Жеке карточка


ЖАСЫ – 2 АЙ АНАНЫҢ ЖАЗБАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет16/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

ЖАСЫ – 2 АЙ
АНАНЫҢ ЖАЗБАЛАРЫ


25
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕН КОНСУЛЬТАЦИЯ АЛЫҢЫЗ
Тек емшек емізудің артықшылықтары мен тәжірибесі
Ананың дұрыс тамақтануы
Жасына сәйкес психоәлеуметтік және моторлық дамуы
 (Анаға 
арналған жадынама)
Жасына сәйкес сылау және гимнастика
Д дәруменінің ерекше профилактикасы көрсеткіштері бойынша күнге 
жеткілікті деңгейде шығара отырып, күн сайын серуендеу (күніне 1-2 
рет) 
Бала ауырып қалған жағдайдағы мінез-құлық пен күтім жасау ережесі 
(қауіпті белгілері және қай уақытта көмекке жүгінуге болатыны, тамақ 
беру және сұйық ішкізу режимі).
Вакцина егу (вакцинаны уақытылы егу, екпеге болуы мүмкін реакция-
лар, ата-аналардың мінез-құлқы, екпелердің қандай инфекциялардан 
қорғайтыны)
Жарақаттану мен жазатайым жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіз 
орта және ата-аналардың мінез-құлқы.
Баланы дамыту мақсатында оған күтім жасауға әкені қатыстыру
3 айлығында дәрігердің қабылдауына шақыру
Көрсеткіштер бойынша бейінді мамандардың және зертханалық 
зерттеулердің консультациялары


26
БАЛАНЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Баланың 3-4 айлығында анасы балаға сүт жеткіліксіз деп санайтын кезең туа-
тын болғанымен, Сіздің енді баланы емізу мәселелерінде біршама тәжірибеңіз 
бар. Бұл сүт бездерімен байланысты – олардың көлемі енді өспейді. Сондықтан 
сүттің қажетті мөлшерде шығып жатқанына қарамастан, ана «емшектің июі» 
және «сүттің толып кетуі» секілді сезімді бірте-бірте жоғалтады. 
БАЛАҒА КҮТІМ ЖАСАУ
Балаңыз енді сергектік таныта бастады, сондықтан сәбимен қарым-қатынас 
жасауға көбірек көңіл бөліңіз: онымен әңгімелесіңіз, баланың іңгәлау немесе 
езу тарту түрінде қайтарған жауабын тосуға тырысыңыз. Сәби үшін дүниемен 
қарым-қатынас жасаудың негізгі түрі ойын болып табылады. Сәбимен ойнаудағы 
маңызды ерекшелік - кезектілік. Мысалы, бала бір дыбыс шығарса, біраздан соң 
анасы сәбиінің шығарған дыбысын қайталайды, ал сәби енді анасының дауы-
сын қайталайды. Сөйтіп, белсенді түрде еліктеу процесі жүреді, бұл - баланың 
дамуының маңызды кезеңдерінің бірі. Баламен қарым-қатынас жасаған кез-
де оның Сізді көріп жататындай байланыстың болғаны дұрыс. Көз алдына 
ойыншық қойып, оның ойыншыққа қол жеткізуіне мүмкіндік беріңіз. Серуендеп 
жүрген кезде, әсіресе егер ол арбада жатса, бала Сіздің жаныңызда екеніне көзін 
жеткізуі үшін онымен «әңгімелесіңіз».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет