45
2-ЖАТТЫҒУ. ТІК ҰСТАП ЖАЗЫЛҒАН АЯҚТАРДЫ
КӨТЕРУ (2—3 РЕТ).
БҚ: сондай. Баланың тік көтерілген аяқтарының
ұшына ашық түсті таяқшаны қойып, «жоғары-
жоғары» деп, оны
аяқтарын таяқшаға тигізуге
ұмтылдырыңыз. Мақсат — қарынның көк
еттерінің бұлшық еттерін қатайту және тынысты
тереңдету.
3-ЖАТТЫҒУ. ТҰРҒАН ҚАЛЫПТА ДЕНЕСІН ИІП, ТІКТЕУ (2— 3 РЕТ).
БҚ: бала
ересек адамға арқасын беріп
сүйеніп тұрады. Баланың аяғының астына іліп
алуға ыңғайлы ойыншықты қойыңыз. Сол
қолыңызбен баланың тізесінен ұстаңыз, ал оң
қолыңызбен
оны ішінен ұстап, балаға «ал-ал»
деп, иіліп ойыншықты алуға, одан соң қайтадан
тіктелуге ынталандырыңыз. Мақсат — арқа мен
іштің
бұлшық еттерін қатайту, бүкіл дененің
бұлшық еттерінің жұмысын үйлестіруді дамыту.
4-ЖАТТЫҒУ. ТҰРҒАН ҚАЛПЫНДА ДӨҢГЕЛЕКПЕН
ҚОЛДАРЫН БҮГІП, ЖАЗУ (6—8 РЕТ).
БҚ: бала ересек адамға бетін қаратып, ере-
сек адам бірге ұстап
тұрған дөңгелектен ұстап
тұрады. Баланың қолын иығынан немесе
шынтағынан кезек-кезек бүгіп, жазу қажет.
Мақсат — қолдары мен иық белдеуінің бұлшық
еттерін қатайту.
5-ЖАТТЫҒУ. БАЛАНЫ ДӨҢГЕЛЕКТЕРДІҢ
КӨМЕГІМЕН ТІЗЕРЛЕП ОТЫРҒЫЗУ (2—3 РЕТ).
БҚ: сондай.
Баланы екі қолы шынтағынан
бүгілген күйі ұстай отырып, оған «отыр, отыр»
деп, отырғызуға тырысыңыз. Мақсат — дененің,
қолдарының, аяқтарының және иық белдеуінің
бұлшық еттерін қатайту.