Қазіргі кезде барлық физикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері халықаралық жүйе бірліктеріндей және Мемлекеттік стандартқа сәйкес етіп бірдей өрнектеу қабылданған. Аналитикалық химияда жиі қолданылатын шамаларды төмендегідей белгілермен өрнектейді.
n(X) – зат мөлшері (моль)
m(X) – зат массасы (кг және мг, г, т қолданылады)
V(X) – зат немесе ерітіндіні көлемі (м3 және мл, л, см3, дм3 қолданылады)
М(Х) – заттың молярлық массасы ( г/моль)
Э (х) –заттың эквиваленттік факторы-ол қышқылдар, негіздер, тұздар үшін олардың негізділігіне, қышқылдығына немесе аниондар мен катиондардың зарядтарының санына, ал тотығу-тотықсыздану реакцияларында реакцияға қатысқан электрон сандарына тең.
W(X) – заттың массалық үлесі (% немесе үлес)
С(Х) – заттың молярлық концентрациясы, көбіне М-деп белгілейді ( моль/л, моль/дм3 қолданылады)
С(1/ЭХ) – немесе жиірек СЭ(Х) деп қолданылады – эквиваленттік молярлық концентрацияны көбіне нормалды концентрация деп атап немесе N әрпімен белгілейді (моль экв/л)
Т(Х) – заттың титрі (г/мл, г/см3)
МЭ(Х) – эквиваленттің молярлық массасы ( моль экв/л);
МЭ(Х)=1/Э(Х)М(Х)
Достарыңызбен бөлісу: |