Жер туралы ғылымдар • ауа райы • жел 1 1-бөлім: Жел қалай пайда болады?



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата11.12.2021
өлшемі1,19 Mb.
#99251
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
kktwig-zhel

Қосымша сұрақтар

Барометр.

C1. Атмосфералық қысым қандай құралмен өлшенеді?

Атмосфераның төменгі қабаты тропосфера деп аталады, оның биіктігі шамамен 10 км. Ал оның үстіндегі қабат 

стратосфера деп аталады.

C2. Атмосфераның төменгі қабаты қалай аталады?



Атмосфералық қысымды барометрмен 

өлшеуге болады

Атмосфералық қысым биіктікке байланысты өзгереді: біз 

биіктеген сайын төбеміздегі атмосфера азая түседі, сондықтан 

қысым да төмендейді, ал төмендеген сайын атмосфера көбейіп, 

қысым арта түседі. 

Сонымен қатар, атмосфералық қысым ауаның атмосфера 

бойынша жоғарылауына немесе төмендеуіне байланысты 

өзгереді. Жалпы айтқанда, жер беті қызғанда, ауа жылынып, 

жоғарыға көтеріледі. Егер ауа көтерілсе, жоғарыдағы ауа 

бағанының салмағы аз, сондықтан ауа қысымы да төмен болады. 

Атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы ауа қайтадан жер бетіне 

түскенде қысым жоғарылайды.

Жоғары және төмен қысымды аймақтар, негізінен, белгілі 

бір ендіктермен және жер бетінің құрлық не теңіз болуына 

байланысты. Екі жердің арасындағы атмосфералық қысым 

айырмашылығы үлкен болған сайын, сол аралықтағы жел де 

күшті бола түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет