Алакөл қорығы.
1998 жылы құрылған Алакөл қорығы Алматы облысындағы Алакөл ауданында қоныс алған. Қорық ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар қатарына енген. Ондағы Алакөл көлі республикамыздың аумағындағы әсем көлдердің бірі. Алакөл қорығындағы аралдар құстардың ұя салуына өте қолайлы болғандықтан, онда құстар топталып ұя салады. Сол себепті көбі қорықты «құс базарына» теңестіреді.
Қорыққа келген туристер Алакөл ойпаттарының көрікті жерлерімен танысып, демалып және әлемнің таза суларының бірі – Алакөл көлінде шомылып, таңғажайып құс әлемімен таныса алады. Тентек көлдің атырауына автокөлікпен барып, Қарамойын көліне қайықпен сапар шегіп, ол жерде су астында жүзетін және су бетіндегі құстарды көруге, Сасықкөл өзенінің бойымен автокөлікпен жүруге, Аралтөбе аралына су жолымен саяхаттауға болады.
Қаратау қорығы.
Мойынқұм шөлдерімен және Бетбақдала өңірімен шектесетін Қаратау қорығы 2004 жылы аймақтағы эндемикалық өсімдіктерді сақтап қалу мақсатында құрылды. Қаратау қорығы ерте заманнан адамдардың өмір сүруіне өте қолайлы жер саналған. Оған қорықтары көне тарихи-мәдени ескерткіштер дәлел. Өзге қорықтардағыдай Қаратау қорығы да жануарлар мен құстарға, алуан түрлі өсімдіктер өте бай. Қорықтың табиғаты бойынша әңгіме бір бөлек деуге болады.
Шағын жинақты бастауыш мектептің тарихы мен қазіргі жайы.
Шағын жинақты мектеп дегеніміз – тұрғындардың саны аз аймақтарда жұмыс істейтіндіктен, оқушыларының саны аз, біріктірілген сыныптардан, толық емес сыныптардан тұратын, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар жалпы білім беру мекемесі. Қазіргі таңда шағын жинақты мектеп:
- біріктірілген сыныптармен;
- біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды.
Жастарға жалпы орта білім беруді жүзеге асыруда негізгі және орта мектептермен қатар, бастауыш мектептердің, оның ішінде шағын комплектілі мектептердің атқаратын ролі орасан зор.
Жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан пайда болған құбылыс емес. Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой жасаған оқыту методикасында жатыр. Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсариннің есімімен байланысты. Содан бері қанша уақыт өтсе де шағын жинақты мектептер өмір сүруде.
Шағын жинақты мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі.
Республикамыздың экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде Қазақстанда 75-80% шағын комплектілі мектептер бар.
Шағын жинақталған мектептердің проблемасы мен қиыншылықтары көп. Әсіресе, бастауыш және негізгі мектептердің жағдайы төмен. Материалдық-техникалық базасы нашар. Арнайы жабдықталған пәндік кабинеттер, зертханалар жоқ, зертханалық тәжірибелер жасалынбайды. Көрнекі құралдар ескірген. Интернет желісі қосылмаған. Кітап қоры аз. Кадр тапшы және шағын жинақталған мектеп үшін арнайы маман жоқ (қос пәндік, химия-биология, физика-математика т.б) Бір пәннің мұғалімі бірнеше пәннен сабақ береді. Мұның үстіне, бала саны аз болғандықтан сыныптар топтастырылып сабақ өтетіндігін ескерсек, оқушының бағдарламаны толық игеріп, жан-жақты білім алуы қиындық туғызып отыр.
Солай бола тұрса да шағын жинақталған мектептің ауыл жағдайына прогрессивті рөлі бар:
- мектеп – ауылдағы мәдени орталық;
- жастардың ауылда тұрақтануына әсер етеді;
- ауылдың рухани мәдениетін көтереді (кеш, кездесу, т.б)
- мұғалім ата-аналармен етене жақын жұмыс істейді, себебі, бәрін таниды.
Достарыңызбен бөлісу: |