Жексенбай н



бет52/135
Дата11.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#111125
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   135
Байланысты:
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Тәжірибелік бөлімі

Алдын-ала дайындық. Иодометрия әдісін тәжірибеде қолдану үшін қажетті бұйымдар: массаны өлшеу үшін кезекті таза фарфор тигелі, стандартты ерітінді дайындауға қажетті көлемі 250 мл өлшемді колба, сыйымдылығы 25 мл бюретка, ерітіндінің аликвотты бөлігін алуға керекті пипетка, титрлеу үшін қажетті асты тегіс (плоскодонная) колба, сыйымдылығы 25 мл цилиндр және жаңадан дайындалған крахмал ерітіндісі.

Натрий тиосульфатының титрленген жұмысшы ерітіндісін дайындау

Иодометрия әдісінің тәжірибеде қолданылуы, натрий тиосульфаты ерітіндісінің пайдалануымен байланысты. Натрий тиосульфаты қосылысы стандартты заттарға қойылатын талаптарды қанағаттандыра алмайды, сондықган оның белгіленген концентрациясы жуықтап дайындалады Сэ(Na2 S2О3) =0,02 моль/л. Осыдан кейін мұның дәл концентрациясы, басқа стандартты зат (К2Сr2О7) ерітіндісімен титрленіп анықталады. Ерітіндідегі дихромат (Сr2072-) ионы иодид (I) ионымен әрекеттескенде, бос күйіндегі иодтың эквивалентті мөлшері бөлініп шығады. Бөлінген бос күйіндегі иод натрий тиосульфаты ерітіндісімен титрленеді. Калий дихроматы ерітіндісінің дәл концентрациясын біле отырып, орын басу әдісін қолдану арқылы натрий тиосульфатының дәл концентрациясы анықталады.

Көлемі 250мл және концентрациясы Сэ2Сr2О7) = 0,02 моль/л калий дихроматының стандартты ерітіндісін дайындау.

Массаны есептеу. Концентрациясы және көлемі жоғарыдағыдай калий дихроматы ерітіндісін дайындау үшін мына формула қолданылады

m(К2Сr2O7) = Сэ2Сr207) Мэ2Сr2О7) V (ер-ді), мұндағы

m(К2Сr2О7) - стандартты заттың массасы (г).

Сэ2Сr207) - эквивалентті молярлық концентрациясы (моль/л)

Мэ2Сr2О7)-стандартты заттың эквивалентінің молярлық массасы (г моль).

V (ер-ді) - стандартты зат ерітіндісінің дайындалатын көлемі (л).

Калий дихроматы эквивалентінің молярлық массасын табу үшін, эквиваленттік санды анықтау қажет, яғни тотығу-тотықсыздану реакциясы кезінде қосып алған электрон санын білу керек. Оны білу үшін реакцияның электрондық балансын құрастырамыз. Себебі иодометриялық анықтау үшін керекті натрий тиосульфат ерітіндісі калий дихроматы ерітіндісімен стандартталады. Бұл жағдайда тотықсыздандырғыш ретінде калий иодиді ерітіндісі қолданылады. Әрекеттесу реакциясының ионды-электронды баланс теңдеуі:

Сr2О72-+2 2Сr3++I

Сr2О72-+14Н++6I- 2Cr3++7H2O 1

2I- + 2ē I 3

Сr2О72-+14Н++6I- 2Cr3++3I +7H2O молекулалық теңдеуі

K2Cr2О7+6КI+7H2SO4 Cr2(SO4)3+3I +4K2SO4+7H2O бұдан,

Мэ2Сr207)=1/6 М(К2Сr207), яғни эквиваленттік сан 6-ға тең (нәтижесінде дихромат ионы 6-электронды қосып алады).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет