Жеке карточка



Pdf көрінісі
бет21/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

33
ЖАСЫ - 4 АЙ
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ 
Етпетінен жатып, арқасына 
аударылады.
Баламен әңгімелесіп, 
қыдырыңыз.
Екпе күнтізбесін бақылаңыз
Бала ересек адамның 
көмегімен отыруға тырысады.
Бұл жастағы сәбилер өзінің 
дене мүшелерімен ойнайды.
Балаға қолымен немесе аяғымен итергенде сыл-
дырлап дыбысы шығатын сылдырмақ ойыншықтар 
беріңіз, сондай-ақ ол қолына ұстай алатындай не-
месе аузына салатындай сылдырмақтарды беріңіз.
Дәрігерге баруға тиіс (күн, уақыт): 
Дәрігерден сұрау керек: 
Екпе алу үшін бару керек (қашан, қайда): 


34
иӘ 
ЖОҚ
Балаңызбен сөйлескен кезіңізде ол езу тартып, күле ме 
немесе жекелеген дыбыстар шығара ма? 
Салмақ қосуы жақсы ма (салмақ диаграммасының 
қисығына белгілеңіз)? 
Шалқасынан етпетіне аударыла ма? 
Етпетінен жатып, басын көтерген кезде ол білегіне сүйене 
ме?
Өзінің қолдарына қарап, ойыншықтың барлық бағытқа 
қозғалысын көзімен бақылай ала ма? 
Сіз оны таза ауға шығарасыз ба?
Жоспарлы екпелерді жасаттыңыз ба? 
Бала күтімінде Сізге не нәрсе ерекше қиындық туғызады? 
Баланың өсуі мен дамуы бойынша жүргізген бақылауыңызды сипат-
тап жазыңыз, өз ойыңызша, баланы дәрігерге көрсетуді талап етеді деген 
жағдайларды және басқа да маңызды түсініктемелерді келтіріңіз. 
ЖАСЫ - 4 АЙ
АНАНЫҢ ЖАЗБАЛАРЫ


35
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕН КОНСУЛЬТАЦИЯ АЛЫҢЫЗ
Тек емшек емізудің артықшылықтары мен тәжірибесі
Ананың дұрыс тамақтануы
Жасына сәйкес психоәлеуметтік және моторлық дамуы (Анаға 
арналған жадынама)
Жасына сәйкес сылау және гимнастика
Д дәруменінің ерекше профилактикасы көрсеткіштері бойынша күнге 
жеткілікті деңгейде шығара отырып, күн сайын серуендеу (күніне 1-2 
рет) 
Бала ауырып қалған жағдайдағы мінез-құлық пен күтім жасау ережесі 
(қауіпті белгілері және қай уақытта көмекке жүгінуге болатыны, тамақ 
беру және сұйық ішкізу режимі).
Вакцина егу (вакцинаны уақытылы егу, екпеге болуы мүмкін реакция-
лар, ата-аналардың мінез-құлқы, екпелердің қандай инфекциялардан 
қорғайтыны)
Жарақаттану мен жазатайым жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіз 
орта және ата-аналардың мінез-құлқы.
Баланы дамыту мақсатында оған күтім жасауға әкені қатыстыру
5 айға толғанда дәрігердің қабылдауына шақыру
Көрсеткіштер бойынша бейінді мамандардың және зертханалық зерт-
теулер консультациялары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет