ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР • АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕР • АТМОСФЕРАНЫҢ ӨЗГЕРУІ
6
С16. Теңіз деңгейінің көтерілуі қай жағдайларда қиындық тудыруы мүмкін?
Әлем бойынша барлық төмен орналасқан аймақтарға үлкен қауіп төніп тұр, әсіресе өзен сағасына, өзен
жағалауларына және көптеген төмен орналасқан аралдарға. Теңіз деңгейінің
жоғарылауынан Лондон,
Амстердам, Токио және Рио-де-Жанейро секілді қалаларға да қауіп төнеді. Қазірдің өзінде Мальдив және
Тувалу секілді аралдар теңіз деңгейінің жоғарылау мәселелерімен күресуде. Олар адамдарды аралдан көшіру
секілді қарапайым шаралар немесе теңіз қорғанысын салу сияқты қатаң шаралар жүргізуде.
С17. Ғаламдық жылынудың қандай артықшылықтары бар?
Әлемнің кейбір бөліктерінде өсу кезеңінің ұзақ уақытқа созылуы ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін
арттыруға мүмкіндік береді. Суық ауа райы әсерінен болатын өлім саны азаяды. Мұздықтардың және мұхиттың
еруінен Гренландия жағалаулары және Солтүстік Мұзды мұхитының түбі секілді қол
жетімсіз жер ресурстарын
қолдануға мүмкіндік туады. Дегенмен, бұл жағдайда да ластану қаупі бар.
• Не себепті ғаламдық жылыну мәселесінің қауіпті екенін дәлелдеу қиын?
Киото хаттамасы – ғаламдық жылынумен күресуге бағытталған
халықаралық келісімшарт. Ғаламдық жылыну мәселесін шешу
қиындық
тудырып келді, себебі бұл толық зерттелмеген мәселе
болып саналады, “климат скептиктерінің” ойынша, біз бастан
өткерген ғаламдық жылыну
мұхиттың және атмосфераның
қалыпты табиғи өзгерісі болып табылады. Оның үстіне парниктік
газдардың шығарылуын азайту қиын, себебі арзан және көп
энергия беретін қазбалы отын баламасы өте аз.
Көптеген елдер
дамып жатқандықтан, өсіп жатқан халық санын энергиямен
қамтамасыз етіп, халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту
қажет. Мемлекеттер арасында парниктік
газдардың қалдықтары
қаншалықты қысқартылуы керек жөнінде және қажетті өзгерістер
үшін төлемақы төлеу жайында келіспеушіліктер туындап жатыр.
Ғаламдық жылынуды тоқтату немесе соған қарай ыңғайлану
тиімді болатындығы, не тиімді болмайтындығы
жайлы көптеген
пікірталастар бар.
Достарыңызбен бөлісу: