Сұрақтар мен тапсырмалардың құрылуына қойылатын талаптар.
1. Нақты құрылымы
2. Оқушылардың базалық білімін ескеру.
3. Ойлау қабілеттерін бағыттау (салыстыру, бақылау, пікірлесу, синтездеу және т.б.).
4. Сұраққа жауап іздеу, оқушыларды ойлауға жетелеп, ойға берілуге қызығуын туғызу.
5. Эмоциялық көрініс, қойылған сұраққа оқушылар дұрыс жауап бергенінше шектемеңіз. Оқушыдан толық жауап алғаннан кейін неге мұндай қорытындыға келгенін сұрау.
Дәстүрлі және дамытушы оқытуды салыстыру кестесі № 1 кесте
|
Дәстүрлі педагогика
|
Дамытушы педагогика
|
Мәні
|
Білім, ептілік, дағдыны меңгерту
|
Баланың өзін-өзі субъект ретінде сезінуі
|
Мақсаты
|
Білім, ептілік, дағдыны игерту
|
Әрбір оқушыға оқып тану үрдісінде өзгеретін субъектісі ретінде дамыта жасау, қасиет қабілеттерін дамыту
|
Дамытудың негізгі факторы
|
Білім, ептілік, дағдының дәрежелері
|
Соған қоса маңызды психикалық ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді
|
Мұғалімнің рөлі
|
Дайын білімді түсіндіруші, бақылаушы, бағалаушы, тәртіпті қадағалаушы, білім насихатшысы
|
Танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы,
ұжымдық істердің ұйтқысы
|
Педагогтың негізгі талабы
|
Мен сияқты істе
|
Ойлап істе
|
Педагог қызметі
|
Білім беру
|
Адам «өсіруші»
|
Әрекеттестік стилі
|
Авторитарлы
|
Демократиялы
|
Мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынастық стилі
|
Монологты (мұғалім жағынан)
|
Диалогты
|
Оқытудың басым әдісі
|
Мәліметтілік
|
Ізденісті-зерттеушілік
|
Сабақты ұйымдастыру формасы
|
Фронтальды-топтық
|
Жеке бастық, топтық
|
Мазмұнының негізі
|
Адамның кейбір саладағы іс-әрекеттерін құрастырудың жалпылама ұстанымдарына сүйеніп, анықталған мәселелерді шешудің дайын әдістері
|
Дамыту үрдісіндегі оқушылардың зерттеушілік әрекеттерін қалыптастыру ұстанымдарын анықтайтын ғылыми түсініктер
|
Әдіс-тәсілдері
|
Көрсету – түсіндіру – жаттықтыру – бақылау — бағалау
|
Оқу мақсаттарының қойылуы, зерттеушілік әрекет, табылған мәліметті дәлелдеу, шешімді тексеру
|
Әрекеттестік түрі
|
Басқарушы мен бағынушы
|
Іскерлік-серіктестік, ынтымақтастық
|
Әрекеттестіктегі қызметтер
|
Мұғалім — жетектеуші, оқушы — орындаушы
|
Қызметтер бөлінбейді, бірлесіп жұмыс жасау
|
Педагогтың материалды түсіндіруге кеткен уақытымен салыстырғандағы оқушының өзіндік жұмысының уақыты
|
Өте аз
|
Салыстырмалы
|
Оқушы позициясы
|
Қызығуы аз, пассивті
|
Қызығуы бар, белсенді, ынталы
|
Оқуға деген мотив
|
Эпизодты түрде
|
Әрқашан және мақсатты
|
№ 2 кесте
Педагогикалық үдерісінің компоненттері
|
Дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісі
|
Дамыта оқыту
|
Мақсат
|
Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру
|
Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту
|
Бастапқы мазмұн
|
Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер
|
Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту
|
Оқытудың формалары
|
Жеке, топтық, фронтальді
|
Бірлескен ұжымдық іс-әрекет
|
Оқыту әдістері
|
Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық
|
Проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау
|
Бақылау, бағалау
|
Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы
|
Өзін-өзі бақылау,
Өзін-өзі бағалау, рефлекция
|
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснама жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |