2.6.3. Темірді (III) гравиметриялық әдіспен анықтау. (аморфты тұнбалар)
Бұл жұмыс ерітіндідегі темір ионын Fe3+ аммоний гидроксидімен әрекеттестіріп темір гидроксиді Fe(OH)3 күйінде тұнбаға түсіріп, оны қақтау арқылы гравиметриялық (өлшену) формасын алып, массасын таразыға өлшеп құрамындағы темірді есептеуге негізделген.
Жұмыстың негізі болып саналатын реакциялар.
Fe3+ + 3NH4OH Fe(OH)3+ 3NH4+
2Fe(OH)3 Fe2O3 + 3H2O
мұндағы, Fe(OH)3 – тұнбаға тусу формасы
Fe3+ - талданатын зат құрамындағы темір ионы
Fe2O3 – гравиметриялық (өлшенетін) формасы
Темір(III) гидроксидінің Fe(OH)3 ерігіштік көбейтіндісі (ЕК = 3. 2∙10-38 ) өте аз болғандықтан, ол тұнбаға толық түседі. Темір гидроксиді ерітіндіде аморфты тұнба күйінде түседі, сондықтан ол ерітіндіге бөгде иондарды адсорбциялап тез ластанады және электролит қосылмаған жағдайда коллоидты ерітінді күйде қалады яғни мұндай жағдайлар тұнбаны сүзуге кедергі жасайды. Аталған кедергілерді болдырмас үшін төмендегідей жағдайларды ескеру қажет.
Аморфты тұнбаларды ыстық, әрі концентрлі ерітінділерде түсіреді және адсорбциялық тепе – теңдік болу үшін яғни тұнбадағы бөгде иондар ерітіндіге өту үшін ерітіндіні араластыра отырып тұнба түсіргішті тез қосады.
Алғашқыда пайда болған коллоидты жақсы каогулянт қатысында (NH4NO3) жүргізеді.
Темірдің үш валентті тұздары гидролизденетіндіктен ерітіндіге алдын ала азот қышқылы қосылады. Қышқылды ортада гидролиз процессі жүрмейді.
Түскен тұнбаны ерітіндіде ұзақ уақыт қалдырмайды, қалған жағдайда тұнба бөгде иондарды адсорбциялап ластануы мүмкін.
Сондықтан тұнбаны бірден сүзіп бөліп алады.
Табиғи және өндірістік шикізаттардың құрамындағы темірді Fe3+ анықталған кезде, талдау процессіне көптеген катиондар (AI3+,Cr3+, Cu2+, Zn2+ ) және кейбір комплекс түзгіш заттар фторидтер, оксоқосылыстар кедергі жасайды. Сондықтан оларды алдын – ала бөліп тазартады.
Достарыңызбен бөлісу: |