Сурет 18 - Тауықтың тұқым жапырақшаларының кезекті даму сатылары
1- амнион қатпарлары; А- оның ішкі жағы; Б- сырты; В- төбесі; 2- тұқым денесі; 3- ішек; 4- сарыуыз жолы; 5- кіндік бауы; 6- аллантоис қуысы; 7- амниот қуысы; 8- тұқымнан тыс целом; 9- сір-амниот каналы; 10- сір қабықшасы; 11- амнион; 12- сарыуыз; 13- белок; 14- қоюланған белокты қоршап алатын қатпар.
Бір жағының амниоттық қатпары, ұрықтың үстінде екінші жағының амниоттық қатпарымен қосылады. Осы кезде эктодерма эктодермамен, мезодерма мезодермамен бірігеді. Осының нәтижесінде ұрықтың арқа бөлігі екі (ішкі және сыртқы) қабықшамен қапталады. Ішкі қабықшаны амнион деп атайды, ал сыртқы қабықшаны серозалық қабықша немесе сероза дейді. Амнион бастапқы кезде ұрық денесіне жабысып тұрады, кейін оның қуысы белоктық сұйыққа толып көлемі артады. Амниондық сұйық ұрықты механикалық зақымданулардан, соққыдан, кеуіп қалудан сақтайды. Сероздық қабықша эволюция процесінде екі маңызды функцияға ие болған: тыныс алу және трофикалық. Аллантоис артқы ішектің вентральдық қабырғасынан шұжық тәрізді өсінді ретінде пайда болады. Артқы ішектің эпителийі мен оны сырт жағынан жауып тұратын висцеральдық мезодермадан тұрады. Аллантоис өзінің тамырларымен бірге тыныс алу мен трофикалық функцияларға қатысады, бірақ та оның құстардағы негізгі функциясы ұрық қуығының рөлін атқару. Азоттық алмасу өнімдерін ұрық сыртқы ортаға шығармайды, аллантоиста жиналады. Эмбриондық дамудың соңында амнион, сероза және аллантоис жойылып кеуіп қалады, балапан жұмыртқадағы ауамен дем ала бастайды. Тұмсығымен скорлупаны тесіп сыртқа шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |