Рефрактометрлік әдістің негізіне жарық сәулесінің бір ортадан келесі ортаға өткенде бағытының өзгеруі немесе сынуы жатады. Аналитикалық сигнал сыну көрсеткіші болып табылады, ол анализденетін заттың табиғатына, құрылысына, тығыздығына тәуелді. Бұл параметрлер мына теңдік арқылы бір-бірімен байланысады:
(34)
мұндағы, R – анықталатын заттың молярлық рефракциясы;
n – анықталатын заттың сыну көрсеткіші;
М – анықталатын заттың молярлық массасы;
= m/V – анықталатын заттың тығыздығы.
Сыну көрсеткіші дегеніміз түсу бұрышының синусының сыну бұрышы синусына қатынасы. Ортаның тығыздығы мен жарық сәулесінің бағытына байланысты екі жағдай белгілі:
I) (а) < (б)
|
ІI) (а) > (б)
|
Сурет 40 – Жарықтың сыну көрсеткіштері
Түсу бұрышы өскенде (II) сыну бұрышы 900 тең болатындай (Sin900=1) мезгіл келеді де жарық сәулесі ортаның жанасу шегі бойымен сынады. Бұндай түсу бұрышы толық ішкі бұрыш деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |