Жеке даму биологиясы



бет27/39
Дата08.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#120113
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Байланысты:
Жеке даму биологиясы

Бақылау сұрақтары:
1. Анамнии деген не?
2. Бақалардың ұрықтануы қалай жүреді?
3. Бөлшектену қалай жүреді?
4.Бластула типі?
5. Гаструляция типі?
6. Мезодерманың пайда болуы?


БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАРДЫҢ ЭМБИРОГЕНЕЗІ

Негізінен амниоттардың эмбриогенезін бауырымен жорғалаушылардан бастайды. Өйткені, солардың эволюциялық дамуы нәтижесінде басқа жоғарғы сатыдағы тіршілік иелері құстар мен сүтқоректілер шыққан. Оны олардың бірқатар эмброналды даму сатыларының ұқсастығынан да көруге болады. Бауырымен жоргалаушалардың жұмыртқаларының бөлінуі, толымсыз диск тәріздес ұрықтану процесі жұмыртқа жолының жоғарғы үштен бір бөлігінде жүретіндіктен, бөліну процесі жұмыртқаламай жатып-ақ басталып кетеді. Сөйтіп олар жұмытрқалағанда жұмыртқалары бөлінудің дискобластула, болмаса гаструляцияның алғашқы сатыларында болады. Кейбір бауырымен жорғалаушыларда, тірі туатын кесірткелер мен жыландарда жұмыртқа жолында ұзақ болатындығы сонша олардың ұрпақтары тірі туады немесе жұмыртқалай салып-ақ жұмыртқа жарады. Оларда бөліну кезінде дискобластула пайда болады.


Бластуланың төбесі майда бластодиск жасушаларынан тұрса, түбі бөлінбеген барыуыздан тұрады. Бластодиск жасушаларының пайдалануының нәтижесінде сарыуыз азайып тұқымасты қуыс болып қалады. Гаструляцияның бірінші сатысында бластодисктің астыңғы жасушалары тұқымасты қуысына түсе бастайды. Сөйтіп эктодерма пайда болады. Осылайша гаструляцияның бірінші сатысы деляминация арқылы жүреді. Кейде оған иммиграция да қосылады. Осынысы амниоттың анамниидан бір айырмашылығы болып табылады. Амниоттарда энтодерманың пайда болуы да біршама алға ығысқан, ол бөліну кезінен басталады.
Бұл дамудың біршама жетіле түскендігін көрсетеді. Гаструляцияның екінші сатысында дамудың ертедегі түрі қайталанып екі қабатты тұқым қалқаны пайда болады. Бауырымен жорғалаушыларда да қосмекенділердегі сияқты мезодерма эктодерма мен энтодерманың арасынан өсіп шығады. Одан сомиттер, спланхнотом және нефротомдар пайда болады. Орталық органдары басқа да омыртқалылардағыдай пайда болады. Бауырымен жорғалаушылардың оларда амниот қабықшасың пайда болуына байланысты, кеуде қатпарларының дамуы қосмекенділерден өзгеше жүреді. Қоректік органдары балықтармен ұқсас. Бұларда да сарыуыз қапшығы пайда болады. Эктодерма мен мезодерманың париэталды жапырақшаларынан сір қабыкщасы түзіледі. Сір қабықшасы тұқым мен сарыуызды зақымданудан сақтайды. Бауырымен жорғалаушы-лар эмбриогенезі кезінде үш тұқым қабықшасы пайда болады. Олар амнион - су қабықшасы, сір қабықшасы - сыртқы қабықша және аллантойс қабықшасы - зәр қабықшасы. Амнион эволюция процесінде алғаш рет бауырымен жорғалаушыларда пайда болды. Бұл қабықша жасушалары бөлген сұйық тұқымды қоршап тұрады. Сір қабығы мен сарыуыз қапшығы түзген қуысты экзоцелом деп атайды. Онда аллантойс пайда болады. Аллантойс тұқым ішегінің артқы бөлігінің керілуінен пайда болады. Аллантойс тұқымның тыныс алу, қоректену және зәр шығару қызметтерін атқарады. Эмбрионалды дамудың ақырғы сатысында тұқым қабықшалары жойылып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет