Жексенбай н



бет76/135
Дата11.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#111125
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   135
Байланысты:
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Тәжірибелік бөлім

Алдын-ала дайындық Нефелометрді қыздыруға тоқ көзіне қосады. Жұмыс жасайтын натрий сульфатының ерітіндісін дайындайды, ол үшін 5,00 мл стандартты ерітіндіні (Т( ) = 0,2  10-3 г/мл) 100,00 мл өлшеуш колбаға ауыстырамыз да, белгісіне дейін дистилденген су құйып жақсылап араластырамыз. Пайда болған ерітіндінің титрі алынған ерітіндінің титрінен 20 есе кіші (Т( ) = 0,01  10-3 г/мл = 10  10-6 г/мл = 10 мкг/мл = 10 г/мл).

Осы стандартты ерітіндінің сериясына көлемі 50,0 мл 6-өлшеуіш колба дайындайды. Пипетка арқылы 0; 2,0; 4,0; 8. 0; 10,0; 12. 0 мл жұмыс жасайтын натрий сульфатының стандартты ерітінділерін өлшейді. Әрқайсысына 10,0 мл электролиттік ерітінді қосамыз және 20; 18; 16: 12; 10: 8 мл дистилденген су құйып, жақсылап араластырамыз. Содан кейін цилиндр арқылы тура өлшеп 10,0 мл әрқайсысына барий хлоридінің ((ВаСl2) = 100%) ерітіндісін қосып және колба белгісіне дейін дистилденген су құйып, жақсылап араластырып, 10 минөт лайлануға қоямыз.

Лаборанттан көлемі 100,0 мл өлшеуіш колбадағы құрамы белгісіз сульфат ионының ерітіндісін алып, белгісіне дейін дистилденген су құйып, жақсылап араластырады. Суспензия алу үшін көлемі 50,0 мл 3 өлшеуіш колбаға пипетка арқылы әрқайсысына 10,0 мл анализденетін ерітіндінің аликвотты бөлігін аламыз. Стандартты ерітіндіні дайындағандай барлық керекті реактивтерді қосып, колба белгісіне дейін дистилденген су құйып, жақсылап араластырамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет