерді қамтамасыз етеді. Олардың шіінде барлық бұлшықет ұлапалары, дәнекер ұлпалар, шеміршек, сүйек, қан тамырлары мен лимфа жүйелері, зәр шығару мүшелердің түтікшелері, гонадалар ұлпаларының бөлігін, дене қуысының перитонеумін, тыныс алу мүшелерінің негізгі құрылымдарын, ас қорыту түтігінің қабырғасын (төсегішін санамағанда) және т.б. тауға болады. Мезодерма бөлігі, эмбрионалдық дәнекер ұлпасы – мезенхимадан әр түрлі ұлпалар қалыптасады.
Айта кету керек, әрбір мүшенің құралуында бір емес біренше ұрық жапырақшасы қатысады. Мысалы, терінің құрамына эктодермадан дамыған эпидермиспен қатар мезодерманың дермматомынан пайда болған терінің дәнекер ұлпалық негізі кіреді. Сондықтан, бұл жіктеу тек мүшелердің алғашқы шығу тегін көрсетеді.
Нерв жүйесінің дамуы. Нерв түтігінің кеңейтілген бас жағы алғашқы ми көпіршігі –archencephalon деп аталады. Алғашқы ми көпіршігі үш ми көпіршігіне бөлінеді: prosencephalon (алдыңғы), mesencephalon (ортаңғы), rhombencephalon(артқы). Даму барысында үш ми көпіршіктерінен бес ми көпіршіктері пайда болады. Рrosencephalon екі ми көпіршігіне бөлінеді: telencephalon (үлкен), diencephalon (аралық). Mesencephalon бөлінбейді, ол сол күйінше қалады. Rhombencephalon екі ми көпіршігіне: metencephalon (артқы), myecephalon (сопақша). Үлкен ми екі ми сыңарларына бөлінеді. Ми сыңарларының қуысы ми қарыншалары деп аталады. Аралық мидың екі бүйір жағында томпайып екі көз көпіршіктері пайда болады. Аралық мидың ішіндегі қуысы үшінші қарынша деп аталады. Ортаңғы мидың қуысын Сильви су өткізгіші деп атайды. Сопақша мидың қуысын – мидың төртінші қарыншасы немесе ромб тәрізді шұңқыр дейді. Нерв түтігінің дене бөлімінен жұлын пайда болады. Ішіндегі қуысы жұлын каналына айналады.
Желбезек аймақтарының дамуы. Алғашқы ауыз қусының артында жұтқыншақ немесе желбезек бөлімі орналасады. Бұл аймақта энтодерма бастамаларымен қатар басқа да ұрық жапырақшаларының бастамалары болады. Амфибияларда желбезек бөлімі ішектен пайда болады. Желбезек аймағының бүйір жағында желбезек қалташалары пайда болады. Желбезек қалташалардың орнында желбезек тесіктері қалыптасады. Желбезек тесіктері барлық омыртқалы жануаларда болады. Суда мекендейтін жануарларда олардан желбезек пайда болады. Рептилиялар, құстар, сүтқоректілерде желбезектер қалыптаспайды, бірақ желбезек тесіктері дамиды. Адам ұрығында 4 жұп тесіктер саналады, бесіншісі жетілмей қалған. Бірақ барлық желбезек аппаратының әрі қарай дамуы тоқталып қалады. Бұл процессті зоологтар рекапитуляцияның бір түрі ретінде қарастырған: «онтогенез филогенездің қысқаша қайталануы». Адам ұрығында желбезек қапшықтарының бірінші жұбынан сыртқы құлақ тесіктері, ортаңғы құлақ және евстахий түтіктері пайда болады. Екінші жұбынан таңдай миндалиналар түзіледі. Үшінші, төртінші және бесінші желбезек қапшықтарының энтодермасынан эндокринді бездер дамиды: талақ (тимус), қалқанша, қалқан серік бездер.
Энтодерманың туындылары. Ішкі ұрық жапырақшасынан ортаңғы ішектің эпителиі, са қорыту бездері (бауыр мен ұйқы безі) және тыныс алу мүшелері пайда болады. Ас қорыту бездерінің бастамалары ішектің вентралды қабырғасынан қалта тәрізді томпайып өсіп шығып әрі қарай күрделенеді. Көмекей, бронхылар және өкпе бір бастамадан пайда болады. Ас қорыту каналының құрсақ жағынан қалта секілді өсінді пайда болады. Соңынан өсінді дифференциалданып өкпе, бронхыға айналады.
Бауыр мен ұйқы безінің дамуы. Бауыр барлық омыртқалыларда энтодерманың құрсақ жағынан дамиды. Өт қапшығының бастамасы алғашқы бауыр бастамасының артқы жағында қалыптасады. Ұйқы безінің бір бөлігі ортаңғы ішектің құрсақ жағынан қалыптасады. Екінші дорсалды бастамасы алғашқы буырдың алдында қалыптасады.
Тыныс алу жүйесінің дамуы. Көмекей, тыныс алу түтігі, өкпе бір бастамадан дамиды. Ас қорыту каналының желбезек бөлімінің артында, вентральды жағында қалта тәрізді өсінді пайда болады. Өсіндінің ұшы тармақталып бронхы мен өкпеге айналады. Бастаманың орта жағынан кеңірдек дамиды. Оның алдында көмекей пайда болады.
Жүрек қан тамырларының дамуы. Барлық қан айналым және лимфатикалық жүйелер мезодерманың туындылары. Жүректің дамуын амфибияның даму мысалында қарауға болады. Гаструляция барысында мезодермалды пластың экто және энтодерма арасында жайылуы байқалады. Нейрула сатысында мезодермалды қабаттың арқа және бүйір арқа бөліктерінің өсуі ұрықтың бас жағына дейін созылыады. Бұл өсу біркелкі емес. Ұрықтың құрсақ жағында ауыз және жұтқыншақ бөліміне мезодерма кірмейді.
Нейруляциядан кейінгі кезеңде спланхнотом шеттерінің бірігуі байқалады. Оң және сол жағынан жүректің қос бастамасы болып табылатын бос орналасқан мезенхима типтес клеталар жиналады. Дәлірек айтқанда бұл клеткалық материал эндокардий, яғни жүрек қуысының эндотелий материалы болып табылады.
Мезенхима клеткалары ұзына жолақ түрінде жинақталады да, жұқа қабықты түтік түзеді. Ол екі ұшында да тарамдалады. Алдыңғы жақтағы екі бұтасы – болашақ құрсақ аорталар.артқы жақтағы екі бұтасы - бұл сарыуыз веналар. Эндокардиалды түтік және оның бұталары – болашақ қантамырлар бір қабатты эндотелииден тұрады. Олар мезенхиманың дифференциациясы нәтижесінде пайда болады. Осы процесстермен қаптар мезодермалды пластың шеткі клеткалары бір –біріне жетіп жүрек бастамасы астында бірігеді. Одан кейін жүрек бастамасы мезодерманың висцералды жапырақшасымен қапталаады.
Мезодермалды жапырақшаның жүрек бастамасының астынан және үстінен қосылуынан арқа және құрсақ мезокрадийлер пайда болады. Содан кейін құрсақ мезокардиі жойылып целомның оң және сол қуыстары қосылады. Кейінірек арқа мезокардиясы да жойылып кетеді. Жүрек маңындағы целом қуысының кеңейген бөлігі жүрек маңы қуысын түұзеді. Ол алдымен бүтіндей дене қуысының бөлігі болып, кейіннен целомнан тыс қуысқа айналады.
Жүректің сыртқы эпителийі – эпикардий және бұлшықеті – миокрадий висцералды жапырақшадан адмиды. Перикрадий спланхнотомның периеталды жапырақшасының туындысы болып табылады. Жүрек алдымен ешқандай бөлшектерсіз, түзу, толықша келген түтік болып келеді. Иілу және бұрмалану арқасында жүрек пішіні өзгеріп ол негізгі 4 бөлікке бөлінеді: веноздық синус, жүрек құлақшалары (предсердие), қарыншалар және артериалды конус.
Жүрек толық қалыптаспай жатып-ақ, перифериялық сосудтар түзілмей жатпай-ақ, жүректің ритмикалық соғуы басталады. Жүректің дамуында ұрық жапырақшалардың әсерлесуі жүреді. 1936 жылы Г.Мангольд соңынан Б.И. Балинский амфибия ұрығының энтодермасын толық бөліп алған. Жүректің бастамасы болып табылатын мезодерма бүлінбеген. Бірақ мұндай энтодермасыз жүрек дамымайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет