Жеке даму биологиясы


Сурет 11 – Гаструляция типтері



бет19/39
Дата08.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#120113
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
Байланысты:
Жеке даму биологиясы

Сурет 11 – Гаструляция типтері: І – инвагинация; ІІ – эпиболия; ІІІ- Иммиграция; ІV –деляминация.
Мезодерманың пайда болуы
Губкалар мен ішекқуыстылардан басқа жануарлардың бәрінде гаструляциямен байланысты мезодерма деп аталатын үшінші ұрық жапырақшасы пайда болады. Бұл эктодерма мен энтодерманың арасында пайда болады. Бұл – эктодерма мен энтодерманың арасында орналасқан жасушалық элементтердің жиынтығы. Жоғарғы сатыдағы омыртқалыларда үш қабатты құрылысты ұрық гаструляция процесі кезінде пайда болады, ал төменгі хордалыларда және басқа типтерде гаструляция нәтижесінде екі қабатты эмбрион түзіледі. Омыртқалы жануарлардың көпшілігінде мезодерма бөлшектену стадиясында оқшауланатын эктодерма мен энтодерманың арасында орналасқан телобластылар деп аталған екі үлкен жасушадан түзіледі. Мезодерманы құраушы осы жасушалар ұрықтың артқы ұшында орналасқандықтан телобластылар деп аталған.
Тікенектілер мен ланцетниктерде мезодерма гаструляция аяқталғаннан кейін ішкі ұрықтық жапырақшадан пайда болады. Бұл жағдайда мезодерма алғашқы ішектің екі бүйірінде энтодерманың қалта тәрізді өсіндісі түрінде дамиды. Мезодермалық өсіндінің қуысы дененің екінші қуысы немесе целом болып саналады. Мезодерма түзілуінің бұл әдісі энтероцельдік деп аталған.
Омыртқалы жануарларда мезодерма гаструляция процесі кезінде экто – және энтодермамен қатар түзіледі. Мезодерманың бұл әдісі омыртқалыларға тән. Алғашқы ауыздыларда мезодерма телобастылық әдіспен пайда болады, ал екінші ауыздыларда энтероцельдік әдіспен. Мезодерма эктодерма және энтодерма сияқты жасушалардың тұтас қабаты емес. Оның компоненттерінің миграцияланатын қабілеті бар және мезенхима деп аталатын құрылымды құрайды. Мезенхимадан басқа құрылымдар мен тіректік дәнекер ұлпалары шеміршек пен сүйек, кейбір жағдайда бұлшық еттерде пайда болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет