Жеке даму биологиясы


Сурет 14 – Ұрықтан тыс мүшелердің пайда болуы



бет23/39
Дата08.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#120113
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Байланысты:
Жеке даму биологиясы

Сурет 14 – Ұрықтан тыс мүшелердің пайда болуы

1 – амниондық көбікше; 1а – амнион қуысы; 2 – ұрық денесі; 3 – саруыз қабығы; ұрықтан тыс целом; 5 – біріншілік хорион бүрлері; 6 - екіншілік хорион бүрлері; 7 – аллонтоис жапырақшасы; 8 – үшіншілік хорион бүрлері; 9 – аллонтоис; 10 – кіндік бау; 11 – котиледондар.


ЛАНЦЕТНИКТЕР ЭМБРИОГЕНЕЗІ

Ланцетниктің дамуын тұңғыш рет зерттеп жазған орыстың ұлы ғалымы А.О.Ковалевский. Ланцетник жұмыртқаларын суға салады, ұрықтануы да суда жүреді, 4-5 күннен кейін личинка пайда болады. Жұмыртқасы гомолецитальды, сарыуызы өте аз, цитоплазмада біркелкі таралған. Жұмыртқа жасушасынна бір ғана сперматозоид енеді (моноспермия). Осыдан кейін жұмыртқаға артық спермотозоидтардың енуіне бөгет болатын сарыуыз қабықшасы пайда болады. Бөлшектенуі толық, біркелкі бөлшектену. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы (зигота) 2, 4, 8, 16, 32 т.б. болып геометриялық прогрессиямен көбейетін эмбриондық жасушалар – бластомерлерге, толықтай бөлшектенеді. Бластомерлердің көлемі бірдей болады, соның өзінде де вегетативтік жарты шардың жасушалары анимальдікке қарағанда ірірек келеді.


Зиготаны екі бластомерге бөлетін бірінші бөлшектену жылғасы меридиандық бағытта өтеді. Екінші жылғада меридиандық бағытта жүреді, бірақ та біріншіге перпендикуляр болады. Үшінші бөлшектену жылғасы ендік деп аталады, экватордан жоғарырақ өтеді, ол 4 бластомерді 8 жасушаға бөледі. Кейін меридиандық және ендік жылғалар кезектесіп жүріп отырады. Бластомерлердің саны көбейген сайын олар ұрықтың центрінен қашықтай береді. Ақырында ортасы қуыс, қабырғасы биіктігі бірдей жасушалардың бір қабатынан тұратын целобластула пайда болады. Бластуланың қуысын бластоцель, ал қабырғасын бластодерма деп атайды. Оның вегетативтік бөлігін бластуланың түбі, ал анимальдік бөлігін төбесі деп атайды. Түбі ірі жасушалардан тұрады. Бұл болашақ ішек энтодермасы. Төбесі болашақ эктодерманы түзетін ұсақ жасушалардан құралады. Осы екеуінің аралығында мезодерма дамитын жасушалар орналасады.
Энтодерма үстінде хорда дамитын жасушалардың бірнеше қатары жатады, ал хорда материалының үстінде болашақ нерв пластинкасының эктодермасы болып есептелетін жасушалар орналасады. Бластуланың қалған бөлігі жануардың жабыны дамитын жасушалардан тұрады. Жасушалардың бөлінуі бастапқы кезде синхронды яғни бір мезгілде жүретін болса бірте-бірте асинхронды болады, осының нәтижесінде бластомерлер санының көбеюіндегі геометриялық прогрессия бұзыла бастайды. Бластуланың пайда болуымен бөшектену кезеңі гаструлалану кезеңіне ауысады. Ланцетниктің гастулалануы жасушалар саны 1000-нан асқан кезде 10 рет бөлшектенгеннен кейін басталады. Ланцетникте гаструлалану инвагинация арқылы жүреді. Бластуланың барлық вегетативтік жарты шары ішіне қарай өтіп, ұрықтың ішкі ұрықтық жапырақшасына (алғашқы энтодермасына) айналады. Сөйтіп, нәтижесінде гаструла деп аталатын ішкі қуыс, қабырғасы жасушалардың екі қабатынан тұратын ұрық пайда болады.
Гаструланың қуысын гастроцель немесе алғашқы ішек, ал гастроцельді сыртқы ортамен жалғастыратын тесікті бластопор немесе алғашқы ауыз деп атайды. Оның жиегін ерін дейді, дорзальдық (үстіңгі), вентральдық (астыңғы) және латеральдық (бүйір) еріндерді ажыратады. Ланцетниктің гаструласында ішкі ұрықтық жапырақшадан тұратын алғашқы ішек немесе архентерон, тек қана ас қорыту жүйесінің бастамасы ғана емес, сонымен бірге личинканың басқа көптеген органдары мен ұлпаларының да бастамасы, яғни тұрақты ішекке сәйкес келмейді. Даму процесі жұмыртқа қабықшаларының ішінде жүретін болғандықтан ұрықтың жалпы көлемі үлкеймейді. Гаструляция кезеңінен кейін органдар мен ұлпалардың негізгі бастамаларының оқшаулану кезеңі басталады.
Ұрықтың сыртқы қабырғасын құрамы біркелкі емес эктодерма құрайды. Эктодерманың дорзальдық бөлігі биік цилиндр тәрізді жасушалардан тұрады. Бұл медуллалық немесе нерв пластинкасын құрайтын нерв жүйесінің бастамасы. Ұсақ жасушалардан тұратын эктодерманың қалған бөлігі жануар жабынының бастамасы.
Ішкі ұрықтық жапырақшада нерв пластинкасының астында хорданың бастамасы, ал оның екі жанында мезодерманың материалы орналасады. Сонымен, бластуланың сыртында болатын болашақ ішкі органдардың материалдары гаструлалану процесі кезінде ұрықтың ішіне ауысады. Нерв жүйесінің бастамасы ұрықтың үстіңгі бетінде қалғанмен гаструладан кейінгі кезеңде ұрықтың ішіне өтеді. Жота органдарының комплексі (біліктік органдардың) пайда болатын кезеңін нейрула деп атайды. Нерв пластинкасы майысып нерв науашасын түзіп эктодермадан бөлініп нерв түтікшесіне айналады. Нерв пластинкасы бөлінгеннен кейін эктодерманың қалған бөлігі тері эктодермасын құрайды да нерв пластинкасын қаптап өседі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет