Жеке карточка



Pdf көрінісі
бет31/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

51
БАЛАНЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Бұл жаста бала отбасында дайындалатын тамақтың бәрін жейді. Ол енді тұтас 
жұмыртқаны жей алады, апельсин шырынын, табиғи сиыр сүтін немесе айран-
ды іше алады. Егер балаға қандай да бір тамақ ұнамаса, оны мәжбүрлемеңіз, 
шыдамдылық танытыңыз, біраз уақыттан кейін қайта беріп көріңіз. Балаға күніне 
5 рет тамақ беріңіз. Бала да ересектер секілді күніне 3 рет тамақ жейді – бұл негізгі 
тамақтану. Бір тамақтанғанда бала 17-20 ас қасық немесе 1,5 стақан (300 мл 
кем емес) тамақ жеуге тиіс. Балаға күніне 2 рет қосымша тамақ беріңіз. Қосымша 
тамақ ретінде сіз нанға май жағып беруіңізге; түрлі салмалары бар самсалар 
мен пирогтарды (көкөніс, жеміс, ет, сүзбе немесе оларды араластырып); жеміс 
және қаймақ араластырылған сүзбе; жаңа піскен жемістер; жаңа жұлынған 
немесе пісірілген көкөністерді ұсына аласыз. Бала отбасында әзірленетін 
тамақтардың барлығын дерлік жей алса да, ана сүті бұрынғысынша маңызды. 
Бір дастарханның басында отырып ас ішу мынадай негізгі қағидаттарды сақтай 
отырып, жүзеге асырылады: 
• Көкөністер ұсақ үккіштен өткізілген немесе ұсақ етіп туралған, ет майсыз, 
пісірілген, ұсақтап шабылған немесе еттартқыштан өткізілген, жемістер 
қабығынан аршылған, үккіштен өткізілген немесе жіңішке етіп туралған 
болуға тиіс; 
• 
Бала шашалып қалуы мүмкін азық-түліктерді
– жаңғақ, жүзім, сәбіз, 
жемістердің қабығы және т.б. – беруге болмайды. 
Емшек сүті осы жастағы баланың тамағындағы маңызды тағам болып табыла-
тынын есіңізден шығармаңыз. Бала қанша сұраса, сонша рет күндіз де, түнде де 
емшек беріңіз. 
Осы жастаға баланы тамақтандыру 
туралы 86 - беттегі БАЛАЛАР
-
ДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ тарауынан 
егжей-тегжейлі оқи аласыз.
БАЛАҒА КҮТІМ ЖАСАУ
Бұл жаста баланың бойына гигиена 
нормаларын сіңіруге, қауіпсіздікті 
сақтауға, оқу мен ойнау арқылы 
баланың дамуын ынталандыруға 
үлкен мән берілуге тиіс. Сондай-
ақ, оның сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуға көңіл бөлуді ұмытпаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет