Жеке даму биологиясы



бет33/39
Дата08.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#120113
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
Жеке даму биологиясы

АДАМ ЭМБРИОГЕНЕЗІ

Әйелдердің жұмыртқа жасушасында сарыуыз болмайды. Аналық жыныс безінен шығар мезгілінде жұмыртқа жасушасы үш қабықпен қапталады. Бірінші цитоплазманың беткі қабаты болып есептелетін сарыуыздық қабық, екінші фолликулалық эпителийдің даму кезінде ооцитті айнала қоршаушы жылтырауық қабық, үшінші фолликулалық жасушалардан тұратын жасушалық қабық. Ұрықтануы жұмыртқа өзегінің жоғарғы бөліктерінде жүреді.


Адамның жұмыртқа жасушасы толық бөлшектенеді, бірақ та бластомерлердің ірі күңгірт және ұсақ ақшыл бластомерлерге ерте бөлінуіне байланысты бөлшектену асинхронды жүреді. Бетіндегі «ақшыл» бластомер-лерден ұрықты ана организмімен байланыстыратын трофобласт пайда болады. Ішкі «күңгірт» бластомерлер эмбриобластыны құрайды. Эмбриобластыдан ұрықтың өз денесі мен бірнеше ұрықтан тыс бөліктерден дамиды. Бөлшектену баяу жүреді. Жұмыртқа өзегінде ұрық бластоцистісі айналады. Жасушалардың бір қабатынан тұратын трофобласт сұйыққа толы қуысты қоршап алады. Осы шар тәрізді ұрықтың бір полюсіне ұрықтық түйін деп аталатын эмбриобластының жасушалар тобы трофобластының ішкі бетіне жабысады. Құрсақтық дамудың бірінші аптасының аяқ кезінде ұрық жұмыртқа өзегімен жылжып жатырға келіп жетеді де, жатырдың қабырғасына бекіп, оның кілегей қабықшасының ұлпасына енеді.
Трофобластымен жанасқан жердегі эпителий мен дәнекер ұлпасы ғана емес, тамырлардың қабырғасы да жойылады. Ұрық жатырдың кілегей қабықшасының ұлпасына тереңдеп батады. Ал оның трофобластының бүрлері тармақталып өсіп, кілегей қабықшасының ыдыраған ұлпаларымен қосылып ана қанына батып тұрады. Осы бүрлер арқылы ұрық өзіне керек қоректік заттарды, оттегіні ана қанынан алады. Сонымен бірге ұрық алмасу өнімдерін ана қанына бөледі. Адамның гаструлалануы екі кезеңнен тұрады. Жоғарғы сатыдағы омыртқалылардағыдай адамның гаструлалануының бірінші кезеңі деляминация арқылы жүреді. Мұнда эмбриобласты – эпибласты мен энтодермаға екі жапырақшаға жарылады (эктодерманың, мезодерманың және хорданың материалдарынан тұрады). Осы екі кезеңнің арасында ұрықты қажет жағдайлармен қамтамасыз ететін ұрықтан тыс органдар қалыптасады. Ұрықтың дамуының 15-16-шы тәулігінде гаструлаланудың екінші кезеңі басталады. Ұрық қалқаншасының сыртқы қабаты жасушаларының иммиграциясының нәтижесінде алғашқы жолақ пен Гензен түйіні пайда болады. Сонымен қатар алғашқы жылға мен алғашқы шұңқыр қалыптасады. Алғашқы түйіннің алдыңғы жағында болашақ хорданың материалы (хордалық пластинка), ал оның алдыңғы жағынан келешек нерв жүйесінің (нерв пластинкасы) материалы қоршайды. Алғашқы жолақ келешек мезодерманың материалы. Сонымен, хордалыларға тән жота комплексінің бастамалары қалыптасады.
Трофобласт пен ұрықтың тыс мезенхима қабаты қосылып хорионды құрайды. Амниондық көпіршіктің төбесімен бүйір қабырғаларының эктодермасы және оған жанаса орналасқан ұрықтан тыс мезенхиманың материалы бірігіп амнионды құрайды. Сарыуыздың энтодермасы мен оған жабыса біткен ұрықтан тыс мезенхиманың қабаты сарыуыз қапшығының қабырғасын түзеді. Адамның сарыуыз қапшығында басқа планцеталы сүтқоректілердікі сияқты сарыуыз болмайды, құрамында белоктар мен тұз бар сұйыққа толы болады. Ол ұрықтың бірінші қан жасаушы органы оның қабырғасында қан аралшықтары мен алғашқы қан тамырлары түзіледі.
Мезодерма сомиттер мен спланхнотомдарға жіктеледі. Сомиттердің материалы сегменттерге бөлінеді, спланхнотомның материалы сегменттелмеген күйінде қалады. Спланхнотомдар екі жапырақшаға бөлінеді: висцеральдық және париетальдық жапырақшаларға. Сомиттерге жанасқан спланхнотом-дардың кішкене участоктары оқшауланып және сегменттерге бөлініп алғашқы бүйректің каналшықтарының бастамалары болып саналатын нефротомдарды құрайды. Спланхнотомдардың висцеральдық және париетальдық жапырақшалары целомдық эпителийді, ал осы жапырақшалардың арасындағы қуыс дененің екінші қуысын құрайды. Сомиттер дерматомға, склеротомға және миотомға жіктеледі. Сарыуыз қапшығы мен оның тамырлары толық жайылып кетеді. Амнион сабақшасы кіндік тамырларымен бірге аллантоиспен қосылып амниондық эктодермамен қапталып кіндік бауына айналады.
Нерв түтігінің алдыңғы ұшында ми көпіршіктері түзіледі. Бастапқы кезде үш (алдыңғы, орта және артқы), кейін бес алдыңғы және артқы көпіршіктердің әрқайсысы екіге бөлініп, ми көпіршіктері пайда болады. Ми көпіршіктерінің түзілуімен бірге бас қалыптасады. Үшінші аптаның аяғында – төртінші аптаның басында көздің, құлақтың бастамалары, төртінші аптада ауыз тесігі, мойын бөлімінде желбезек саңылаулары пайда болады. Бет бөлімдері екінші айда тез қалыптасады, аяқ пен қолдың да бастамалары өсе бастайды. Екінші айдың соңында ішкі органдар да жедел дамиды. Адам ұрығына тән сыртқы пішіні дамудың осы екінші айында пайда болады.
Адамда үш ұрықтық жапырақтың бәрі ерте түзіледі. Ұрық денесі қалыптаса бастағанға дейін амниондық көпіршіктің қабырғасын құраушы ұрықтан тыс эктодерма, сарыуыз қапшығы қабырғасының ұрықтан тыс энтодермасы және төл көпіршігінің қуысында, ұрықтан тыс мезодерма пайда болады. Амниондық және сарыуыз көпіршіктерінің жанасқан жерінде ұрық қалқаншасы пайда болады. Ұрық қалқаншасы ұрықтың денесін құрайтын материал. Амниондық көпіршіктің негізіндегі биік цилиндр тәрізді жасушалар ұрықтың эктодермасын, ал оның астындағы жасушалар оның энтодермасын құрайды.
Адам мен жоғары сатыдағы маймылдардың дамуында аллантоис елеулі рөл атқармайды, шала жетілген күйінде қалады. Жатыр қабырғасына қараған хорионның бөлігіндегі бүрлер күшті дамып тармақталып жатырдың кілегей қабықшасының ұлпаларымен қосылып планцетаны құрауға қатысады.
Сүтқоректілердің жұмыртқа клеткаларында сарыуыз болмайды. Олардың зиготаларының бөлшектенуі толық болса да біркелкі және біріңғай (синхронды) емес. Бөлшектенудің нәтижесінде тығыз морула пайда болады. Моруланың клеткалары көп ұзамай (тышқан ұрығында 16 бластомерлі сатысында) сыртқы ақшыл және ішкі тығыз орналасқан күңгірт клеткалар болып екіге бөлінеді. Сыртқы ақшыл клеткалардан пайда болатын трофобласт жатырдың шырышты қабықшасымен түйісіп сол арқылы ұрықты қоректендіреді. Ішкі ірі күңгірт клеткаларын эмбриобласт немесе ұрық түйіні дейді. Содан ұрықтың өзі пайда болады.
Хорионның бетіндегі бүрлердің орналасуына қарай плацентаның анатомиялық типтері болады:
1. Диффузды плецентада бүрлер хорионның бүкіл бетінде орналасады.
2. Котиледондық (шоғырланған) плацентада хорионның бүрлері жаырдың шырышты қабығымен жанасып көптеген топтарды құрады.
3. Белдеулік (аймақты) плацентада хорионның бүрлері оның беткі бөлімінде белбеу немесе сақина түрінде оналасады.
4. Диск тәрізді плацентада хорионның бүрлері диск пішінді жеке бөліктерге топтастырылған болады.
Планцетаның анатомиялық типтері олардың гистологиялық типтеріне сай келеді. Мысалы: аймақты плацента десмохориалды, ал диск тәрізді – гемохориалды болады.
Хорион түкшелерінің жатырдың кілегей қабығына енуіне байланысты сүтқоректілердің плацента түзуі әртүрлі. Оны төрт типке бөледі: эпителийхориалды, десмохориалды, эндотелийхориалды және гемохориалды. Эпиелийхориалды плаценталарда, немесе жартылай плацента бір қатар дорбалы жануарларға және жылқы, түйе, шошқа сияқты жануарларға тән. Бұл типтің ерекшелігі хорион түкшелері жатыр эпителийімен тек жанасады. Хорион түкшелері кілегей қабықты ыдыратпай тек олардың қатпарларына батып тұрады.
Эмбрион қорек пен оттегін жатырдың кілегей қабығының секреті, сөлі арқылы алады. Босанғанда хорион түкшелері жатыр бездерінің тесігінен босайды, сөйтіп жатыр құрылымдары бұзылмайды. Десмохориалды, немесе дәнекер тканды плаценталарда хорион түкшелері жатыр эпителийіне еніп кетеді. Оны ыдыратады, сөйтіп астындағы дәнекер ұлпамен байланысады. Хорион түкшелері қан тамырларына жақындай түседі.
Мұндай плацента типінде де эмбрион мен анасының арасындағы байланыс онша жақын болмайды. Бірақ ол, есесіне байланысатын ауданының көп болуы арқылы эмбрионды керекті заттармен қамтамасыз ете алады. Мұндай плацента типтері жұпяқтыларға тән. Босанғанда жатыр біраз эпителийден айрылады. Дегенмен бұзылған эпителий қабаттары тез – ақ орнына келеді. Эндотелиохориалды плацента жыртқыштарға тән.
Мұндай плацента жатыр қабырғасына жабыса отырып жолындағы эпителий қабатын, оның астындағы дәнекер тканын және қантамырларының қабырғасын эндотелийге дейін ыдыратады. Хорион түкшелері тікелей эндотелиймен шектеседі. Мұндай планцета типтерінде эмбрион қаны анасының қанының тек жұқа эндотелий жасушаларының қабатымен ғана ажырасып тұрады. Мұндай плаценталар эмбрионды оттегімен де, басқа қоректік заттармен де басқа типтегі плаценталармен салыстырғанда әлде қайда жақсырақ қамтамасыз етеді. Босанғанда жатырдың кілегей қабығы плацентамен бірге кетеді де, аздаған қан да кетеді. Дегенмен жарақат көп өтпей-ақ қайта қалпына келеді.
Ал гемохориалды плацента адамдар мен басқа да приматтарға тән. Мұндай плацентада хорион түкшелері жатырдың эпителий қабатын, астындағы дәнекер қабатын жарақаттап жатырдың қан тамырларының қабырғаларының тікелей өтіп анасының қанына батып тұрады. Гемохориалды плаценталардың өзі лабиринтті және түкшелі болып екіге бөлінеді. Лабиринтті плаценталар насеком жегіштермен кемірушілерде болады. Олардың плаценталарында трофобласт күрделі лабиринттер түзеді олар түзген лабиринттермен анасының қаны ағып отырады.
Түкті гемохориалды плацента тек адамдар мен приматтарға ғана тән. Олардың плацентасы көптеген тармақтар түзеді. Осынысының арқасында анасының қанымен байланыс күшейе түседі. Босанғанда плацентамен жанасқан жатыр қабаттары бүлінеді де, бірталай қан кетеді. Жатыр қабатының бүлінген бөлігі мол болғандықтан оның регенерациясы да ұзақ уақыт жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет