Жеке даму биологиясы


Сурет 12 - Мезодерманың пайда болуы



бет20/39
Дата08.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#120113
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Байланысты:
Жеке даму биологиясы

Сурет 12 - Мезодерманың пайда болуы
а – алғашқы ауыздыларда; б - екінші ауыздыларда;
1 – эктодерма, 2 – мезенхима, 3 – энтодерма, 4 – телобласт

Нейруляция процесі



Гаструляция кезеңі гаструланың құрылуына әкеледі. Гаструляциядан кейінгі даму сатысы нейруляция деп аталады. Нейруляция процесінің нәтижесінде нейрула түзіледі. Нейрула дегеніміз хордалы жануарлар ұрығының гаструладан кейінгі даму сатысы. Нейрулада нерв түтігі, хорда және мезодерма сомиттері түзіледі.
Гаструляция процесінде амфибиялар бластопорының дорсальдық ерні төңіргінде ішке қайырылатын хордомезодермалдық материал ұрықтың болашақ бас жағына қарай тікелей эктодерма астымен жылжиды. Осы орын ауыстырулар нәтижесінде хорда материалы оның үстіндегі дорсальдық эктодерма клеткаларымен түйіседі және оларға индукциялық әсер етеді.
Индукция арқасында эктодерма клеткалары жзуандайды да нерв пластинкасын қаыптастырады. Алғашқыда жүйке пластинкасы ұрықтың алдыңғы шетінде пайда болады, кейін каудалдық (артқы) бағытқа ығыстырылады. Бұл процесс бірінші кезекті эмбрионалдық индукция деп аталады, онда индуктор ролін хордомезодерма орындайды, ал нейралды эктодерма индукция қабылдағыш ұлпа болады. Бақаның гаструласы алғашқы кезеңінде домалақ шар тәрізі болады. Соңғы кезеңінде ол ұзарып сопақша түрге келеді.
Ұрықтың арқа жағында екі нерв қатпарлары пайда болады. Ол екі қатпардың арасында жатқан эктодерма бөлімін нерв пластинкасы деп атайды. Нерв пластинкасы ішке қарай майысып нерв науасын жасайды. Нерв науасының екі жағы көтеріліп тұтасып нерв түтігін құрайды. Нерв түтігінің ішінде невроцель деген қуыс пайда болады. Кейін нерв түтігінің бас жағы бас миына айналады. Нерв түтігінің дене бөлімінен жұлын қалыптасады. Тері эктодермасының шеттері нерв түтігінің үстінде түйіседі. Осы жерде айта кететін бір жайт: клеткалардың бір бөлігі нерв түтігіне де және эпидермиске да қосылмайды. Олар нерв түтігінің үстінде ұзына бойы созылып орналасқан. Сол клеткалардан нерв айдаршасы құралады. Нерв айдаршасы эктодерма мен нерв түтігінің арасында орналасады.
Нейруляция сатысынан бастап ұрықта белсенді түрде оргоногенез басталады. Оргоногенез дегеніміз әр түрлі мүшелердің бастамаларының пайда болуы. Нейруляцияның ең бастапқы сатыларында ұрық мезодермасының ортасынан хорда бөлініп шығады. Мезодерма сегменттелген, яғни эписопит, гипосопит болып екіге бөлінеді. Эписопит ұрықтың дорсалды (арқа) жағында, ал гипосопит – вентралды (құрсақ) жағында орналасады. Арқа мезодермасының сегменттерге бөліну процесін метамеризация деп атайды.
Гипосомитті кейде сплонхнотом не бүйір пластинкалары дейді. Кейін пластинкалары екі жапырақшаға бөлінеді. Оның ішкі энтодерма жағындағысын висцералды, ал сыртқы эктодерма жағындағысын париеталды жапырақша деп атайды. Сол екі жапырақшаның арасындағы қуысын целом дейміз. Целом екінші дене қуысы болып табылады.
Висцералды жапырақ ішекке және басқа да ішкі мүшелерге жанасып, олардың серозды қабықшасын құрайды. Париеталды жапырақшадан ішперде құралады. Ішперде дегеніміз құрсақ қуысының жұқа эпителийлі қабықшасы. Онда ішкі мүшелер орналасады. Эписомиттер одан ары қарай дермотом, миотом, склеротом болып бөлінеді. Дермотомнан терінің ұлпалары, склеротомнан шеміршек, сүйек ұлпалары, миотомнан бұлшықет ұлпалары пайда болады. Бүйір пластинкалардың қосылған жерінен гонатом мен нефротом бөлініп шығады. Келешекте нефротомнан бүйрек түтікшелерінің эпителиясы пайда болады.
Нерв айдаршасының материалынан неше түрлі клеткалар, ұлалар пайда болады. Соның ішінде жұлынның сезгіш түйіндері, меланоциттер-пигменттік клеткалар, биполярлық нейрондар, леммоциттер бар. Нерв айдаршасының бас жағынан шыққан клеткалардан шеміршек, бұлшық ет, дәнекер ұлпалары пайда болады. Осы айтылғандардан висцералды қаңқаның шеміршектері, беттің, тілдің борпылдақ дәнекер ұлпалары құралады. Аденогипофиз бен қалқан серік бездердің құралуына да сол клеткалар қатысады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет