Жеке даму биологиясы


Сурет 7 – Ұрықтану процесі



бет15/39
Дата08.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#120113
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Байланысты:
Жеке даму биологиясы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Сурет 7 – Ұрықтану процесі
Ұрықтану және ұрықтандыру

Сонымен ұрықтану үш кезеңнен тұрады:


1) дистанттік кезең (алыстан бір-біріне әсер етуі)
2) контакттік кезең (жақыннан бір-біріне әсер ету)
3) сингамия(сперматозоидтың жұмыртқаға еніп, ядроларының қосылуы)
Дистанттік кезең жұмыртқа клеткалары бөліп шығаратын заттарымен жүзеге асырылады. Оларды жұмыртқа клеткаларының гормоны, немесе гиногамондар деп атайды. Гиногамон І – сперматозоидтың қосылысын күшейтеді. Гиногамон ІІ - (фертилизиндер, изоаглютининдер) гликопротеидтер болады. Сперматозоидтарды жабыстырып, қозғалтпай қояды. Спермато-зоидтар андрогамондарды бөліп шығарады. І-ші андрогамон сперматозоидтардың қозғалысын кемітеді. Андрогамон –І, 1-ші гиногамонға қарама - қайшылықта болады. ІІ-ші андрогамон жұмыртқа клеткасын артық сперматозоидтардың енуінен сақтайды. Сперматозоидтың акросомасында спермолизин деген фермент болады. Ол жұмыртқаның сарыуыз қабықшасын ерітеді. Контакттік кезең акросомдық реакция және кортикалдық реакция болып екіге бөлінеді. Акросомдық реакциясы сперматозоид жұмыртқа клеткасымен түйіскен кезде болады. Акросоманың жіпшесі мембрананы тесіп шығады. Акросомдық түйіршіктер сыртқа шығады да, гиалуронидаза, трипсин түрлес ферменттер бөледі. Ол ферменттер сарыуыз қабығын ерітеді. Акросом жіпшесі тескен жерінен сарыуыз қабығында ұрықтық төмпешік пайда болады. Кортикалдық реакция кезінде кортекстің түйіршіктері жарылады да, ішінен ферменттер және басқа заттар түзіледі. Кортекс дегеніміз, ол жұмыртқа плазмалеммасының астында жататын сыртқы цитоплазма қабаты. Кортекс құрамында кортикалды түйіршіктермен микрофиламенттер болады. Сперматозоид жұмыртқа клеткасына енгеннен кейін сарыуыз қабығы қатаяды. Сондықтан басқа сперматозоидтар кіре алмай қалады. Сарыуыз қабығы мен цитоплазма арасында кеңістік пайда болады. Жұмыртқада белок синтезделуі күшейеді.
3-ші кезеңі – сингамия деп аталады. Осы кезеңде жыныс клеткаларының ядролары қосылады. Көбінесе, сперматозоид жұмыртқаға құйрығымен бірге енеді. Жұмыртқаның ішінде сперматозоидтың құйрығы еріп, жойылып кетеді. Сперматозоидтың ядросы ісініп, үлкейіп кетеді де аталық пронуклеуске айналады. Ал жұмыртқаның ядросы аналық пронуклеуске айналады. Аталық пронуклеус оның алдында орналасқан центриоль арқылы қозғалып аналық пронуклеуске жақындайды. Пронуклеустердің қабықшалары еріп хромосомдары экватор аймағында алғашқы метафазалық пластинканы құрайды. Оны зиготаның метафазалық пластинкасы деп атайды. Зигота бөліне бастайды да көп клеткалы организмнің бастамасын береді.
Ұрықтану процесінде ядролар мен ооплазманың әр түрлі компонентте-рінің көшетіні байқалады. Бұл процесс қатаң тәртіппен, заңдылықпен өтеді және әр түрдің жұмыртқасы ооплазмасының гетерогендік қасиетін көрсетеді. Әдетте жануарлардың жұмыртқа ооплазмасының гетерогендік құрылымы аналық безде өтетін даму процесінде пайда болады. Мысалы, амфибия жұмыртқалары анималдық және вегетативтік бөліктерінде дифферен-циалданып, морфологиясы бойынша поляризацияланған. Анималдық полюске таяу пигменттік және гликогендік түйіршіктердің, рибосомдардың концентрациясы жоғары болады, жұмыртқаның ядросы да осы жаққа ауысады. Осыған қарсы вегетативтік полюсіне қарай сарыуыз пластинка-ларының концентрациясы жоғарылайды. Құйрықты амфибияларда болашақ ұрықтың краниокаудалдық (бас-құйрық) білік анималдық және вегетативтік полюстерді қосатын сызықпен тура келеді. Жұмыртқа полюстерін анықтауда ұрықтану кезекті кезең болып саналады. Сперматозоидпен түйіскеннен соң бірнеше секундтан кейін-ақ, ооплазмада биохимиялық өзгерістер: кортикалдық түйіршіктердің ыдырауы және цитоплазма компоненттерінің көшуі басталады. Соңғы құбылыс пигмент түйіршіктердің көшуімен көзге түседі. Амфибиялар жұмыртқаларында, сперматозоид енген жердің қарама – қарсы жағында экватор маңайында пигментация өзгереді: пигмент ішке қарай жылжиды, соның әсерінен осы беттің түсі ашылады да (қара пигмент болса сұрланады, қоңыр пигмент жағдайында сарғыштанады) сұр орақ пайда болады. Сұр орақтың орта жері дене арқасының ортасына сәйкестігі экспериментпен дәлелденген және ол болашақ ұрықтың дорзовентралды бөлігін айқындайды. Сұр орақтың маңыздылығы кейінгі даму процесінде де зор. Дәл осы жерде, «ұрық ұйымдастырушысы» деп аталатын дамуды реттейтін бластапордың арқа ерні қалыптасады. Егер зигота сатысында сұр орақ материалы алынып тасталса, жұмыртқа бөлінгенмен гаструляция басталмайды. Егерде сұр орақ материалы тең бөлінетіндей етіп зиготаны екіге бөлсе, онда екі денеден сау ұрық дамиды. Толық бағалы ұрық алу үшін сұр орақ материалының жартысы сақталса жеткілікті. Сондай-ақ, сұр орақ материалының белсенділігі оның кортикалдық қабатымен айқындалады, бұл сұр орақтың тек қана кортикалдық қабатын ұрықтың басқа жерлеріне қондыру эксперименттерімен дәлелденген. Сұр орақ презумптивтік хордаға сәйкес.
Қолдан ұрықтандыру. Ауыл шаруашылығында көбею көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені мал мамандары әрқашанда сапасы жоғары тұқым малына мейлінше көп төл алуға тырысады. Бірақ табиғи жағдайда, асыл тұқымды мал ұрғашылардың шағын тобын ғана ұрықтандыра алады (он шақтыдан бірнеше жүзге дейін, одан аспайды). Осыған байланысты, бағала жануарлар спермасын тиімді пайдалану әдістерін іздестіру ертеден келе жатқан мәселе.
Балық уылдырығына қолдан ұрық шашуды алғаш рет Германияда 1763ж. Стефан Людвиг Якоби іске асырды. Ол Л.Спалланцани еңбектерінен бұрын, балықтар ұрықтануы сыртқы орта, уылдырықтың спермамен араласу нәтижесінде өтетінін тәжірибемен дәлелдеген. Ол табиғаттағы бақылауларының көшірмесін жасады: жетілген албырт балық, форель және басқа балықтардың уылдырығын, сосын спермасын су құйылған ыдысқа салып араластырды. Бұл «ылғал» деп аталып кеткен қолдан ұрық шашу әдісі кең өріс алған жоқ, өйткені нәтижесі тұрақсыз және ұрықтану процесі өте төмен болды. Балық өсіруде нағыз өрлеу 1850ж. В.П.Врасский зерттеп дайындаған «құрғақ» ұрық шашу әдісі болатын, онда алдын ала уылдырық пен сперма араластырылады да, сосын су қосылады. «Құрғақ» әдіс албырт балықтар уылдырығында өте жақсы және тұрақты нәтиже беріп, «орыс әдісі» деген атпен дүние жүзіне танылды. Қазіргі уақытта қолдан ұрық шашу әдісі бекіре, албырт және басқа балықтарды өсіруде балық шаруашылығында кеңінен пайдаланылады. Сондай-ақ әр түрлі балықтар үшін әр түрлі ұрық шашу әдісі пайдаланады, ол жыныс өнімдері ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы, албырт балығының жұмыртқалары мен сперматозоидтары су ішінде өте тез ұрықтану қабілетінен айырылады, осыдан «ылғал» әдістің нәтижесі төмен дейді. Сонымен қатар, бұл балықтар спермиялары жұмыртқаны қоршаған қуыстық сұйықтықта жақсы қозады да ұзақ уақытқа дейін қозғалу қабілетін сақтайды. Сондықтан, осы балықтар тобы үшін ұрық шашудың «құрғақ» әдісі тиімді. Ал бекіре балығы спермиясына қуыстық сұйықтық теріс әсер береді, сондықтан бекіре балықтар уылдырығын ұрықтандыруда «құрғақ» емес «жартылай құрғақ» әдісі жақсы нәтиже береді, бұл әдісте сперманы уылдырыққа қосу алдында сумен араластырады. Балық өсірудегі қолдан ұрық шашу балық өнеркәсібін ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Көптеген елдерде арнайы балық зауыттары бағалы түрлер шабақтарының орасан зор санын табиғи су торабтарына жібереді. Тоған су шаруашылығында шабақ алуға ең бағалы балықтар уылдырығы мен спермасы пайдаланылады.
Қолдан ұрық шашудың өнеркәсіптік зоотехникалық негізін қалаушы И. И. Иванов (1870-1932 ) болды. 1901 жылы ол Орлов губерниясында жылқыны қолдан ұрықтандыру тәжірибе пунктін ұйымдастырды. Кейінірек, академик И.П.Павловтың қолдауымен, Иванов Петербургта көбею биологиясы бойынша жұмыстар циклін өткізді. Иванов жануарлармен түр аралық гибридтеу саласындада жұмыс жүргізді. 1910 жылы ол Аскания-Новада зоотехникалық станция құрды. Сухум маймыл питомнигіне алғашқы шипанзе мен павиандар жеткізілді. Өмірінің соңғы жылдары Иванов Алматы зооветеринарлық институтының көбею физиологиясы кафедрасын басқарды. Ол ауылшаруашылық жануарлар спермасының қолайлы жағдайларда ұрықтандыру қабілетін белгілі уақыт бойы сақтайтынын көрсетті. Иванов табиғи және жасанды ортада құстармен сүтқоректілер үшін қолдан ұрықтандыру жолдарын зерттеп дайындады. Сүтқоректілер спермасын ұзақ уақыт сақтау мәселесін шешуді көздеп, ол төменгі температураларды пайдалануды ұсынды.
Өз эксперименттеріне сүйене отырып Иванов қолдан ұрық шашуды ең бағалы асыл тұқымды малдан неғұрлым саны көп ұрпағын алу үшін пайдалануды ұсынды. Қолдан ұрық шашуды іс жүзінде пайдалануды Иванов 1899 ж. жылқылардан, ал 1910 жылы ірі және ұсақ қара малдан бастады. Осы әдістің практикалық маңызы-асыл тұқымды мал спермиясын пайдалану тиімділігін ондаған, жүздеген есе арттыруға мүмкіндік берді. Ол үшін сперманы жұмыртқа сарыуызы сұйықтығымен араластырып сұйылтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет