І. Жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері Бүгінде бізге де əлем дамуының
бүкіл сын-қатерлерін көре білудің
маңызы зор.
Біріншіден, қазіргі жаһандық
дағдарыс жаппай қамту сипатына
ие. Іс жүзінде барлық əлемдік
рыноктар – қаржы, көмірсутегі,
мет а лдар, азық-түлік жəне
басқа да рыноктар тұрақсыз.
Біздің экспорттық өнімдерімізге
сұраныстың төмендеуінің негізгі
себебі де осында.
Екіншіден, əлемнің барлық эко-
номикаларында да экономикалық
өсімнің баяулауы байқалуда.
Бүгінде жаһандық ІЖӨ өсімінің
үнемі төмендеуі жөніндегі болжам-
дар ешкімді де таңқалдырмайды.
2011 жылдың күзінен бастап
Ха лықара лық ва лют а қоры
оларды 5-тен 3 пайызға дейін
төмендете отырып, болжамдық
көрсеткіштерді 6 рет қайта қарады.
Жəне, шамасы, бұл да шек емес
сияқты.
Үшіншіден, бүгінде мұнайдан
түсетін супертабыстар жоқ.
Төртіншіден, жаһандық экономи-
ка саяси факторлардың қысымын
сезінуде. Əлем тұрақсыз бола түсті.
Жетекші державалар бір-біріне
қарсы санкциялар енгізді. Олардың
арасындағы сенім күрт төмендеп
кетті. Таяу жəне Орта Шығыс,
Солтүстік жəне Орталық Африка
өңіріндегі тұрақсыздық пен дау-
жанжалдар кең ауқымды босқындар
ағынына апарып соқтырды. Əрбір
күн террорлық актілер мен ондаған
адамдардың қаза тапқандары ту-
ралы хабарлар жеткізуде. Бүгінде
халықаралық терроризм əлемге
елеулі қатер төндіріп тұр. Бұл
тəуелсіз мемлекеттердің ішкі
істеріне сыртқы күштердің ара-
ласуы жолымен мемлекеттіліктің
күйреуінің нəтижесі.
Əлемнің дамуы күштердің
ə л е м д і к ж ə н е ө ң і р л і к
орталықтарының арасындағы қатаң
бəсекелестік аясында жүретін
болады. Жаңа жаһандық өмір
шындығының сын-қатерлеріне біз
өзіміздің нақты мүмкіндіктеріміз
негізіндегі біртұтас іс-қимыл стра-
тегиясын қарсы қоюымыз керек.