Жеке даму биологиясы



бет25/39
Дата08.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#120113
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Байланысты:
Жеке даму биологиясы

Бақылау сұрақтары:

  1. Эмбриогенез не? Ол әртүрлі жануарларда қалай жұреді?

  2. Хордалылар эмбриогенезі қалай бөлінеді?

  1. Анамнии деген не? Амниот деген не? Олардың бір-бірінен айырмашылағы? Анамнии эмбриогенезі қандай түрлерге бөлінеді? Олардың өзгешелігі неге байланысты?

  1. Ланцетник эмбриогенезінің кезеңдері?

  2. Ланцетник пен қосмекенділер эмбриогенезінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары ?

ҚОСМЕКЕНДІЛЕР ЭМБРИОГЕНЕЗІ

Қосмекенділердің дамуы суда жүреді. Құйрықты амфибийлардың ұрықтануы ішкі, құйрықсыз амфибийлардың ұрықтануы сыртқы болады. Уылдырықтардың саны бақалардың түріне байланысты. Мысалы, шөп бақасының салатын уылдырығының саны 1000-нан 4000-ға дейін, жасыл бақа 2000-3000, көлбақа 5000-10000 дейін уылдырық шашады. Жұмыртқа жасушасына бір ғана сперматозоид енеді (моноспермиялық ұрықтану), содан кейін ұрықтанған жұмыртқа жасушасына спермотозоидтардың артық санының енуіне бөгет болатын сарыуыз қабықшасы пайда болады. Жұмыртқа жасушасы және одан дамитын ұрық суда ісінетін іркілдек қабықшамен қапталады. Шөп бақасы жұмыртқасының анимальдік бөлігі цитоплазманың беткі бөлігінде болатын қара пигмент – меланиннің әсерінен қара-қоңыр түсті болып келеді, бұл күн сәулесін көп сіңіру үшін маңызды. Даму жылдамдығы көбінесе температураға тәуелді. Уылдырықтың вегетативті бөлігі пигментсіз болғандықтан сарғылт - ақшыл болады. Уылдырықтың пигменттелген және пигментсіз аймақтарының шекарасы айқын байқалады. Сперматозоид уылдырықтың экваторынан төменірек енеді. Оның енген жері уылдырықтың анимальдық жарты шарына қарағанда ақшыл болады. Осы сұр орақ ұрықтың арқа беті болады да, ал уылдырықтың сұр ораққа қарама-қарсы жағы ұрықтың бауыр бетіне сәйкес келеді.


Амфибийдің ұрықтанған жұмыртқасы толық бөлшектенеді, бірақ та сарыуыздың негізгі бөлігі оның вегетативтік бөлігінде орналасатындықтан бөлшектенуі толық болғанмен әркелкі болады. Алтыншы бөлінуге дейін бөл- шектену біршама синхронды жүреді. Жетінші бөлінуден бастап ұрықтың екі жартысы бір-біріне тәуелсіз бөлшектенеді. 64- жасушалық сатысынан кейін геометриялық прогрессия толықтай бұзылады. Осындай әркелкі бөлшектенудің нәтижесінде бластуланың анимальдық бөлігінің жасушалары вегетативтік бөліктің жасушаларына қарағанда көп және ұсақ болады. Амфибийдің бөлшектенуі амфибластуланың түзілуімен аяқталады. Ланцетниктердің целобластуласынан айырмасы бластоцелі анимальдық полюсіне қарай ығысқан жәнеқабырғасы жасушалардың көп қатарынан тұрады.
1925 жылы В.Фогт ұсынған ұрық бөліктерін таңбалау менкиноға түсіру әдістері амфибий бластуласындағы келешек органдар материалдарының орнын дәл анықтауға мүмкіндік берді. Бластула қабырғасының түрлі участоктеріндегі боялған жасушалар гаструлалану кезінде ауысып, гаструладағы түрлі органдар бастамаларына сәйкес белгілі орындарға орналасады. Амфибийдің гаструлалануы бластуланың пигменттелген және пигментсіз бөліктерінің шекарасында орналасқан материал аймағында орақ тәрізді жылға күйінде кішкене ойындының пайда болуымен басталады. Бірақ та бластула материалының қозғалысы жылға пайда болғанға дейін байқалады. Ланцетниктегі сияқты бұлшық ет, хорда, ішек және басқа органдарды қалыптастыратын амфибий бластодермасының аймағы гаструлалану соңында ұрықтың ішіне өтеді. Сыртқы ұрықтық жапырақша – эктодерманы құраушы бластуланың анимальдық бөлігінің пигменттелген материалы сыртында қалады. Құрбақа мен тритон гаструлалануының бірінші белгісі бластопордың пайда болуы. Бастапқы кезде кішкене саңылау күйінде пайда болған бластопор шеңбер бойымен ұзарып кейін бірте-бірте жабылады. Сақина тәрізді бластопормен шектелген вегетативтік бөлімнің жасушалық материалы ішіне батып кетеді, ал осы эктодерманың сарыуыз тығыны деп аталатын бөлігі тесіктен шығып тұрады.
Кейін бластопор толықтай жабылады да ақшыл материалдың ішке өтуіне байланысты ұрықтың барлық беті қарайып қалады. Сұр медиальдық бөлігінің материалы хорданы құрайды, ал латериальдық бөліктері алғашқы ішектің құрамына кірмейді, эктодерма мен алғашқы ішек қабырғасының арасынан өтіп мезодерманы түзейді. Хорда мен мезодерма оқшауланғанан кейін алғашқы ішектің қалған материалы хорданың астында түйісіп ішек түтігінің бастамасын құрайды. Ішек түтігі алғашқы кезде тұйық болады, ауыз және артқы тесіктер болмайды. Оның материале энтодерма болып саналады. Сонымен, ланцетникте барлық энтодерма ішекті құрайтын болса, ал амфибийларда энтодерма сарыуыздық (уақытша) ішек-қарындық (тұрақты) бөліктерге бөлінеді. Гаструла сатысынан кейінгі нейрула сатысында нерв дөңестерінің түзілуінің нәтижесінде ұрықтың дорзальдық беті байқала бастайды. Бұл ұрық денесінің дорзальдық беті жанынан пайда болатын эктодерманың екі қатпары. Нерв дөңестері нерв пластинкасы деп аталатын эктодерманың дорзальдық бөлігін қоршап тұрады. Гаструланың көлденең кесіндісінде нерв пластинкасы өзінің ірі жеке жасушаларымен көзге түседі.
Нерв пластинкасы мидың бастамасы, нерв дөңестері кейін нерв ганглиясына айналады. Сонымен, нерв пластинкасы мен нерв дөңестері нерв бастамасы немесе нейроэктодерма болып есептеледі. Эктодерманың қалған бөлігі тері эктодермасын құрайды. Нерв пластинкасы алдымен науашық, содан соң нерв түтігіне айналады. Нерв түтігі мен ганглиялық пластинка тері эктодермасының астында қалады. Мезодерма сомиттерге, нефротомдарға және спланхнотомдарға жіктеледі. Сомиттер мен нефротомдар сегменттерге бөлінеді. Сегменттерге бөліну ұрықтың бас жағынан аяғына қарай жүреді. Спланхнотомдар сегменттерге бөлінбейді. Спланхнотом араларында саңылау тәрізді дененің екінші қуысы целом бар висцеральдық (ішкі) және париетальдық (сыртқы) жапырақтарға жарылады. Дененің оң және сол жақтарындағы спланхнотомдар ішек түтігінің астында түйісіп қосылады. Висцеральдық жапырақ кейінірек ішекке және басқа ішкі органдарға жабысып олардың серозалық қабықшасын құрайды. Париетальдық жапырақ дене қабырғасының ішкі бетін астарлайды. Сонымен, көптеген бастамалардың жіктелу процесі алдан артқа қарай жүреді.
Жіктелудің бұл тәртібі нерв науашығының түтікке айналуына, сомиттер мен нефротомдардың түзілуі мен жіктелуіне қатысты. Сондықтан ұрықтың каудальдық участоктері өзінің даму жағынан краниальдық участоктерінен артта және шала жіктелген болады. Бластопор жабылғаннан кейін жасушалардың тез көбеюінің нәтижесінде осы шала жіктелген материал құйрық бүршігін құрайды. Құйрық бүршігі – құйрықтың бастамасы.
Сомиттің даму кезінде түрлі ұлпаларға жіктелетін участоктер оқшауланады: сомиттің орта бөлімінен – миотомнан, қаңқа бұлшық еті дамиды, сыртқы және ішкі участоктерінен мезенхима немесе эмбриондық дәнекер ұлпасы дамиды; сомиттің сыртқы участогінен – дерматомнан пайда болатын мезенхима эктодерманы астарлайды және терінің дәнекер ұлпасына айналады. Сомиттің ішкі участоктерінің мезенхималық жасушалары склеротомды құрайды. Онан біліктік қаңқа мен дәнекер ұлпасының көпшілігі дамиды. Нефротомдар зәр шығару органдарының эпителиальдық каналшықтарының бастамалары. Ауыз бен аналь тесіктері және желбезек саңылаулары, ланцетниктегі сияқты, тесілу арқылы пайда болады. Құрбақа итбалықтарының пайда болар кезінде уақытша органдар – құйрық, сыртқы желбезек, мүйіз ерін тістері түзіледі. Аяқтары, тістері, өкпесі болмайды. Біраз уақыт өткеннен кейін метаморфоз басталады, алдымен артқы, кейін алдыңғы аяқтары пайда болады, құйрығы жойылады, желбезектері репродукцияға ұшырайды, өкпесі жетіледі. Итбалықтың шеміршек қаңқасы сүйекке айналады, жақтарында тістер дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет