Жеке даму биологиясы



бет31/39
Дата08.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#120113
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
Жеке даму биологиясы

Бақылау сүрақтары:

  1. Құстар жұмыртқасының бөліну процесі қалай жүреді?

  2. Гаструляцияның бірінші сатысында болатын процесті айтып бер?

  3. Гаструляцияның екінші сатысында болатын процесстерды айтып бер?

  4. Құстар эмбриогенезі кезінде қандай, қанша қабық пайда болады?

  5. Ол қабықтардың әрқайсысы қандай қызмет атқарады?

  6. Ол қабықтар бір – бірінен несімен ерекшеленеді?



СҮТҚОРЕКТІЛЕР ЭМБРИОГЕНЕЗІ

Жануарлардың судан құрлыққа шығуына байланысты оларды қоршаған орта жағдайы өзгеріп, ұрықтардың дамуы құстар мен рептилийдегі сияқты жұмыртқа ішінде немесе сүтқоректілердің көпшілігінде арнаулы орган – жатырда өтетін болған. Бірінші жағдайда дамуға қажетті қоректік заттарды жұмыртқадағы сарыуыз бен белоктан, ал екінші жағдайда ұрықтың қорегі ана организімінен алынады. Сүтқоректілердің көпшілігінің жұмыртқасы эволюция процесінің нәтижесінде сарыуызын жойғандықтан ланцетниктің жұмыртқа жасушасы сияқты өте кіші болып келеді. Сонымен бірге толық бөлшектенуге көшкен, бірақ та сүтқоректілердің дамуы меробластық типпен жүреді. Қазіргі сүтқоректілердің ең жабайысы – ехидна мен үйректұмсық. Бұлар рептилийлердің көпшілігіне тән көбею және даму тәсілін сақтаған. Бұл жануарлардың жұмыртқа жасушасы өте ірі болады (сарыуызының диаметрі 0,5 см – дей). Ехидна денесінің бауыр бетінде болатын қалтаға көбінесе бір жұмыртқа салады. Үйректұмсықта қалта болмайды, інге салған жұмыртқаларын басып жетілдіреді.


Бөлшектенуі дискалық, гаструлалануы рептилийлердікіндей жүреді. Жұмыртқадан шыққан балалары анасының тері безінің сүтке ұқсас секретімен қоректенеді. Барлық сүтқоректілер балаларын тірі туады. Құрсақтық даму кезеңі түрлі сүтқоректілерде түрліше және ұрықтың ана организмімен байланысының түрі де бірдей болмайды. Қалталылар кластармағының құрсақтық даму кезеңі өте қысқа және ұрықтың жатыр кілегей қабықшасымен байланысы жабайы келеді. Қалталылардың кейбір түрінің (бандикут немесе қалталы борсық) төл қабының қабырғасы жатырдың кілегей қабықшасының ойындысына кіріп тұратын өсінділер құрайды. Сондықтан қалталылар балаларын шала туады. Мысалы, ересек үлкен кенгурудың еркектерінің үлкендігі адамның бойындай болғанымен, балаларының үлкендігі лобия дәнінен болар-болмас қана үлкен. Кейбір қалталылар балаларын қалтасында жетілдіреді, кейде кенгуру баласы, анасының қалтасында жүріп өзі көбейіп балалы болады. Бұл жануарлардың жұмыртқасында сарыуыз көп болмайды.
Жоғары сатыдағы сүтқоректілердің жұмыртқасында сарыуыз кірінділері жоқ деуге болады және онда дамудың бастапқы кезеңінде жеткілікті не органикалық, не бейорганикалық заттар болмайды. Ұрық өзінің дамуына қажетін ана организмінен алады. Планцеттілердің жұмыртқа жасушалары өте кішкентай алецитальды немесе изоцитальды типке жатады. Толық бөлшектенеді. Бластомерлердің үлкендігі бірдей болмайды және олардың санының көбеюінде геометриялық прогрессия байқалмайды. Екі бластомерлік кезеңнен кейін бластомерлер саны 3,4,5,7,9,11 т.т. болып көбейеді. Сүтқоректілердің көпшілігінде бөлшектенудің нәтижесінде морула пайда болады.
Бөлшектенудің бірінші бөлінулерінен бастап бластомерлердің екі түрі байқалады: ұсақ ақшыл және ірі күңгірт бластомерлер. Күңгірт бластомерлерді ақшыл бластомерлер қаптап өседі. Ішкі күңгірт бластомерлерден эмбриобласт қалыптасады. Бұдан ұрықтың денесі, амнион мен сарыуыз қапшығы түзіледі. Бетіндегі ақшыл бластомерлерді трофобласт (қоректендіруші бастама) деп атайды. Бұл жасушалар жатырдың кілегей қабықшасымен тікелей байланысып, ұрықтың қоректенуін қамтамасыз етеді.
Сүтқоректілердің моруласы бірнеше рет бөлшектенгеннен кейін бластоцискіге – бластодермалық немесе ұрықтық көпіршікке айналады. Бластоцистаның қабырғасы жасушалардың бір қабатынан тұрады. Қуысы сұйыққа толады. Бластоцист қабырғасының бір участогіне эмбриобластының жасушалары жабысып ұрықтық түйінді құрайды. Кейін ол ұрық қалқаншасына айналады. Эмбриобласт жанасатын трофобластының участогін Раубер қабаты деп атайды. Гаструлаланудың бірінші фазасы басталады: бір қабатты ұрық қалқаншасы деляминация арқылы екі қабатты болады. Ұрық түйіні экто- және эндобластыдан тұратын ұрық қалқаншасына айналады. Ұрық қалқаншасында алғашқы жолақ гензен түйіні қалыптасады, яғни ұрық денесі түзіледі. Келешек эмбрионның жасушалары биохимиялық жағынан трофобластының жасушаларынан өзге болады. Сонымен планцеталы сүтқоректілердің гаструлалануының бірінші және екінші кезеңі құстардікіне ұқсас жүреді. Гаструлаланудың соңында үш қабатты ұрық пайда болады және жота органдарының комплексі қалыптасады. Негізгі эмбриондық бастамалардың (нерв түтігінің пайда болуы, мезодерманың жіктелуі мен сегменттерге бөлінуі т.т.) оқшаулану процесі басқа омыртқалылардағыдай жүреді.
Гаструлалану кезінде ұрық жатыр қабырғасына бекиді. Бұл өте күрделі морфологиялық және физиологиялық процесс. Ұрық жатырдың кілегей қабықшасына толықтай немесе трофобластының өсінділерімен енеді. Трофобластының өсінділерін алғашқы бүрлер деп атайды. Кейін ол дәнекер ұлпасы мен тамырлары бар екінші бүрлерге айналады. Хорион осылай пайда болады. Сүтқоректілердің жұмыртқа жасушасында сарыуыз болмағанымен құстар мен рептилийлердегідей сүтқоректілерде де амниот, аллантоис пен сарыуыз қапшығы қалыптасады. Эмбрион ана организмінен ерекше мүше – планцета арқылы байланысады. Планцета трофикалық, экскреттік және қорғау функцияларын атқарады. Сонымен бірге иммунобиологиялық қорғау органы және эндокриндік орган болып та есептеледі. Құрылысына қарай планцетаны бірнеше типке ажыратады: эпителийхориондық, десмахориондық, эндотелийхориондық және гемахориондық.
Эпителийхориондық планцета кейбір қалталыларға, шошқаларға, жылқыға, бегемотқа, түйеге, тапирге, кит тәрізділерге және басқа сүтқоректілерге тән. Байланыстың бұл түрінде ұрық хорионы жатырдың кілегей қабықшасының эпителийіне жанасып қана тұрады. Хорион бүрлері кілегей қабықшасының ойықтарына ұлпаларын зақымдап кіріп тұрады. Сондықтан қоректік заттар мен оттегі ұрықтың қанына ана қанынан тікелей бармайды, жатырдың кілдегей қабықшасы бездерінің секреті – жатыр сүтінен барады. Туу кезінде бүрлер жатырды бүлдірмей өз ойықтарынан шығады. Тууы ауыртпалықсыз және қан кетусіз орындалады.
Десмахориондық планцета немесе дәнекер ұлпалық хориондық планцета күйістілерге тән. Ұрық хорионының бүрлері жатырдың қабырғасына еніп,оның кілегей қабықшасының эпителийін зақымдайды, ұрық ұлпалары жатыр қабырғасының дәнекер ұлпасымен қатынасқа түседі. Сөйтіп, ұрық хорионының бүрлері жатыр қан арнасына жақын орналасады, бірақ та ұрық ана организмімен тығыз байланыспайды. Туудан кейін жатыр қабырғасында эпителиінен айырылған участоктер қалады. Регенерация тез жүріп қалпына келеді.
Эндотелийхориондық немесе вазахориондық планцета жыртқыштарға тән. Планцетаның бұл түрінде жатыр эпителийінің кілегей қабықшасы ғана емес, оның астындағы дәнекер ұлпасы да зақымдалады: хорион бүрлерінің трофобластысы тамырлардың эндотелийімен тікелей байланысады, хорион бүрлерін жатыр тамырындағы қан ағысынан эндотелийлік жасушалардың жұқа қабаты бөліп тұрады. Туу кезінде жатырдың кілегей қабықшасы ұлпаларының бөлігі ыдырап аздаған қан ағады, ал кілегей қабықшаның зақымдалған жері тез қалпына келеді. Гемахориондық (грекше haima – қан) планцета кейбір насеком жеушілерге, жарқанаттарға, кемірушілерге, маймылдарға және адамға тән. Планцетаның бұл типінде хорион жатыр кілегей қабықшасының эпителийі мен дәнекер ұлпасын ыдыратып қоймайды. Сонымен бірге оның тамырын да зақымдайды, трофобласт ана қанына батып тұрады. Туу кезінде қан көп ағады, жатыр эпителийінің кілегей қабықшасы бөлініп түседі. Регенерация процесі ұзаққа созылады.
Плацентаның атқаратын қызметтері:
1. Аналық организм мен ұрық арасындағы газ алмасу қызметі. Газ алмасу процесіне аралық фермент ретінде трансферин қатысады. Ол О молекуласын аналық қанның гемоглобинінен ұрық қанының гемоглобиніне тасымалдайды.
2. Қоректік қызметі. Инплантациядан кейінгі дамудың алғашқы сатысында хорион бүрлері жатырдың шырышты қабатын бұзып клеткалардағы заттарды сорып алу арқылы қоректенеді. Бұны біз гистотрофика деп атаймыз. Гистотрофика көп ұзамай гемотрофикаға айналады. Сонда ұрық қоректік заттарды анасының қанынан сорып алатын болады.
3. Усыздандыру қызметі. Плацента ферменттер қызметінің арқасында улы заттарды ыдыратады. Кейбір жағдайларда токсиндерді анасының қанына шығарады. Плацента ұрықты түрлі инфекциялардан сақтайды, яғни оның қабырғасы арқылы бактериялар, саңырауқұлақтар, ісік клеткалар өтпейді.
4. Гормон түзу қызметі. Хорион өзінше күшті эндокринді бездердің қызметін атқарады. Хорион көптеген гормондарды түзеді: соматотропин, гонадотропин, адренокортикотропты және т.б. Плацента жүктіліктің соңғы кезеңін реттейтін гормондардың негізгі көзі болып табылады.
Ювенилдік кезең метаморфоз аяқталғаннан бастап жыныстық жетілуге дейінгі жасқа сәйкес келеді. Тікелей дамитын жануарларда ювенилдік кезеңнің басы болып жұмыртқадан жарыққа шығу немесе туылу саналады. Жарыққа шығу немесе туылу кезінде әр түрлі жануарлардың ұрпақтары жетілу дәрежесі бойынша өзара айырмашылықтары бірталай болуы мүмкін. Мысалы, қалталы сүтқоректілер жетілмей туылады да, олардың жетілуі ана құрсағының тері қатпарында өтеді. Керісінше, кейбір тірі туылатын Embiotocidae тұқымдасы балықтарының еркектері жынысы жетіліп туылады, яғни онтогенезде ювенилдік дәуір жоғалады. Жаңа туғандардың, морфофизиологиялық жетілмеген жағдайда, кейбір авторлар көзі ашылған сәтті ювенильдік дәуірдің басы деп санауды ұсынады (Шмидт, 1968). Ювенилдік кезеңнің ұзақтығы жануарлар арасында әр түрлі болып келеді. Мысалы, кейбір дала тышқандарының ұрғашысының жыныстық жетілуі 13-18 күнге созылады. Анағұрлым кеш жетілетін омыртқалылардың жыныстық жетілуі 18-22 жаста келеді. Ювенилдік кезеңнің аяқталуы жыныстық жетілуінің толуымен, көбею басталуымен айқындалады.
Көбею кезеңі. Бұл кезеңнің ұзақығы мен ерекшеліктері түрдің көбею биологиясымен байланысты. Көптеген жануарларда көбею кезеңі өліммен аяқталады. Осыған байланысты айта кету керек, жануарлар табиғи жағдайда омыртқалылар онтогенезінде белгіленген соңғы – қартаю дәуіріне дейін сирек жетеді. Адаптациялық мүмкіндіктер деңгейі қарт организмде төмендеп, ол денесін шыныққан қалпында ұстай алмайды, инфекциялық және жұқпалы емес ауруларға төтеп бере алмайды, қоректі жетіспеген және қатаң конкуренция жағдайында таба алмайды. Осыған байланысты, көбеюді тоқтатқан қарт жануарлар жабайы табиғатта тек ерекше жағдайда ғана немесе адам қамқаорлығы арқасында ғана өмір сүре алады (үй малдары, зоопарктегі жануарлар, т.б.). Жабайы табиғатта «шалдар» жоқтың қасы.
Әдетте, омыртқалылардың көбінде өмір ұзақтығы көбею ерекшеліктерімен байланысты, осыған орай барлық омыртқалыларды екі топқа бөлуге болады: 1) өмір бойы бір рет көбейетіндер; 2) қайта-қайта көбейетіндер. Біріншілерге дөңгелекауыздылар мен балықтар жатады, мысалы, өзеншік минога, еуропалық угорь, албырт балықтар. Осы түрлер өкілдері бір уылдырық шашқаннан кейін қырылады. Қайта-қайта көбейетін түрлерде ұрпақ санының үлкен маңызы бар. Әдетте, ол көп болса, түрдің өмір ұзақтығы қысқа болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет