Жеке даму биологиясы



бет18/39
Дата08.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#120113
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
Байланысты:
Жеке даму биологиясы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Бақылау сұрақтары :

  1. Бөліну дегеніміз не ?

  2. Бөлінудің қандай түрлері бар?

  3. Толық бөліну қалай жіктеледі ?

  4. Толымсыз бөліну қалай жіктеледі?

  5. Бластула дегеніміз не ? Оның түрлері?

  6. Морула дегеніміз не?

  7. Бластоцель деген не ?

  8. Гаструляция деген не ? Оның түрлері?

  9. Мезодерма қалай пайда болады ?


Теңіз кірпісінің Бақа амфибластуласы Құстар дискобластуласы
целобластуласы


Сурет 10 – Бластула түрлері
ГАСТРУЛЯЦИЯ ПРОЦЕСІ

Бөлшектену процесі бластуланың құрылуына әкеледі. Бөлшектенуден кейін клеткалардың көптеген морфогенетикалық топтары жіктелу қозғалыстарын бастайды. Осының нәтижесінде екі қабатты ұрық – гаструла пайда болады. Бұл процесті гаструляция деп атайды. Гаструланың сыртқы қабатын – эктодерма, ішкі қабатын – энтодерма дейміз. Гаструляцияның жолдары әр түрлі болып келеді. Олар бластуланың құрылысымен байланысты. Гаструляцияның негізгі төрт жолы бар.
I Иммиграция дегеніміз клеткалардың көшуі, ауысуы арқылы болады, яғни, бұл ең төменгі сатыдағы жол. Оны 1884 жылы И.И. Мечников кейбір гидромедузалардан ашып тапқан. Бластуланың қуысы бластыланың қабырғасынан ауысып шыққан клеткалармен толады. Сол клеткалардан гаструланың екінші ішкі қабаты – энтодерма құралады. Кейде клеткалар бластуланың қабырғасының бір жерінен шықса оны униполярлық иммиграция деп атайды. Егер клеткалар бластуланың екі жерінен шықса – оны биполярлық иммиграция деп атайды. Ал енді клеткалар бластуланың әр жерінен шықса – оны мультиполярлық иммиграция дейді.
II Гаструляцияның екінші түрін - деляминация дейміз. Деляминация жолында бластуланың қабырғаларындағы клеткалар бөлініп, ұрықтың екінші қабатын құрайды. Ішкі қабаты – энтодерма, сыртқы қабаты – эктодерма деп аталады.
III Инвагинация дегеніміз – целобластулаларда кездеседі. Инвагинация жолында бластуланың вегетативтік бөлігі бластоцелдің ішіне қарай көмкеріледі. Гаструляция нәтижесінде вегетативтік бөлік екі қабатты ұрықтың ішкі қабатын – энтодермасын құрайды. Құралған гаструланың қуысы – гастроцель деп аталады. Гастроцель- алғашқы ішек қуысы. Ал гаструланың тесігін бластопор дейміз. Бластопор алғашқы ауыз болып табылады. Эктодерма мен энтодерманың аралығындағы қуыс алғашқы дене қуысы деп аталады.
IV Эпиболия дегеніміз – кейбір құрттарда кездеседі. Ұсақ анималдық клеткалар тез, жылдам бөлініп, вегетативтік клеткаларды сыртынан қоршап өседі. Вегетативтік клеткалар сары уызы көп болғандықтан тез қозғала ламайды. Гаструляцияның барлық түрлері жекеше сирек кездеседі, әдетте олар бірге жүреді. Мысалы, инвагинация эпибюолиямен, деляминация иммиграциямен қатар жүреді. Бөлшектену морула немесе бластуланың пайда болуымен аяқталғаннан кейін жасушалық материалдың қозғалып, орын алмастыруының нәтижесінде бір қабатты ұрық екі қабатты ұрыққа – гаструлаға айналады.
Гаструланың пайда болуына әкеліп соғатын процесті гаструляция (гаструлалану) дейді, ал осы процесс кезінде түзілетін жасушалық қабаттарды – ұрықтық жапырақшалар деп атайды. Сыртқы жапырақшаны эктодерма, ішкісін – энтодерма дейді. Гаструляция стадиясында алғашқы ішек немесе архентерон түзіледі. Омыртқалы жануарларда гаструлалану кезінде үшінші, орта жапырақша–мезодерма пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет